Білім сапасын басқару мәселелері (соңы) - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Білім сапасын басқару мәселелері (соңы)

Мектептегі білім сапасына қойылатын талаптар:

Мектептегі білім сапасына қойылатын талаптар бірнеше саланы қамтиды: оқу және тәрбие процесі, ғылыми-әдістемелік қызмет және қажетті жалпы және психологиялық жағдайлар.

І. Оқу процесі

       оқу жоспарының орындалуы;

       оқушының білім, білік деңгейлері;

       мұғалім жұмысының нәтижесі;

       дарынды оқушылармен жеке жұмыс;

       сабақтан тыс пәндік іс - әрекеттің сапасы;

       оқушылардың өз бетімен дамуындағы танымдық іс - әрекеттері.

ІІ. Тәрбие процесі

       оқушылардың тәрбиелік деңгейлері;

       оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыру;

       сынып жетекшілерінің жұмыс сапасы;

       тәрбие процесіндегі ата-ана ролі;

       жалпы мектептік іс шаралардың сапасы;

       оқушылардың денсаулығы және дене шынықтыру пәніне көңіл бөлгізу.

ІІІ. Әдістемелік жұмыстар

       әр мұғалімнің әдістемелік жұмыс деңгейі;

       әр сынып жетекшілерінің әдістемелік жұмыс барысы;

       педагогтың іс – тәжірибесін тарату механизмі;

       педагогикалық кәсіби шеберліктерін көтеру.

ІV. Ғылыми және әдістемелік іс-әрекеттер

       бұл іс - әрекеттің мектептің өркендеу потенциалына сәйкестігі;

       жаңа енгізілген жаңалықтың ғылыми негізділігі, оның нәтижесі;

       педагогикалық ғылыми білімнің деңгейі;

       оқушылардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттері.

V. Психологиялық жағдай

       мұғалімдердің және жеке оқушылардың психологиялық үйлесімдік көрсеткіші ;

       қандай да бір жаңа құрылымды енгізгенде, қандай да бір проблеманы шешкенде оған ұжымның психологиялық дайындығы.

VІ. Оқу-тәрбие процесін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету

       еңбекті қорғау;

       санитарлық-гигиеналық жағдай;

       оқу және әдістемелік әдебиеттерді көбейту;

       оқу техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету.

Білім беру сапасын басқару процесіне қойылатын талаптар

Білім беру сапасын басқару процесі үш негізгі бағытты қамтиды: мұғалімдермен жұмыс, жалпы жұмысты ұйымдастыру және білім беру сапасына ұжымдық басқаруды ұйымдастыру

І. Мұғалімдермен жұмыс

       өзіндік білімін көтеру жоспары бойынша жұмыс ұйымдастыру;

       мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын зерттеуіне әдістемелік көмек беру;

       инновациялық технологияны үрдіске енгізу;

       білімін жетілдіру курсына жіберу;

       әр түрлі байқаулар өткізу;

       аттестация;

       мұғалімнің өз жұмысының сапасына, нәтижелігіне дұрыс көзқарас қалыптастыру, жауапкершілігін арттыру;

       пед. кеңесте, әдістемелік кеңесте, педконсилиумда білім сапасы туралы талдау, ұсыныстар беру.

ІІ. "Сапа” бағдарламасы бойынша жұмысты ұйымдастыру шаралары

  1.  Әр мұғалім өз пәні бойынша білім сапасын арттыру жұмысының жоспарын өткізу;
  2. Жоспарды талдау;
  3. Оқушылардың білім және оқыту сапасын жайлы мұғалімдердің есебін алу (тоқсанына бір рет);
  4. Әр тарау бойынша тест алу;
  5. Сынып жетекшілерінің білім сапасын көтеру жұмыстарын ұйымдастыру шаралары;
  6. Ата – аналармен жұмыс ( білім сапасына сәйкес);
  7. Сапа бағдарламасының орындалуын моральдық және материалдық жағынан ынталандыру шаралары.

ІІІ. Білім сапасына ұжымдық басқаруды ұйымдастыруы, нәтижелі жұмысына жағдай жасау

  1. Жұмысқа ынтасын арттыру.
  2. Жұмыс нәтижесі бойынша қолдау көрсету.
  3. Оқушымен жеке жұмыс жоспарының мақсатына жетуін қадағалау.
  4. Белсенді қатысуын жүзеге асыру.
  5. Нәтижелі жұмысына жағдай жасау

Қорытынды

Білім берудің сапасы – білім сапасын жаңа деңгейге көтеру үшін жаңа технологиялар арқылы жұмыс жасау керек. Сапаны жақсарту білім мазмұнын зерттеу арқылы жүзеге асатын болса, білім мазмұнына өзгерістер енгізу арқылы білім сапасын жақсартуға зор мүмкіндік аламыз.

Түпкі нәтижеге бағытталған білім беру сапасын басқару процесі мектепішілік басқаруды өзгерту үшін не береді?

1)басқару процесі психологиялық жағынан жаңарып, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа апарады.

2)вертикаль жоғарыдан төмен қарай басқарудан қауымдастыққа негізделген көлденең басқаруға көшуге мүмкіндік туады.

3)әр тұлғаның әлеуетін толық пайдалана отырып, ұжым жұмысын үйлестіруге жағдай жасайды;

4)жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды игеру арқылы ұжымның жалпы мәдениетін көтеруге мүмкіндік жасайды.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (06.03.2010)
Просмотров: 6663 | Рейтинг: 4.0/6 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz