Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алу (интернеттен) - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алу (интернеттен)

Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алудың теориялық негіздері

Мүмкін болатын қауіптер:

1) кей мектептерде тек бір ғана пәннің жеке тақырыптарын немесе тарауларын тереңдету көзделеді;

2) немесе тіптен жеке пән шығарады;

3) пәннің қолданбалы жағы қалыс қалады.

Ғылыми тұрғыда негізделген іс-шаралар:

1) қолданбалы курстарды оқытудың мақсат-міндеттерін айқындау;

2) қолданбалы курстардың атқаратын функцияларын белгілеу;

3) оқу жоспарының вариативті бөлігінің білім мазмұнын таңдап алуда басшылыққа алынатын принциптерді анықтау;

4) қолданбалы курстардың бағадарламаларына енгізілетін білім мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау.

Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты:

 – оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау

Міндеттері:

- оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;

- курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін материалды өмірмен байланыстыру;

- қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі, колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;

- жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.

Қолданбалы курстарға қойылатын талаптар:

- әлеуметтік және жеке тұлғалық мәнінің болуы, оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін өзектілігі; 

- оқушының әлеуметтеуіне және түрлі жағдаяттарға бейімделуіне мүмкіндік туғызуы, саналы түрде кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беруі;

- оқушыларды оқыту бағдарына сәйкес практикалық іс-әрекетке тарту;

- базалық және бағдарлы жалпы білім беретін пәндерді оқытуды қолдап, бағдарлы мамандандыру үшін жағдай жасауы;

- оқытуды ұйымдастырудың оқушының болашақ кәсіби іс-әрекетіне сәйкес әдістері мен формаларына сүйенуі;

- дамытушылық әлеуетінің болуы, жалпы білімдік, интеллектуалдық және кәсіби дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беруі.

Қолданбалы курстардың функциялары:

- қазіргі заманғы түйінді проблемаларды зерделеу;

- болашақ кәсіби іс-әрекетке бағдарлау;

- танымдық дағдыларды жетілдіруге, ұйымдастырушылық іс-әрекетке бағдарлау;

- базалық пәндік білімді толықтыру және тереңдету; бағдарлы пәндерді оқытудағы кемшіліктерді жою.

Білім мазмұнын таңдау принциптері

Мектептің жоғары сатысындағы вариативті компоненттің білім мазмұнын таңдап алу үш таған деп айтуға болатын мынадай маңызды принциптерге негізделуі қажет:

1. Қолданбалы сипатта болуы;

2. МЖМБС-қа сәйкес болуы;

3. Мамандыққа бағдарлауы.

Вариативті компоненттің білім мазмұны мына талаптарға жауап беруі тиіс:

- толымдылық,

- субъективті жаңалық,

- жалпылық, 

- ғылымилық,

- сараланғандық,

- практикалық бағыттылығы

- жүйелілік,

- уақыт қорына лайықтылық.

Арнайы курс бағдарламалары құрылымы

1.Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні

2.Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау

3.Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:

-курстың мақсаты;

-оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар;

-пәнаралық кіріктіру;

-кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;

-уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.

4.Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.

5.Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.

6.Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).

7.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.

8.Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі) .

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (21.03.2010)
Просмотров: 2741 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.8/4 |
Всего комментариев: 3
3  
Еркін аға, сіздің сайттан алатынымыз өте көп. Жасап отырған еңбегіңіз өте құнды, барлық педагогтар үшін бұның бәрі ауадай қажет. еңбегіңізге жеміс тілейміз.
сіздің сайтқа кіріп тіркелу үшін барлық мәліметтерді еңгізсем де, менің электронды поштама активация жасау үшін хат келген жоқ, осы жағдайды шешіп бере аласыз ба?

1  
Ереке!
Соншалықты құнды еңбек жасап жатырсың. Бірақ өзің оның құнын көк тиынға да жаратпайсың...
Қайдан алдың, кім жазды, басқалар қалай пайдалануы тиіс - көрсетпейсің бе (авторы, қай сайттан, кітаптан, журналдан алынды, пайдаланғанда - осы еркіннің сайтына сілтеме жасау міндетті деген сияқты заңдылық талаптарды ұстануды ұмытпасаңшы)
Аман

2  
Кейде солай, көбіне түйін етем,
Дамымайды дүние сыны болмай.
Қалғандығы бірақ та қиын екен
Осыдан кеп көк тиын құны болмай!?

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz