Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарлы оқыту тұжырымдамасы - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Статьи » Мои статьи

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарлы оқыту тұжырымдамасы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы бағдарлы оқытудың

Т Ұ Ж Ы Р Ы М Д А М А С Ы

Қазақстан Республикасындағы жаңа формациядағы педагогты үздіксіз (тоқтаусыз) қалыптастыру тұжырымдамасы білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа моделі жағдайындағы мұғалімдердің мақсаттарын, міндеттерін, қызметінің құрылымдық – мазмұндық моделін, бағытын  анықтайтын стратегиялық құжат болып табылады.

Бұл құжат Қазақстан Республикасындағы білім беру аясындағы өлшемді-құқықтық база, Қазақстан Респуликасының "Білім туралы” заңы, Қазақстан Республикасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы,  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа жолдауы негізінде, сонымен бірге техникалық және кәсіптік білім беру Конвенциясының, жоғарғы білім беру туралы дүниежүзілік конференция Декларациясының, Болоньедегі Еуропа мемлекеттері білім беру министрлерінің Кеңесінің, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес жасалған.

Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі - бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға -  шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болу талаптары бірінші кезекте тұрады.

Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рольді мектеп атқарады. Нақты осы жерде бала жан-жақты дамитын, өз сезімі мен ойын ашық жеткізуге үйренетін, адам бойында табиғат берген шығармашылық қабілетін жүзеге асыра алатын, балаға қажетті психологиялық тұрғыдағы  институттың қалыптасуы маңызды.

Тұжырымдаманың мақсаты – бағдарлы оқытудың стратегиясы мен жолдарын анықтау.

Міндеттері:

¨       Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім берудің нақты жағдайын анықтау;

¨       бағдарлы оқытуды енгізудің  әлемдегі  белгілі тәжірибелерін зерделеу;

¨       Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму деңгейіне әсер ететін факторларды айқындау;

¨       бағдарлы оқытудың құрылымын негіздеу;

¨       жаратылыстану-математикалық бағыттың мазмұныны анықтау;

¨       Тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижені  анықтау.

Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім берудің қазіргі жағдайы

Қазақстан мектептеріндегі білім беру жүйесі күрделі жағдайда. Оқушылардың жүктемесі  шамадан тыс артып, олардың мектеп   ұсынатын білім беру мазмұнынан қашқақтауы өсіп, білім берудің сапасы төмендеп келеді.

Сонымен қатар, соңғы жылдары қазақстандық білім беру жүйесі негізінен оқушыларға білім ,білік және дағдының белгілі бір мөлшерін меңгеруді ұсынады да, оқу-тәрбие үдерісі баланың жеке қасиеттерін есепке алмастан құрылымдалады. Бүгін қазақстандық мектептің алдында, әлемдік білім беру кеңістігіндегі секілді, зерттеулер мен жаңалықтар ашудың "алтын ғасырына” енуі үшін білім беруге жаңа көзқарасты қалыптастыру; ойлау, оқыту , жұмыс істеу , шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын қайта қарау  міндеті тұр.

Мектептегі білім берудің оңалмауының маңызды себебінің бірі – бұл жекеге білім беру мен жалпыға білім беру арасындағы  сәйкессіздікте  жатыр.

Бағдарлы оқытудың шетелдік тәжірибесі

Білім беруді реформалау қазір әлемнің көптеген дамыған елдерінде жүріп жатыр. Және онда ерекше орын бағдарлы оқыту мәселесіне берілген.

Шетелдік тәжірибені саралау жоғарғы сатыдағы оқуды ұйымдастырудың жалпы сипатын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.

1.      Дамыған елдердің барлығында жоғарғы сатыдағы жалпы білім беру – бағдарлы оқыту.

2.      Бағдарлы оқыту соңғы 2-3 жылды қамтиды.

3.      Бағдарлы оқытуды ұйымдастыру оқушының жеке оқу жоспарының жасақталу түрі бойынша бөлінеді. Мектеп оқушылары 15-25 оқу курстарын таңдауы қажет.

4.      Жоғарғы сатыдағы міндетті оқу пәндерінің саны негізгі сатыдағыдан анағұрлым аз. Олардың арасында жаратылыстану ғылымы, шетел тілі, математика, ана тілі, дене тәрбиесі  міндетті түрде көрініс тапқан.

5.      Былайша айтқанда, жоғарғы бағдарлы мектеп дербес білім беру мекемесі ретінде ерекшеленген.

Білім беру деңгейіне әсер етуші факторлар.

1.      Мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарттарын  құрылымдау мен оның мазмұнын іріктеудегі  ескірген көзқарастар.

2.      Пәндерді оқытудың әдістері мен технологиялары әлеуметтенуге әсер етпейді.

3.      Оқушының жеке тұлғасына бағытталғанлық пен құзырлықтың жоқтығы.

4.      Мамандық таңдауға бағытталған ынтаның жоқтығы.

5.      Тек білім, білік, дағдыны игеруге бағытталған таза формальді әрекет.

6.      Мектептегі тәрбие беру үдерісі формальді түрде, қолданбалы сипатта өтетіндігі.

7.      Бағдарлы оқыту мәселесі негізінен жалпы білім пәндерін тереңдетіп оқыту арқылы шешіледі.

8.      Білім беру ортасының оқушылардың денсаулығына жағымсыз әсері.

Бағдарлы оқытудың құрылымы мен мазмұны

12 жылдық мектеп құрылымы

12 жылдық мектепке көшу мүмкін болған кезде оның құрылымы, былайша айтқанда мектептік білім беру кезеңдерінің (сатыларының) жағымдылығы туралы сұрақ туындайды.

Бүгінгі таңда бастауыш мектепті  реформалаудың негізгі бағыты балғын оқушыларға білім берудің басым бағыттарын өзгерту болып отыр. Онда бірінші кезекте олардың жеке тұлғасын дамыту мақсаты тұр. Мектептер бұрынғы құрылым аясында, дамыта оқыту теориясын негізге ала отырып,  осы мақсатқа жету жолдарын іздей бастады. Алайда 3 жыл ішінде оқушыларға артық жүктеме бермей, олардың денсаулығына залал келтірмей бұл міндеттерді шешу мүмкін емес еді. Өзге де жағымсыз жағдайлар туындайды: оқуға деген ынтаның жоғалуы, мектепке деген теріс пиғыл, т.б. Бастауыш мектептің күрделі бағдарламасын сапалы меңгеру қиындайды да, 5-6 сыныпта үлгірім   күрт төмендейді. 

Қорыта айтқанда, дамыта оқытудың озық идеясы оны жүзеге дұрыс асырмау салдарынан жоққа шығып отыр.

Соңғы жылдардың демократиялық өзгерістерін дұрыс түсінбеу бұл жағдайды ушықтырып жіберді: бастауыш сыныптарда негізделмеген жаңа пәндерді ендіру,  апталық жүктемені көбейту, оқытуға негізгі және орта мектептердің пән мұғалімдерінің тартылуы оқытудың табиғи сабақтастық принциптерін өрескел бұзуға әкеліп соқты.

Жүргізілген зерттеулер, мектептердің жұмыс тәжірибесі жақын болашақта бастауыш мектептердегі оқыту мерзімі  қысқартылмай, қайта бастапқы сыныптағы жас шамасы төмендеген кезде барлық дамыған елдердегідей  ұзартылатындығын көрсетіп отыр. Мысалы, Фпанция мен Италияда -5 жыл, АҚШ, Бельгия, Канада, Дания, Швеция және көптеген елдерде – 6 жыл.

Бастапқы сатыдағы оқу мерзімінің өзгеруі мектептің екінші сатысындағы білім беру мазмұнына да әсер етеді.  

Қазақстан жағдайында жалпы білім берудің  оңтайлы әрі тиімді құрылымы 5+5+2 болып табылады.

Оқушыны әр жас сатысы кезеңіндегі оқыту, тәрбиелеу мен дамыту  мақсаттары мен балалардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері арасындағы  байланысын жалпы орта білім берудің ұйымдық құрылымы қамтамасыз етуі керек.

Адамның ғылыми негізделген төмендегідей кезеңдері бар:

-       балғындық кезең   6-10 жас;

-       жасөспірімдік кезең   11-16 жас;

-       бозбалалық кезең    17-18 жас.

Жалпы орта білім берудің ұсынылып отырған 5+5+2 құрылымы аталған кезеңдерге толығымен сәйкес келеді.  

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады. 

1 саты – жалпы бастапқы  білім беру  (1-5 сынып – бастауыш мектеп).

2 саты – жалпы негізгі білім беру  (6-10 сынып – негізгі мектеп).

3 саты – жалпы орта білім беру  (11-12 сынып – жоғарғы мекетеп).

1 саты – жалпы бастапқы  білім беру  (1-5 сынып – бастауыш мектеп)

Бастауыш мектептегі оқыту мерзімі 5 жыл. Бастауыш мектеп жалпы бастапқы білім беруді қамтамасыз етеді.

Бастауыш мектепке балалар 6 жастан бастап қабылданады. Алтыжасарлық кезең – бұл баланың ой қабілеті мен әлеуметтік дайындығының ең қолайлы (сензитивті) кезеңі. Осы бейімділікті пайдаланып, оны жүзеге асыру қажет. Олай болмаған жағдайда сәби бойындағы туа бітті қабілет толық ашылмауы мүмкін.

Бастауыш мектептің басты мақсаты – сәбидің жеке тұлғасының қалыптасуын қамтамасыз ету, оқуға деген ынтасы мен ұмтылысын сомдау, оқу, жазу, еептеу дағдыларын, қарым-қатынас жасау мен қызметтесу тәжірибесін бойына сіңіруге көмектесу.

Бастауыш мектеп өзін-өзі пайдаға жарату мен болмыс мәдениеті  дағдыларының элементтерін қалайды.

Сонымен бірге бұл сатыда баланың бейіні мен қабілетін ескере отырып, оқытуды дифференциациялау мен  жекеге бағыттау элементтері енгізіледі. Бұл курстарды (пәндерді)   таңдауы бойынша оқу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі) жүзеге асырылады.

2 саты – жалпы негізгі білім беру  (6-10 сынып – негізгі мектеп).

Негізгі мектептегі оқу мерзімі 5 жыл. Негізгі мектеп жалпы негізгі білім беруді қамтамасыз етеді. Жалпы негізгі білім - бұл жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім алудың базалық білімі болып табылады.

Оқушылардың бұл сатыдағы бейіні мен қабілетін дамыту, таңдауы бойынша оқыған  курстарын (пәндерін)  одан әрі ашу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі)  қамтамасыз етіледі. Бағдарлы 9-10 сыныптарда бағдарлы (таңдамалы) курстар енгізіледі.

Жасөспірімдік кезеңде тұлғаның әлеуметтік дамуы, құндылық өлшемдерінің қалыптасуы басталады. Жасөспірім өзінің алдына мәнді мақсаттар қоя алады, кәсіптік қызметтің әртүрлі саласына бойлауға алғашқы қадам жасап, кәсіптік талпыныстары оянады. 11 жылдық мектепте оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесі көрсеткендей, 15-16 жаста (бұл 12 жылдық мектептің 9-10 сыныбына дәл келеді) оқушылардың көпшілігінде болашақ қызмет аясына бет бұру басталады. Бұл жаста оқу әрекетінінің жетілген формасы негізінде тұлғаның өзін -өзі жүзеге асыру механизмі қалыптасады және жалпы теориялық ойлау тәсілі, ғылыми тану әдістерін игеруі басталып, кәсіптік және танымдық талпыныстары оянады және қызметтің әр түрлі саласына алғашқы бағдарлануы жүзеге  асады.

Сондықтан 12 жылдық мектептің 2 сатысында бағдарлы дифференциалды оқыту белсенді ендіріледі. Ол негізгі мектептің соңғы екі жылын (9-10 сыныпты) қамтиды және оқушыларды білім алуды колледждерде жалғастыруға дайындауды мақсат етеді.

  3 саты – жалпы орта білім беру  (11-12 сынып – жоғарғы мекетеп).

Жоғарғы мектептегі оқу мерзімі екі жыл. Жоғарғы мектеп, жоғарғы кәсіптік білім алуға базалық білім болатын  жалпы орта білім беруді қамтамасыз етеді.

16-18 жастағы оқушылар  тұтастай өмірге деген көзқарасын қалыптастыруы, өз болашағын жобалауы, өз мақсатына жету жолдарын айқындаулары мүмкін. Бұл жаста қоғамдық өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу, өзінің оқуын, кәсіби мүмкіндіктерін және әрі қарай білім алуы мен кәсіби айқындалуын нақты бағалай алатын қабілеті қалыптасады.

12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында оқу толығымен тереңдетілген бағдарлы дифференциациялану арқылы, оның ішінде оқушылардың жеке оқу бағдарламалары негізінде құрылады.  12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында да оқушылардың  бейіні мен қабілетін дамыту әртүрлі таңдауы бойынша   курстарды (пәндерді)  оқу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі)  қамтамасыз етіледі. Бағдарлы   сыныптарда бағдарлы (таңдамалы) курстар енгізіледі.

12 жылдық жалпы орта білім беру үздіксіз білім беру принципін сақтауға қолайлы жағдай жасайды, орта және жоғарғы кәсіптік білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Қоғам негізгі мектепті (міндетті) бітіргендердің басым көпшілігі толық орта мектептің (жалпыға ортақ, тегін) жоғарғы сыныбында оқуын жалғастыруға қызығушылық танытады. Қазіргі кездегі негізгі мектепті бітіргендердің 55-60% жоғарғы сыныптарға өтуінің көрсеткіші,  одан да жоғары көрсеткіштерге жетудің тірек нүктесі болуы керек. Нәтижесінде мақсат тек жоғарғы оқу орындарына түсуге қажетті аттестат алу ғана емес, сонымен бірге жас кәсіби қызметкерлердің білім сапасының деңгейіне деген талаптың артуында болуы қажет.

12 жылдық мектеп білім беру жүйесін жаңарта отырып, жинақталған тәжірибеге деген  сабақтастықты сақтайды.

Орта білім берудің кезеңдерін сипаттай келе, қарама-қайшылық туындататын біршама мәселелерді де есте ұстаған абзал. Жоғарғы сатыда білім берудің әмбебептығы мен оның мамандануының тиімді қабысу проблемасын шешеу  қажеттігі туындайды.

Жоғарғы сыныптарда дифференциациялау бағдарламасын жүзеге асырғанда қоғамда өздері туралы  жоғары  бедел қалыптастырған Мектептерге оқимын деп талапкерлерді іріктеу проблемасы туындауы мүмкін. Сондықтан, жалпыға бірдей білім алу  қолжетімділігіне кепілдік  беретін, бағдарлы оқытудан басқа, толыққанды орта білім беретін сыныптардың бір бөлігін сақтап қалу да қажет болар. Негізгі, орта және жоғарғы мектептер, өндірістер мен т.б. арасындағы сабақтастық проблемасы да өзекті болмақ.

Бағдарлы оқытудың негізгі бағыты -  бағдаралды даярлық болмақ.

 Оқу жоспарының инварианнтық бөлігінің бағдарлы курстары вариативтік бөліктің таңдамалы курстарымен біріге отырып жеке бағдарды құрады.

3 сатыдағы білім беру -  дифференциациялау, интеграциялау және білім беру мазмұнын бағдарлау негізінде жүргізіледі.

Оқушылар 3 сатыда оқу формалары мен тәсілдерін, жеке білім беру бағдарламаларын таңдай алады. Онда оқушының шығармашылық қызметі мен жеке қасиеттерін дамытуға жағдай туғызуға айрықша көңіл бөлінеді.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту, мазмұнның инварианттық өзегін құрайтын, бірақ мазмұнның көлемі мен тереңдігі және қолданбалы бағыты бойынша ерекшеленетін жүйеленген курстар аясында жүзеге асуы мүмкін. Түрлі бағдардағы сыныптардағы оқу-тәрбие мақсаттарының өзгешеліктері ескеріле отырып инварианттық өзек вариативтік бөлікпен толықтырылады.

Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей арнаулы курстар болуы ықтимал:

¨    шығармашылық ойлауды дамыту;

¨    өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;

¨    есептеу жүйесі;

¨    есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері);

¨    бөлінгіштік теориясы;

¨    ерекше нүктелер;

¨    көпшілдік;

¨    ойын теориясы;

¨    комбинаторика;

¨    қолданбалы экономика және т.б.

Айқындау курстарында бағдарлы оқытудың мазмұны мен әрекет ерекшеліктері айқын көрініс бергені дұрыс. Мысалы, химия-биологиялық немесе физикалық бағдарда оқушы осы бағдардың теориялық, практикалық және эксперименттік құрамдас бөліктерін меңгеруі қажет. Бұл жерде курстар экспериментальдық практикумдар, ізденіс зертханалары түрінде жүргізілгені тиімді. Мысалы, химиялық эксперимент.

Болашақ экономистерге төмендегідей курстарды ұсынуға болады:

¨       қазіргі кездегі банктық-қаржылық мекемелер  қызметінің  ерекшеліктері

¨       нарықтық экономика негіздері;

¨       бизнес негіздері;

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (21.03.2010)

Просмотров: 9253 | Рейтинг: 4.4/8 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz