Бағдарлы оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар (интернеттен) - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Бағдарлы оқу бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар (интернеттен)

Бағдарлы оқу бағдарламасының мазмұны мен рәсімделуге қойылатын талаптар

1.  Рәсімделу талаптарымен сәйкестілігі (құрылымы, мазмұны)

Бағдарлама құрылымы 4 бөлімнен тұрады:

1)  Түсініктеме хат,

2)  Тұрақтылау бөлімі немесе мазмұндық бөлім;

3)  Нормативті бөлім;

4)  Ақпараттық-әдістемелік бөлім.

Түсініктеме хат түсініктеме хат келесі алгоритм бойынша құрылуы мүмкін:

-      пәннің мақсаты мен міндеттері;

-      берілген бағдарламаның өзектілігі (маңыздылығы және оның қажеттілігі);

-      мазмұнын іріктеудің және оны тізбектей тағайындауда жалпы логикасының негіздемесі;

-      оқу үрдісінің, әдістерінің, жұмыс түрінің, құралдарының жалпы сипаттамасы;

-      берілген бағдарламаның бұрыннан бар бағдарламалармен салыстырғандағы енгізілген жаңалықтарының түсініктемесі;

-      бағдарлама мәтініне техникалық нұсқау. Егер бағдарлама бейімделген болса, онда ол қандай бағдарлама негізінде құрылғанын көрсету қажет.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі оқу пәнінің құрылымы мен мазмұны барынша толық және нақты бейнеленген бағдарлама мәтінінен тұрады.

Оқу пәнінің қызметі мен оның мақсаттарын жүзеге асыру бағдарламаның осы бөлімінің құрылымымен тікелей ашылады:

-      тараулар мен тақырыптарды ерекшелеу;

-      берілген бағдарлама үшін жетекші болып табылатын мазмұн құрамаларының толымдылығын және тізбектелуін көрсету.

Бағдарламаның мазмұндық бөлімі келесі қызметтерді атқарады:

-      оқу материалының мазмұнын анықтайды;

-      тараулар мазмұнының көлемін анықтайды;

-      көрсетілген материалды меңгерудің төменгі міндетті деңгейін анықтайды.

Оқушылар білімдік жетістіктерін бағалау түрінен басқа пәнаралық байланыстар, ұсынылатын әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

2.  Оқушыларға жаңашылдың дәрежесiнен. Бағдарламада базалық бiлiм беру бағдарламасында берiлмеген, оқушыларға таныс емес бiлiм, мазмұны қамтылған.

3.  Бағдарламаньң игерiлу, нәтиже беру дәрежесiне. Бағдарламада оқушылардың қызығушылығын тудыратын және жеке тұлғаньң дамуына, қоғамдағы өзіндiк орнын анықтау арқылы келешек өмiрдегi орнын табуға, өз-өзiне баға беруiне ықпал eтeтін бiлiм мазмұнын қамтиды.

4.  Мазмұнының қомақтылығы жағынан. Бағдарламада оқытуда алға қойылған барлық мақсатrарды орындауга арналған бiлiм мазмұны қамтылған.

5.  Бағдарламаның ғылымилығы. Бағдарламаға прогрессивтiк ғылыми бiлiм мен өмір сүру тәжiрибесiнiң ең бағалы жақтары енгiзiлiп отыр.

6.  Курстың практикалық бағыты. Бағдарламада оқушы қабiлетiн дамытатын және алған бiлiмiн ic жузiнде әртурлi тапсырмаларды орындауда қолдана алатын материалдар қамтылған.

7.  Оқу материалдарының байланыстылығы мен жүйелiлiгi. Бағдарламадағы бiлiм мазмұнының iлгерiдегi тақырыптар кейiнгi тақырыптардың мазмұнын ашатындай, өзара ортaқ байланыста бiлiм беруге құрылған.

8.  Бағдарламаның оқыту мақсаты мен оқу материалдарындағы тапсырмаларды ашып көрсету тәсiлдерiнiң сәйкестiгi. Oқy материалдары мазмұнын меңгертудiң тәсiлдерi бағдарламадағы оқыту мақсатына сәйкес келедi.

9.  Оқыту әдiсiн таңдауда. Оқыту әдiс-тәсiлдерiнiң бағдарламадағы мақсатқа сәйкестiгi, барынша ыңғайлы, әсерлi (мүмкiндiгiнше белсендi) әдiс-тәсiлдер.

10. Бақылау дәрежесi бойынша. Бағдарламада еткiзiлуге тиiстi бақылау әp тарауды немесе бағдарламаны толық меңгергендiгiн нaқты анықтауға мүмкiндiк бередi

11. Мерзiмдiк pecypcтapғa шындық тұрғысынан қарау. Бағдарламада материалдар оқушылардың сапалы бiлiм игеруiне жеткiлiктi және жоспарланған нәтижеге жетуiне мүмкiндiк беретiн уақыт бөлiнген.

Бағдарлама сапасына сараптама баға берудi есептеу әдiсi

Берiлген бағдарламаның керсетiлген талаптарға сай келуiне сараптама арқылы келесі ұпайлар берiледi

0 – егер бағдарлама талапқа сай болмаса;

1 – егер бағдарлама iшiнара талапқа сай келсе;

2 – егер бағдарлама негiзiнен талапқа сай болса;

3 – егер бағдарлама толығымен талапқа сай болса.

Бағдарламаны жариялануға 26 ұпайға бағаланғанда ғана жiберуге болады.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (21.03.2010)
Просмотров: 3318 | Рейтинг: 4.7/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz