Вариативті компоненттің оқу курстарын меңгерудегі күтілетін нәтижелер (интернеттен) - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Вариативті компоненттің оқу курстарын меңгерудегі күтілетін нәтижелер (интернеттен)

Вариативті компоненттің оқу курстарын меңгерудегі күтілетін нәтижелер тұрғысынан оқыту мақсаттары

 

2006/2007 оқу жылында мемлекеттік міндетті жалпы білім беру стандарттарына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде бағдарлы оқу енгізілді. Бұл орта білім беру жүйесіндегі тарихи оқиға, білім беру үрдісіндегі дәстүрлі қалыптан өзгеше болды, себебі мұнда барлық субъектілер :оқушы, мұғалім-пән мұғалімі, ата-ана, білім беру жүйесіндегі барлық деңгейдегі басқарушылар.

Бағдарлы оқытудың мақсат-міндеттері ҚР Білім және Ғылым Минстірлігінің нормативтік құқықтық құжаттарында, Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтының ғылыми және ғылыми-әдістемелік құжаттарында толық көрсетілген. 12 жылдық оқытуға көшу барысында бұл бағыттың екеу емес үшеу болатындығын ескерсек, мұның қанша маңызы бар екендігін түсінуге болатын сияқты.

Бағдар деген не, ол үшін біз жеткілікті деңгейде жұмыс істеп отырмыз ба?

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқушы не себепті техникалық бағытты таңдай алмайды?

Атынсарин таындағы ғылыми зерттеу институтының зерттеу нәтижесі бойынша мұғалімдер бағдарлама үшін қиналады, оның себебі неде?

Әлде әдістемелік көмек немесе кеңес керек пе ?

Бағдарламаны бекітудің екі түрлі жолы бар:

Бейімделген бағдарлама /адаптированная программа/

1. Түсініктеме хатының негізінде мектептегі мұғалімдердің бірлестігінде қаралады.

2. Әдістемелік бірлестіктердің ұсынысы бойынша педагогикалық кеңесте бекітіледі.

3. Қалалық әдістемелік кабинеттерге ұсынылады.

Екінші вариант-авторлық бағдарлама

-Түсініктеме хатының негізінде мұғалімдердің бірлестіктерінде қаралады.

-Әдістемелік бірлестіктің ұсынысы бойынша педагогикалық кеңесте бекітіледі.

-Педагогикалық кеңес ұсынысы бойынша қалалық әдістемелік кабинетке жіберіледі.

-Бағдарлама Білім жетілдіру институттарына пікір алуға жіберіледі.

-Оқу үрдісіне енгізіледі.

-Бағдарлама обылыстық қорға енгізіліп оқу үрдісіне енгізіледі.

 

Орта жалпы беретін мектептің жоғарғы сыныптарында бағдарлы оқытуды енгізуге байланысты оқыту іс-әрекетінің қолданбалы курстар және таңдау курстары сияқты түрлеріне ерекше назар аударыла бастады.

Оқу жоспарының вариативті компоненті ретіндегі қолданбалы курстар жоғарғы сыныптардағы бағдарлы оқытуды қамтамасыз етуі тиіс. Алайда оқыту тәжірибесінде олардың мектептің оқу жоспарындағы орны да, әдістемелік ерекшеліктері де, оларды жүзеге асыру технологиялары да енді ғана ой елегінен өткізіле бастады.

Бұл жағдаят мұғалімдердің қолданбалы курстармен жұмыс тәжірибесінің болмауымен ғана емес, қолданбалы курстар банкінің болмауыменде күрделене түседі, яғни мұғалімнің тек іс-әрекеттік үлгілері ғана емес, оқыту үлгілері де жеткіліксіз.

Қолданбалы курстар оқушы қатысуына міндетті, оқыту бағдарының құрамына кіретін және мектеп компоненті есебінен жүзеге асырылатын курстар, олар екі функцияны атқарады :негізгі бағдарлы пәндерді тереңдетіп оқуға және оқуды бағдар ішілік мамандыққа бағдарлауға себептеседі. Қолданбалы курстар негізінде ҰБТ-еу жүргізілмейді.

Таңдау курстары оқыту бағдары аясынан тыс, оқушы компоненті есебінен жүзеге асырылады. /жеке сабақтар, консультациялар/

Жалпы білім беретін бағдарлы пәндер мен қолданбалы курстардың әр-түрлі үйлесімі қандай да бір бағдарлы сыныптар үшін оқытуды ұйымдастыру үшін бағдарлаудың түрлі формасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қолданбалы курстар, бір жағынан, білімді тереңдету функциясын екінші жағынан оқушылардың әрі қарайғы оқуын жалғастыруға өзіндік бағдар болуы тиіс. Содықтан мұғалім өзінің іс-әрекетін көрсете білу жағына көңіл аударуға тиіс. Егер бүгінігі күнге дейін факультативтік курстардың академиялық атауы болса, ал, ендігі қолданбалы кустардың жарнамалық сипаты болуы орынды: ол оқушы үшін түсінікті, тартымды қызықты, болуы тиіс. Жалпы алғанда қолданбалы курстар ғылым жетістіктерінің мысалы алғанда, физика жетістіктерінің практикалық қолданысы туралы проблемаларымен, яғни «пән тұрғысына емес, практикалық пайдалылығы тұрғысынан» құрылған орынды болады.

Қолданбалы курстар бағдарлы курстарды терең игеру үшін оларға қосымша ретінде қалануы, көтеріңкі деңгейде, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асырылуы үшін құрылуы мүмкін.

Қолданбалы курстардың көмегімен бағдарлы пәндер бойынша тереңірек білім беру үшін материалды қарастыруға болады. Тереңдетілгн курстар бағдарлы курстың қандай да бір бөліміне тереңірек тоқталуға мүмкіндік береді. Алайда қолданбалы курстар бойынша өткізілетін сабақтар міндетті оқудағы үлгермеген материалды оқуға арналмауы қажет.

Қолданбалы курсты жүргізуге ниет білдірген мұғалімдерге оқулықтар мен әдістемеліктер ғана емес, қосымша әдебиеттер де қажет болады.

Қолданбалы курс бойынша жұмыс жоғарғы оқу орнындағы зерттеуге ұқсас, бірақ ол кішірек ауқымды қамтиды. Мұндай сабақтарды дәріс түрінде өткізудің мәні жоқ, әрбір оқушыға мұғалім оқушымен кеңесе отырып тапсырма береді, оның график бойынша орындалуын қадағалайды.

Бұл жағдай да мұғалім дәріскерден гөрі, сұхбаттасушыға, кеңес берушіге, ал сабақ талқылауға, пікір-сайысқа, тәжірибелік жұмыстарды өткізуге айналады.

Қолданбалы курстарды оқыту прцесі оқушының жалпы оқу біліктілігімен және дадағдыларымен қарулануына бағдарлануы тиіс, ал бұл оған оқуын жалғастыруға /экспериментті қою және көрсетілімдеу, қажет ақпаратты іздеу, пікір сайыс барысындағы сұрақтарға жауап беру. /көмек болады.

Сондықтан қолданбалы курстардың авторлары «Бұл қолданбалы курс несімен оқушыға пайдалы болады және оны қызықтыруы мүмкін бе?» деген сұрақтарға жауап іздеуі керек.

Қолданбалы курстарды оқыту әдістемесі оқушылардың ой еңбегі мен өз бетімен білім ала білу дағдысын дамытуы тиіс. Қолданбалы курстарды игеруі барысында оқушының әр-түрлі оқулықтарды, оқу құралдарын, практикумдарды, энциклопедияларды және т. б пайдалануына мүмкіндік туғызу қажет.

 

Қолданбалы курстардың келесі типтерін шартты түрде бөліп көрсетуге болады/пәндік / бағдарланған, пәнаралық, кәсіби бағдарланған/:

1. Пәндік қолданбалы курстар, оның мақсаты мектептің оқу жоспарына кіретін пәндер бойынша / мысалы, физика / білімді тексеру. /

11. Пәнаралық қолданбалы курстар, олардың мақсаты оқушылардың табиғат туралы білімдерін тереңдету.

Пәндік қолданбалы курстарды бірнеше топтарға бөлуге болады:

1. Көтеріңкі деңгейдегі қолданбалы курстар, бағдарлы курспен тақырыптық та, өткізілу уақтысы бойынша да келісілген пәнді тереңдетіп оқытуға мүмкіндік береді.

2. Қолданбалы арнайы курстарда пәннің жеке бөлімдері тереңдетіп оқытылады.

111. Кәсіби бағдарланған қоданбалы курстар, олардың мақсаты оқушылардың пән негіздерінен игерілген білімдерін тәжірибеде қолдана алудың маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыру. /таблица № 1/

Курсты оқыту мақсаттары мен міндеттерін курс не үшін оқытылады, білім беру процесі субьектілердің қандай қажеттіліктерін қанағаттандырады сияқты оқушыларға да, мұғалімге де түсінікті болатын терминдермен тұжырымдардан тұру керек. Оқу процесі алдыға қойылған мақсаттарға жетуді көздеуі тиіс.

Мақсаттарға сәйкес курстың міндеттері –мақсаттарға жету үшін ненің қажеттілігі, курсты оқу кезінде мұғалім мен оқушылардың нақты нені істелуі тұжырымдалады. Курс міндеттерінің жалпылыама интеграцияланған сипатта тұжырымдалғаны орынды болмақ. Бұл бір жағынан пән бойынша жоғарғы сынып оқушыларының білімін жүйелеуге, екінші жағынан игерген білімдерін сапалық жаңа деңгейге көтеруге, жаңа ақпарат алуға, жаңа біліктіліктіліктермен қарулануға, сәйкес білім саласында біліктілігін арттыруға себепші болады.

Қолданбалы курсты оқыту мақсаттары, біріншіден, жоғары сынып оқушыларын кәсіби бағдарлау, екіншіден, олардағы қалыптасқан білімдері мен түсініктерін әлемнің біртұтас жүйесінде интеграциялау, үшіншіден, базалық курстар мен қолданбалы курстар арасындағы сабақтастықты орнықтыру болып табылады. Бұл мақсаттардан, мысалы келесідей нақты міндеттер туындайды:

1/мұғалім үшін ұсынылатын арнайы курстың мазмұндық аяларын анықтау және нақты сыныпқа қатысты оқытудан күтілетін нәтижелерді анықтау;

2/оқушы үшін әр-түрлі ақпарат көздерінен арнайы мәліметтерді ала білу және оны жүйелей алу.

Педагогикалық жүйенің маңызды элементтерінің біріне жататын мақсаттардың айқын анықталмауы оқыту процесінің ретсіздігіне және мұғалімдердің оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудегі жауапсыздығына әкелуі мүмкін. Мақсаттың айқын қойылуы оқу-тәрбие процесінің оңтайлы технологиясын таңдап алуға мүмкіндік береді. Сопдықтан мақсат қою проблемасы оқушыларда білім беруде алдыңғы орынға шығады.

Осы мақсаттарға сәйкес қолданбалы курстар келесі талаптарға жауап беруге

тиіс деп есептейміз:

-әлеуметтік және жеке тұлғалық мәнінің болуы, кәсіби кадрларды дайындау тұрғысынан, сондай-ақ, оқушының жеке тұлғасын дамытудағы өзектілігі ;

- оқушының әлеуметтенуіне және түрлі жағдаяттарға бейімделуіне мүмкіндік туғызуы, жеке білім траекториясын таңдауға, саналы түрде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беруі;

-оқушыларды теориялық тұрғыдан негізделген оқыту барысында сәйкес практикалық іс-әрекетке тарту;

-базалық және бағдарлы жалпы білім беретін пәндерді қолдауы;

-сондай-ақ оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін жағдай жасауы;

-оқытуды ұйымдастырудың оқушы мен мұғалімнің білімге қажеттілігіне, оқушылардың болашақ кәсіби іс-әрекеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдеріне сүйенуі;

-дамытушылық әлеуетінің болуы, әлемнің бір тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік беруі;

 

2. Бағдарлы оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес қолданбалы курстар мынадай әртүрлі функцияларды орындай алады :

-қазіргі кездегі түйінді проблемаларды зерделеу;

-болашақ кәсіби іс-әрекеттердің ерекшеліктеріне бағдарлау;

-танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке бағдарлау;

-базалық пәндік білімді толықтыру;

-бағдарлы пәндерді оқытудағы кемшілікті жою;

Көрсетілген функциялардың әрқайсысының орны ерекше болғанымен, тұтас алғанда олар кешенді түрде орындалуы тиіс;

 

3. Оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұнын таңдап алуда басшылыққа алынатын принциптерді анықтау.

Бұдан мектептің жоғарғы сатысының вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алу пәнаралық кіріктіру, жүйелілік, тұтастық, аяқталғандық, модульдік принциптермен қатар, үш таған деп айтуға болатын мынадай маңызды принциптерге негізделуі қажет екені шығады:

1. Қолданбалы сипатта болуы

2. МЖМБС -қа сәйкес болуы

3. Мамандыққа бағдарлануы

Курстың қолданбалы сипатта болуы. Мұнда теориялық және практикалық сабақтардың, сондай-ақ оқушылардың өздік жұмыстарының : негізгі білімдер /фактілер, ұғымдар, идеялар, принциптер /біліктіліктер мен дағдылар, әдістер мен іс-әрекеттер түрлері, оларды меңгеру тәжірибесінің негізгі мәні неде екеніне ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарлама оқушылардың алған білімдерін практикада әртүрлі мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін қалыптастыратындай болуы тиісті. Өйткені, ол оқу пәндерінде енбеген жаңа білім жүйесін игеруді, өзбетінше жұмыс істеуге қажетті біліктілік пен дағдыны, құлықтық көзқарастарды қалыптастыруды, оқу және еңбек қызметі мен қоғамдық қызметке ынта тудыруды қамтамасыз етеіндей мазмұнын көздейді.

Бағдарлама 2002 жылы бекітілген Қазақстан Республикасы орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік беруі тиіс. Оның үстіне, қолданбалы курстардың мазмұнына оқу жоспарындағы базалық пәндер мен бағдарлы пәндерде қамтылмай қалған, оқушылар үшін мүлдем жаңа әрі болашақта таңдайтын мамандығы үшін қажетті материалдар таңдалып алынуы керек.

Маандыққа бағдарлауы. Мұнда мазмұн оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыруға және бағдарлы біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға қалай мүмкіндік береді, қалыптастыртын біліктіліктер мен дағдылар қандай мамандықтар үшін пайдалы, қолданбалы курстарды оқытудан бұрын мектептік курстардың қай бөлімі оқытылуы тиіс, курстың мазмұны қандай материалдарда жүзеге асырылады дейтін мәселелерге көңіл аударылуы қажет.

Сонымен, оқушылар игеруі тиіс білім мазмұнын таңдап алу жалпы білім беру мақсаттары мен білім беру стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады дедік. Олай болса жоғарыда аталған үш негізгі принцип жүзеге асуы үшін оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұны, яғни қолданбалы курстардың бағдарламаларына енгізілетін білім мазмұны мына талаптарға жауап беруі тиіс:

-толымдылық,

-жалпылық

- ғылымилығы

-сараланған

-практикалық бағыттылығы

-жүйелілік

-уақыт қорына лайықтылық

Осы талаптардың мазмұнын ашып көрейік:

1. Мазмұнының толымдылығы. Бағдарламаны дайындау кезіндегі білімнің толымдылығы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті және жеткілікті білімдерді анықтауда болып табылады. Демек, бағдарлама онда жоспарланған оқытудың барлық мақсаттарына жетуге қажетті білімдерді қамтуы керек. Бағдарламаға оқушылардың бойында практикалық іс-әректтің түрлі тәсілдерін қалыптастыратындай білімдермен қатар, бағалау бойынша білімдерді де енгізу қажет. Мысалы, оқушыға есеп шығаруға және оның шешімінің дұрыстығын тексеруге, шығарма жазу мен оның шешімінің дұрыстығын тексеруге, шығарма жазу мен оның жазылу сапасын бағалауға және т. б үйрету керек.

2. Оқушылар үшін жаңалық дәрежесі. Іс-әректтің тиімділігі және оқушыларды ынталандыру берілетін білімнің бұдан бұрын игерген білімге қарағанда жаңалық дәрежесімен анықталады,

3. Мазмұнның жалпылық дәрежесі. Мәселен білімнің жалпылығының қажеттігі оқушыларда жалпы іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырудың қажеттігінен туындайды. Бағдарламаға енгізілген білімнің жалпылық деңгейі ондағы қойылған оқыту мақсаттарына және оқушылардың абстрактілі ойлауының даму деңгейіне сәйкес болуы керек. Бағдарламаға енген материал оқушылардың әртүрлі категориясы үшін қолданылуы мүмкін, оған бағдарламаға енгізілген білімдердің жалпылығы арқылы, оқушылардың барлығына ортақ мәселелерді таңдап алу арқылы қол жеткізуге болады.

4. Мазмұнның ғылымилығы. Бағдарламаға алдыңғы қатарлы ғылыми білімдер мен адамның практикалық іс-әрекетіндегі неғұрлым құнды тәжірибелер енгізілуі керек.

5. Білім мазмұнының сараланғандық сипаты. Бағдарламада білімнің әр-түрлі деңгейі мен түрлері сараланып берілуі керек.

6. Курстың практикалық бағыттылығы. Бағдарламада білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқушыладың алған білімін практикада әртүрлі мәселелерді шешу үшін қолдана алу қабілеттілігін қалыптастыратындай материалдарды қамтуы қажет.

7. Оқу материалдарының өзара байланыстылығы мен жүйелілігі.

Бағдарламадағы білім мазмұны барлық келесі тақырыптарды оқу өткен тақырыптарға сүйене отырып жүргілетіндей, ал жеке және жалпы білімдер арасында байланыс болатындай болып жүйелі түрде құрылуы тиіс.

8. Уақыт қорына лайықтылығы. Бағдарламадағы материалдар оны зерделеуге бөлінген уақыт қоры ескеріле отырып бөлінуі керек.

Қорыта келгенде, мектептің жоғарғы сатысындағы оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұны осы айтылған теориялық негіздерге сүйене отырып дайындалған жағдайда ғана ұсынылатын қолданбалы курстар өзініің негізгі мақсат міндеттері мен атқартын қызметін дұрыс орындап, мектеп бітірушілерді өз бетімен ізденіп білім алуға талпындырып, олады алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретді, ғылымның, өдірістің, өнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе алатын мамандықты таңдауға бағыттайды деп есептейміз.

Вариативті компоненттің оқу курстарын оқытуда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың мүмкін нұсқаларына да үлкен шығармашылықпен қарау керек.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (21.03.2010)
Просмотров: 8668 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.8/4 |
Всего комментариев: 1
1  
ТЕК ҚАНА АЛҒА

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz