Математикалық білім беру сапасы-1 - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Математикалық білім беру сапасы-1

Математикалық білім беру сапасы: проблемалар мен мүмкіндіктер

Кіріспе

Қазіргі заманның маңызды проблемаларының бірі – қоғамның жастар біліміне деген әлеуметтік тапсырысы арқылы жалпы білім беру жүйесінің деңгейін анықтау екендігі белгілі. ҚР «Білім туралы заңына» сәйкес білім берудің ізгілікті сипатын, тұлғаның еркін дамуы мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ескере отырып, жалпы білім беретін мектептің негізгі міндеттерінің бірі - өзгермелі өмірдің жағдайларына тез бейімделуге қажетті белгілі бір білімдер жүйесі мен тұлғалық қасиеттерді оқушылар бойында қалыптастыру болып табылады. Кейінгі жылдары біздің елімізде ортақ стандарттармен бірге аймақтық ерекшеліктерді ескеру ерекше маңызға ие болуда. Аймақтық білім беру ұлттық мәдениет байлықтарын жергілікті салт-дәстүрлерді қоғамдық құндылықтар мен басымдықтарды қамти отырып, білім берудегі адам факторының ролін күшейте түседі, оқушылардың рухани мәдениетінің дамуы мен олардың шығармашылық белсенділігін, дербестігін, зиялылығын өзектендіреді.

Мектептегі пәндерді оқытудың дәстүрлі әдістемесі баланың жеке тұлғасының толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны көбіне жергілікті жердің мәдениетін, тұрмыс-тұрпатын, ұлттық қабылдауларды ескермей, дерексіз сипатта болады.

Математикалық білім беру сапасының өзекті мәселелері

В.Давыдовтың айтуы бойынша білім берудің мақсаты мен міндеті «Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігінде, білімді сенім ретінде қалыптастырып, оқушыларды білім алуда өздігінен бағдарлана біліп, оларды тәжірибеге қолдана білуге үйретуде» болып табылады.

А.П.Ершовтың пікірінше, математикалық білім берудің мақсаты математикалық білімдер мен икемділіктерді ала отырып, осы білімдерді қолданбалы есептерді шешуге пайдалану немесе математикалық білім жүйесін құруға арналуы тиіс.

Қазіргі дидактикада оқушыларды математикаға оқытудың үш негізгі мақсатын бөліп көрсетеді: практикалық, білім берушілік және тәрбиелік. Практикалық мақсаттың маңыздылығы – оқушылардың қазіргі қоғамға қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруінен байқалады. Математикалық оқытудың білім берушілік мақсаты оладың математикалық мәдениетінің жоғары болуы қажеттігінен және математиканың басқа ғылым салаларында, өндіріс пен өмірде қолдану қажеттігінен келіп шығады. Мектептегі басқа ешқандай пән табандылық, мақсатқа ұмтылу, тәртіптілік, жаңаны қабылдау және тағы басқа тұлғалық қасиеттерді дамыту сияқты көпқырлы қызмет атқара бермейді. Дегенмен, математиканы ең алдымен адамның логикалық ойлауын дамыту мен жетілдіру мүмкіндігі үшін жоғары бағалайды.

Қазіргі кезде мектеп ғылым жетістіктері мен адам қызметінің әртүрлі салаларының сұраныстарына сәйкес ертеңгі күннің қажеттіліктеріне сай бола отырып, мектеп бітіруші түлектің алдағы өміріне қажетті білімінің берік іргетасын қалауы керек.

Қазіргі кезде ғалымдар математикалық білім беру мазмұнын жаңарту мен оны оқыту әдістемесін жетілдіруден бұрын математикалық білім беру сапасын жолға қою қажеттігін жиі айтады.

Сөздіктерде сапаға нысандар мен процестердің құндылығы, пайдалылығы, олардың белгілі бір сұраныстарды қанағаттандыруға жарамдылығы немесе белгілі бір мақсаттарды талапқа сай жүзеге асыруға бейімділігі деп түсініктеме береді. Білім беру тұрғысынан сапаны бірнеше тұрғыдан қарастырады: білім беру бағдарламаларының сапасы, оқу процесіне тартылған кадрлық және ғылыми әлеуеттің сапасы, оқушылардың сапасы, білім беру процесінің құалдарының сапасы және білім беру технологияларының сапасы.

Білім беру сапасының негізін құрайтын оқушылардың білім сапасы Т.Шамова мен Т.Давыденко бойынша «оқу таным қызметі мен нәтижелерін сипаттайтын білімдердің тұрақты қасиеттерінің біртұтас жиынтығы» болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерде оқушылардың білім сапасын жіктеудің бірнеше түрі кездеседі. Мысалы, И.Лернер білім сапасының жүйесін төмендегіше анықтайды: толықтығы, тереңдігі, жеделдігі, икемділігі, нақтылығы, жалпыланғандығы, жинақталғандығы, жүйелілігі, түсініктілігі және беріктігі. И.Кулибаба білім сапасын үш топқа бөледі: пәндік-мазмұндық, мазмұндық-әрекеттік және мазмұндық-тұлғалық.

Мектептегі математика мазмұнын жаңарту

Ағылшын философы Роджер Бекон «Математиканы білмейтін адам басқа ешқандай ғылымды білмейді, тіпті өзінің надандығында байқамайды» деген екен.

Математика күнделікті өмірде жиі кездеседі және қолданылады. Ендеше, белгілі бір математикалық дағдылар әрбір адамға қажет. Кез келген адам сандар ұғымын түсініп, сандарға әртүрлі амалдар қолдана алуы керек.

Математикалық білімдер мен дағдылар кез келген кәсіпте, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарымен, техникамен, және экономикамен байланысты салаларда өте қажет. Математикалық білімсіз және ойлаусыз журналист те, дәрігер де, лингвист те күн көре алмайды. Математикалық білім беру тұлғаны қалыптастыруда ерекше рөл атқарады.

Математикалық білім берудің басты мақсаты «дүниетану заңдарын түсіндіру», қисынды пайымдауға үйрету алға қойылған міндеттің мәнін түсіне білуге тәрбиелеу болып табылады.

Математика адамзат мәдениетінің ажырамас бөлігі бола отырып, өнер сияқты адамның рухани жан дүниесінің қалыптасуына ықпал етеді. Математика адамда ақыл-ой адалдығын, шындыққа ұмтылуды тәрбиелейді.

Математика жаратылыстану пәндеріне арналған оқу сағаттарының қысқаруы оқытудың практикалық бағыттылығын әлсіретіп, оқу материалын игеру сапасын төмендетіп, оқушылардың жалпы білімдік дайындығын нашарлатуда.

Жаңа буын оқулықтарының көпшілігі оқу-жоспарларына сай келмейді. Өйткені, ондағы материалдарды игеруге көбірек сағат қажет етеді. Екінші жағынан, мектеп математикасына қойылатын талаптар жоғарылатылып, орташа оқушының мүмкіндік деңгейінен жоғары болып отыр.

Үшіншіден, пәндік бағдарламаларда өзара пайдалы нәтижелерге мүмкіндік беретін жоғары деңгейде қамтылмаған.

Келесі бір маңызды мәселе математиканы оқытудың үздіксіздігі. Мысалы, оқушылар жуықтап есептеулермен 5-6 сыныптарда танысады да, одан кейін ол тақырып кездеспейді. Алайда, физиканы оқыту барысында үнемі қолданылады.

Математикалық білім берудің негізгі міндеті – адамды ойлауға үйрету. Бұл бағыттағы білімдік бағдарламалардың табысты болып, іске асырылуы мына үш мәселеге байланысты: 1.Жоғарғы оқу орындарындағы математика пәні мұғалімінің дайындығы; 2.Сапалы оқулықтар мен оқу құралдарымен болуы  болуы; 3.Таңдау еркіндігін беретін тұлғалық-бағдарлы оқыту.

Математикалық білім беру:кеше, бүгін және ертең

Атақты француз қолбасшысы Наполеон былай деген екен: «Математиканың гүлденуі мен жетіліп, дамуы мемлекеттің әлеуметтік жағдайына тығыз байланысты», дегенмен, көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттердің даму барысы бұл пікірдің ғана емес, бұған кері пікірдің де дұрыстығын көрсетіп отыр, яғни Жапония, Корея, Финляндия, Голландия, Малайзия және Сингапур сияқты елдер математикалық білім беруді дамыту арқылы мемлекеттің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қол жеткізіп отыр.

Математикалық білім беру мазмұны

Математика саласына ақпараттық технологиялардың тереңдеп енуі оны оқыту әдістемесін ғана емес, мазмұнын да өзгерте бастады. Математикалық әдістер мен математикалық ойлау ғана емес, жалпы ғылыми дүниетаным да жаңаруда.

Біріншіден, математикалық білім беру сапасы математикалық сауаттылыққа түгелдеу тәуелді. Сондықтан математикалық білім беру сапасы туралы әңгімені математикалық сауаттылық мәселесінен бастау керек.

Екіншіден, әлемдегі математикалық білім берудің даму тарихы оны үш дербес аралға бөліп тастады: Кәсіби математикалық білім беру, жалпы математикалық білім беру және математикалық сауаттандыру. Математикалық білім беру саласындағы кез келген реформа осы үш аралдың арасында көпір орнатуға талпыныстан туындайды.

Математикалық білім беруді жаңарту

Әлемдік өркениет соңғы онжылдықта барынша қарыштап алға ілгерілеуде. Әр түрлі елдердегі білім беру қайраткерлері осы көшке ілесуге ұмтылыстар жасауда. Өкінішке орай, оның көпшілігі нәтижесіз аяқталып жатыр. Қазіргі кезде бұл проблеманы шешудің екі бағыты айқын көрініс табуда: жаңарту мен саралау.

Жаңарту дегеніміз - мектептегі ескі және дәстүрлі пәндерді ығыстыра отырып, оларды жаңа ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа мамандықтарды игеруге жағдай жасайтын жаңа пәндермен алмастыру болмақ. Сонда жаңарту нәтижесінде мектеп түлегі өзгермелі өмірге бейім болып шығады. Бірақ кез келген процесс, оның ішінде білім беру процесі де биологиялық заңдылықтарға қатаң бағына отырып, өз жемісін белгілі бір уақыттан соң ғана бере алады. Оны жеделдету өте қиын.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай ғимарат биік болу үшін оның іргетасы мықты болу керек. Іргелі білім алған адам ғана қазіргі өмір жағдайларына тезірек бейімделіп, одан өз орнын таба алады.

Білім берудегі саралау білім беруді жаңартуға қарағанда мәселені шешудің өзгеше жолын ұсынады. Жоғары сатыдағы мектеп саралана келе әртүрлі бағдарға бейімделуде, дегенмен шектен тыс саралау болашақта мектеп түлектерінің өзінің негізгі құқықтарын пайдалануды, мамандық таңдау еркіндігін шектеуі мүмкін.

Математикалық білім беруде кенжелеп қалып келе жатқан салалар сыныптан тыс жұмыс пен дарынды балаларды оқыту.

Математиканы оқыту процесін ізгілендіру

XXI ғасырдағы білім беру қандай болмақ?

Біріншіден, математика өркениет тудырған және оны барлық кезеңінде дамытуға ықпал етіп келе жатқан маңызды ғылым саласы. Қазіргі кез келген ғылым саласы математикалық әдістерді қолданып қана қоймай, математикалық заңдылықтар арқылы құрылады. Қазіргі ғылым мен техникаға жол тек қана математика арқылы өтеді.

Екіншіден, математикалық білім беру математика ғылымының бір бөлігі ғана емес, жалпы адамзаттық мәдениет құбылысы. Ол адамзат ойының даму тарихының бейнесін береді. Сондықтан адамның мәдени дамуында математикалық білім беру үнемі маңызды роль атқарып келе жатыр.

Математика мұғалімінің дайындық сапасының негізгі проблемалары: мұғалімнің кәсіби дайындық сапасы мониторингісінің теориялық негіздері, математика мұғалімінің теориялық әдістемелік дайындығы, математика мұғалімін дайындаудағы теориялар мұғалімнің математикалық дайындығы мазмұнын іріктеу мен құрылымдау. Математик-информатик мұғалімін дайындау.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (21.03.2010)
Просмотров: 4017 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.6/7 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz