Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқыту тұжырымдамасы - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқыту тұжырымдамасы

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың

Т Ұ Ж Ы Р Ы М Д А М А С Ы

 Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың тұжырымдамасы білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа моделі жағдайындағы мұғалімдердің мақсаттарын, міндеттерін, қызметінің құрылымдық – мазмұндық моделін, бағытын  анықтайтын стратегиялық құжат болып табылады.

Бұл құжат Қазақстан Республикасындағы білім беру аясындағы өлшемді-құқықтық база, Қазақстан Респуликасының "Білім туралы” заңы, Қазақстан Республикасындағы білім берудің 2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы,  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа жолдауы негізінде жасалған.

Білім берудің, адам тұлғасының қалыптасуымен тығыз байланысты сала ретінде, қоғам дамуының жағымсыз тенденцияларын жеңуге мүмкіндігі бар.

Тұжырымдаманың мақсаты – қоғамдық гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың негізгі мазмұны мен даму бағыттарын анықтау.

Міндеттері:

¨      қоғамдық гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың қажеттігін дәлелдейтін негізгі факторларды айқындау;

¨      қоғамдық гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін сипаттау;

¨      қоғамдық гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытуды қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды әзірлеу;

¨      қоғамдық гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың құрылымы мен мазмұнын негіздеу;

¨      тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері мен одан күтілетін нәтижені  анықтау.

Жорамал:

Егер:

-          қоғамдық гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытудың қажеттігін дәлелдейтін негізгі факторларды айқындалатын болса;

-          қоғамдық гуманитарлық бағыттағы бағдарлы оқытуды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар дайындалатын болса;

-          бағдарлы оқытудың құрылымы мен мазмұнын негізделетін болса;

-          тұжырымдаманы жүзеге асыру кезеңдері мен одан күтілетін нәтижелер белгіленетін болса;

Онда тұжырымдаманы жүзеге асыру барысында Білім берудің қоғамдық-гуманитарлық бағыттылығы мен оқушылардың ары қарайғы зін-өзі анықтауының табыстытылығы қамтамасыз етілетін болады.

Білім берудің қазіргі жағдайы

Бүгінгі күні қоғамның жоғары білікті маманға деген сұранысы мен мектеп бітіруші түлектердің табысты кәсіби қызметке дайындығының жетімсіздігі арасындағы қайшылық айқын көрініп тұр. Сонымен бірге 16 мен 29 жас арасындағы жастардың жұмыссыздығы белең алып отыр. Бұл мынаны аңғартады:

-          еңбек нарығы мен нақты мамандықтарға деген сұраныс туралы хабардар болудың төмендігі;

-          Өзінің кәсіби қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін дұрыс бағаламау;

-          Мамандықтар туралы айқын түсініктердің нашарлығы;

-          Таңдап алыған кәсіп бойынша құзырлылықтың төмендігі.

Бұл мектептердің бітіруші түлектерді кәсіптік анықталу мен әлеуметтік-еңбек құзырлылықтармен қамтамасыз етуге қабілетсіздігін көрсетеді. Демек тұжырымдамада баяндалған бағдарлы оқытуды мектепке ендірудің қажеттігі байқалып отыр.

 

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтамасыз ету талаптары

-          Оқу-тәрбие әдістерін қайта қарау, мектеп пәндерін түсініктік-ұйымдастырушылық деңгейде құрамдастыру;

-          Ұлттық мәдениет, мәдени мұра мәселелерін (дистуттарды, пікірталастарды) сұбхаттасу қарым-қатынасы деңгейінде ұйымдастыру;

-          Қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану, сонымен бірге оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру;

-           Қосымша білім беру пәндерін ендіру.

Оқыту туралы

Бағдарлы білім берудің негізгі мақсаты оқушылардың сапалы базалық дайындығы, өздігінен білім алу тәсілдерімен қаруландыру, кәсіптегі өзгеріске үнемі бейімделе алуды қамтамасыз ету болуы керек.

Бастауыш саты

Ұлттық тіл мен ұлттық мәдениет феноменіне деген терең көзқарас қалыптастыру мақсатында тілдерді оқыту мазмұнын қайта қарау керек.

 Ұлттық-этникалық құндылықтар әлеміне бойлата ендіру іске асрылады.

Филологиялық білімді терең меңгерту мақсатында және лингвистикалық,  не болмаса өзге мамандандырылған жоғарғы оқу орындарында білім алуды жалғастыру ынтасын дамыту  үшін екі, я одан да көп шетел тілін ендіру қолға алынады.

Негізгі мектеп

Тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеу және дамыту мақсатында филологиялық бағыттағы пәндерді оқытудан өзге, тарих және кіріктірілген түрдегі пәндер ендіріледі  ("Халықтар тағдыры  және  олардың  тілдері”,   "Ұлттық  идея мен  ұлыстар”,   "Мәдениеттер ықпалдастығы ” т.б.). Тұлғаны қалыптастыруға, оның икемін, қызығушылығы мен бейінін  дамытуға жағдай жасалады ("Орфография құпиясы”, "Қарым-қатынас мәдениеті”, "Әлемдік көркемөнер мәдениеті”, т.б.).

Сурет және музыка сабақтарында көркемөнер, музыка, халықтық қолданбалы өнер туындыларымен және оларды жасаушылармен танысу жүреді.

Сыныптан тыс жұмыстар

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты өз бойында туған халқының болмысын жинақтаған, өзге халыққа құрметпен қарайтын қоғамдық-гуманитарлық икемі бар оқушыны тәрбиелеу болып табылады.

Бірлестіктер жұмысы мұғалімдердің осы бағыттағы білімін жетілдіру болмақ.  Мұғалімдер тұлғаның тілдік қалыптасу тәжірибесін пайымдау, осы бағыттағы пәндерді эмоционалдық бағалау қатынасын қалыптастыру әдістемесі бағыттарында зерттеулер жүргізеді.

Күтілетін нәтижелер

-          Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін құру.

-          Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік жабдықталуының сапасын арттыру.

-          Өз бетінше проблемаларды шешуге қабілетті, құзыретті, мол білімді, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ мамандарын даярлау.

-          Болашақ мамандарды оқыту мен олардың болашақ қызметінің тығыз байланысын ізгілендіру мен ізгіліктендіру негізінде қамтамасыз ету.

-          Мектеп түлегінің нақты өмірге бейімделу  проблемасын шешу.

-          Түлектің тілдік тұлға ретінде қалыптасуы.

Күтілетін нәтижелерді бағалау өлшемдері

-          Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша БИД жоғарылығы;

-          Осы бағытта ары қарай оқуға ынталану;

-          Ата-аналар мен оқушылардың қанағаттану дәрежесі;

-          Оқушылардың ары қарайғыкәсіптік бағдарлануының табыстылығы.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (21.03.2010)
Просмотров: 5347 | Рейтинг: 3.6/5 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz