Пәнаралық оқу икемділіктерін қалыптастыру - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Пәнаралық оқу икемділіктерін қалыптастыру

Пәнаралық оқу икемділіктерін қалыптастыру

В. Бухваловтың «Шығармашылық үрдіс барысында оқушыларды дамыту» кітабынан.

1 сынып оқушылары меңгеруге тиісті пәнаралық оқу икемділіктері

Кітаптан сабақ тақырыбы мен тиісті тапсырмаларды таба білу.

Минутына 40 сөз оқи және оқығанының мағынасын түсіну.

Дәптерге минутына 4-5 сөзді сауатты жаза білу.

Ережелер арқылы терминдерді есте сақтау.

Сұраққа мәтіннен жауап таба білу.

Ауызша және жазбаша мәтінді бірлесіп өзгерте және толықтыра білу.

Заттарды, денелерді және үлгілерді салыстыра және жіктей білу.

Табиғи құбылыстар мен денелерді бақылай білу.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында белсенді ойлау әдістері мен алгоритмдеуді бірлесіп қолдана білу.

2 сынып оқушылары меңгеруге тиісті пәнаралық оқу икемділіктері

Минутына 60-70 сөз оқи алу және оқығанының мағынасын түсіну.

Дәптерге минутына 6-8 сөзді сауатты жаза білу.

Ережелер арқылы терминдер мен мәтіндерді есте сақтау.

Мәтіндегі маңызды ой, негізгі мәселені көрсете білу.

Ауызша және жазбаша мәтінді бірлесіп өзгерте білу, толықтыра білу және құрастыра білу.

Заттарды, денелерді және үлгілерді салыстыра және жіктей білу.

Тапсырманы орындауға қажетті ережені таңдай және негіздей білу.

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында белсенді ойлау әдістері мен алгоритмдеуді бірлесіп қолдана білу.

Әр түрлі денелерден, материалдар мен суреттерден композиция құрастыра білу.

Өз іс-әрекетінің нәтижелерін тиісті өлшемдер бойфынша бағалай білу.

3 сынып оқушылары меңгеруге тиісті пәнаралық оқу икемділіктері

Минутына 70-80 сөз оқи алу және оқығанының мағынасын түсіну.

Дәптерге минутына 10-12 сөзді сауатты жаза білу.

Ережелер көмегімен терминдер мен мәтіндерді есте сақтау.

Мәтіндегі маңызды ой, негізгі мәселені өз бетінше көрсете білу және оны сызба түрінде бейнелеу.

Ауызша және жазбаша мәтінді бірлесіп өзгерту, толықтыру, құрастыру.

Құбылыс, оқиғалардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтай білу.

Тапсырманы орындауға қажетті ережені өз бетінше құрастыра білу.

Белсенді ойлау әдістерін өз бетінше пайдаланып, шығармашылық тапсырмаларды орындау алгоритмін жасай білу.

Зерттеп, игерілетін тақырыпқа байланысты сұрақтарды құрастыра білу.

4 сынып оқушылары меңгеруге тиісті пәнаралық оқу икемділіктері

Минутына 90-100 сөз оқи алу және оқығанының мағынасын түсіну.

Дәптерге минутына 13-15 сөзді сауатты жаза білу.

Ережелер арқылы терминдер мен мәтіндерді есте сақтау.

Мәтіндегі маңызды ой, негізгі мәселені өз бетінше көрсете білу және оны сызба түрінде бейнелеу.

Ауызша және жазбаша мәтінді бірлесіп өзгерту, толықтыру, құрастыру.

Заңдылықтарды анықтап, пікірлерді дәлелдеу және теріске шығару.

Тапсырманы орындауға қажетті ереже алгоритмін бірлесіп құрастыру.

Белсенді ойлау әдістерін өз бетінше пайдаланып, шығармашылық тапсырмаларды орындау алгоритмін жасай білу.

Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындап, нәтижелерін талдап, бағалау.

5 сынып оқушылары меңгеруге тиісті пәнаралық оқу икемділіктері

Минутына 110-120 сөз оқи алу және оқығанының мағынасын түсіну.

Дәптерге минутына 14-16 сөзді сауатты жаза білу.

Ережелер арқылы терминдер мен мәтіндерді есте сақтау.

Мәтіндегі маңызды ой, негізгі мәселені өз бетінше көрсете білу және оны сызба, кесте түрінде бейнелеу.

Ауызша және жазбаша мәтінді бірлесіп өзгерте білу, толықтыра білу, құрастыра білу.

Шығармашылық тапсырмаларды орындауға қажетті ережелердің алгоритмдерін бірлесіп құрастыра және өзгерте білу.

Берілген тапсырманы сабақтың жеке кезеңінде өздігінен орындай білу.

Жекелеген сабақтарда өзіндік жұмыс тапсырмаларын бірлесе орындап, олардың нәтижелерін талдай және бағалай білу.

6-7 сынып оқушылары меңгеруге тиісті пәнаралық оқу икемділіктері

Минутына 130-140 сөз оқи алу және оқығанының мағынасын түсіну.

Дәптерге минутына 16-18 сөзді сауатты жаза білу.

Ережелер арқылы терминдер мен мәтіндерді есте сақтау.

Мәтіндегі маңызды ой, негізгі мәселені өз бетінше көрсете білу және оны сызба, кесте, конспект түрінде бейнелеу.

Ауызша және жазбаша мәтінді бірлесіп өзгерту, толықтыру, құрастыру.

Шығармашылық тапсырмаларды орындауға қажетті ережелердің алгоритмдерін бірлесіп құрастыра және өзгерте білу.

Әр тақырып бойынша берілген тапсырмаларды сабақтың жекелеген кезеңдерінде өз бетінше орындай білу.

Жекелеген сабақтарда тақырыпқа байланысты өзіндік жұмыс тапсырмаларын бірлесе жоспарлап және орындап, олардың нәтижелерін талдай және бағалай білу.

8-9 сынып оқушылары меңгеруге тиісті пәнаралық оқу икемділіктері

Минутына  сөз оқи алу және оқығанының мағынасын түсіну.

Дәптерге минутына 20-23 сөзді сауатты жаза білу.

Ережелер арқылы терминдер мен мәтіндерді есте сақтау.

Мәтіндегі маңызды ой, негізгі мәселені өз бетінше көрсете білу және оны сызба, кесте, конспект, реферат түрінде бейнелеу.

Ауызша және жазбаша мәтінді бірлесіп өзгерту, толықтыру, құрастыру.

Шығармашылық тапсырмаларды орындауға қажетті ережелердің алгоритмдерін бірлесіп құрастыра және өзгерте білу, алгоритмдік жүйелер құра білу.

Әр тақырып бойынша берілген тапсырмаларды кез келген сабақта өз бетінше орындай білу.

Жекелеген сабақтарда кез келген тақырыпқа байланысты өзіндік жұмыс тапсырмаларын бірлесе жоспарлап және орындап, олардың нәтижелерін талдай және бағалай білу.
Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (06.03.2010)
Просмотров: 1301 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz