Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Статьи » Мои статьи

Оқу бағдарламасын әзірлеуге қойылатын негізгі талаптар

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР

 Оқy – әдістемелік кешен жүйесінің әр пән бойынша негізгі құрамы бағдарлама болып табылады.

Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдермен тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат болып табылады.

Бағдарламаларды құрастырғанда, оларға қойылатын дидактикалық талаптарға жүгіну қажет.

Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған бағдарламалар оқу пәнінің мазмұныны белгілеу формасы болып табылады және білім мазмұнын нақты оқупроцесіне енгізу үшін оқу материалы деңгейіне аударылады, яғни жоспарланған мазмұнның оқу процесінде іске асырылуы үшін қызмет етеді.

Сонымен қатар бағдарлама мұғалімдер мен оқушылардың іс – әрекетін анықтайтын нормативтік құжат болып табылады. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және свабақта мұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы тиіс.

Бағдарламаларға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы, нақтылығы, процессуыльдық сипаты жатады.

Толықтық дегеніміз – алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл – ойының дамуымен тығыз байланыстыру, ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана алу және қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық қажетті және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.

Нақтылық дегеніміз – бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары дегенді көрсетеді.

Процессуальдық деп – білім мазмұнының оқыту процесімен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс – әрекеттік жағын, оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде әдістерді, оқытуды ұйымдастыруды формалары мен құралдарын айқындайды.

Бағдарламаның құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

-          Түсініктеме;

-          Тұжырымдық бөлік;

-          Нормативтік;

-          Ақпараттық - әдістемелік бөлік.

І.Түсініктеменің негізгі құрылымдық элементтеріне мыналар жатады: оқу пәнінің мақсаттарын ашгу; білім мазмұныны таңдап алу мен жалпы логиканы негіздеу және оның жүйелілігін тағайындау; оқу процесінің, әдістерінің, жұмыс формасының, құралдарының жалпы сипаттамалары; алдыңғы бағдарламалармен салыстырғандағы бағдарламаға енгізілген жаңалықтарды түсіндіру, бағдарламаның текстіне техникалық нұсқаулар беру.

ІІ.Бағдарлама тексті бағдарламаның негізгі құрылымдық – тұжырымдық (мазмұндық) бөлігі болып табылады, онда оқу пәнінің мазмұны мен құрылымы аса толықтылықпен және нақтылықпен қамтылып көрсетіледі. Бағдарламаның бұл бөлігінің негізіне нақты пәннің мазмұнын іріктеу мен түзудің теориялық аспектілері алынған.

Оқу пәнінің мазмұнын түзу бағдарлама мәтінің, уақытына сай және сыныптар бойынша бөлінуі оның түсініктемесінде белгіленген барлық мақсаттардың іске асуының көрнекі және нақты түрде көрсетілуі болып табылады.

 Бағдарлама тексті өзінің құрылуы, тақырыптарға, бөлімдерге бөлінуі бойынша оқу пәні мақсаттарының өзара байланысы мен иерархиясын бейнелейді, яғни бағдарлама текстіндетек білім ғана емес біліктілік те, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі де, тәрбие берудің ескерілуі қажет.

Оқу пәнінің қызметі мен оның барлық мақсаттарының жүзеге асырылуы бағдарламаның осы бөлігінің құрылымы арқылы ашылады: бөлім мен тақырыптарды бөлу; олардың берілген пән үшін жетекші болып табылатын мазмұн компонентімен толтырылуын және жүйеленуін көрсету. Мазмұнының жетекші компоненті «ғылыми білім» (ғылым негіздері) болып табылатын физика, химия пәндерінде бағдарлама текстінің негізін дүниетанымдық идеялармен үйлесімді түрде құрылған білімдер құрайды.

Бағдарламалға зертханалық, сарамандық жұмыстар, экскурсиялар, көрсетілімдер, техникалық құрал сияқты оқыту құралдары туралы нұсқауларды енгізу толықтылық, нақтылдық пен процессуальдық сипаттарға сәйкестікті көрсетеді. Оқыту құралдары тақырыптар бойынша бөлініп, нақты материалдармен үйлестірілуі тиіс.

Текстке қойылатын келесі талап – бағдарлама мазмұнының міндетті және қосымша бөліктерге анық түрде бөлінуі.

Сонымен, бағдарламаның мазмұндық (тұжырымдық) бөлігі бірнеше қызметтерді атқарады:

1.      Оқу материалының мазмұнын анықтайды;

2.      Тараулардың көлемін анықтайды;

3.      Көрсетілген мазмұнды меңгерулің минимал міндетті деңгейін анықтайды.

            ІІІ.Бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын ғана ашып қоймай, оқу процесін және оның нәтижелерін реттейді. Бағдарламаның нормативтік бөлігіне жеке тақырыптарды оқып – үйренуге бөлінетін уақыт және арнайы айдармен берілген «Білім, білік, дағдыларға қойылатын талаптар» жатады.

            Білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар дегеніміз – оқытудың жоспарланған нәтижелерін белгілеуге, көрсетуге мүмкіндік беретін, оқушылардың нені қалай меңгеру керектігін, қызметтің қай түрлерінде қайсыбір білімдері мен біліктерінің көрінуі қажеттігі оқушылардың қандай қасиеттерге ие болуын көрсетеді. Басқаша айтқанда, талаптар білім мақсаттарының нақтылануы болып табылады, әр түрлі деңгейлерде берілетін және оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың жоспарланған нәтижелерінің сипаттамасы болып табылады.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (21.03.2010)
Просмотров: 2094 | Рейтинг: 3.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz