Қазіргі сабақтың құрастыру ерекшеліктері - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Қазіргі сабақтың құрастыру ерекшеліктері

Қазіргі сабақты құрастыру ерекшеліктері

Баланы оқыту мақсаты – ары қарай мұғалімнің көмегінсіз дами алатындай ету. Э.Г.Хаббард.

Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық прогрестің өте шапшаң қарқынмен дамуы және информация көлемінің әр 3-5 жылда екі еседей өсіп отыруы, әсіресе, ой еңбегін және оқыту процесін айрықша сапалық түрде жетілдіруді талап етіп отыр. Мұндай дүниежүзілік күрделі проблеманы шешудің түбегейлі бір жолы мамандардың және оқушы жастардың үздіксіз білім алуының жаңа формалары мен тәсілдерін ойлап шығаруға әкеліп соғады. Бұл жағдай оқушылардың өздігінен білім алып, өз бетінше шығармашылық түрде ойлануын дамытып, олардың оқуға деген ынта – жігері мен белсенділігін күшейтуді талап етуде. Осы мақсатта, кейінгі жылдары конференция – сабақ, семинар – сабақ сияқты сабақтың осы заман талабына сай жаңа формалары мектеп практикасына ендіріліп келеді. Сыныпта өтілетін осындай оқытудың белсенді әдіс-формалары оқушылардың өздерінің өз бетінше ізденіп, қосымша әдебиеттерді оқып, әр түрлі бақылаулар жасап, өлшеп, зерттеп, талдап, өзінше қорытынды жасауға, өз пікірін баяндай білуге, басқалардың ойларына сын көзбен қарауға үйретеді.

Оқытудың дәстүрлік практикасында мұғалім сабақтың көп бөлігінде түсіндіреді, көрсетеді, сұрайды, үлгі бойынша тапсырмалар береді және оқушының белсенді танымдық қызметіне өте аз уақыт бөледі. Проблемалық, зерттеулік және практикалық әдістер жеткіліксіз пайдаланылады. Осының салдарынан оқушылардың  өз бетінше пайымдауы олардың стереотиптік шешімдерді қолдауы, танымдық объектілермен және оқулықпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді таңдауы нашар дамиды.

Дайын білімдерді меңгеру мен жинақтау – мақсат емес, адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралдарының бірі ғана. Қазіргі ақпараттық технологиялар қоғамы, XIX ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың ортасындағы индустриялдық қоғамға қарағанда, оның азаматтары өз бетінше белсенді қимылдауға, шешім қабылдауға, өмірдің өзгермелі жағдайларына икемділікпен бейімделуге қабілетті болуына бұрынғыдан да үлкен дәрежеде мүдделі болып отыр.

"Егер адамға балық берсең, ол бір күн тоқ болады, ал егер қармақ беріп, оны қолдануды үйретсең, ол өмір бойы тоқ болады” дейді шығыс даналығы. Сондықтан қазіргі білім берудің басты мақсаты – оқушыларды өзіне қажетті білімді өзі анықтап, оны өздігінен іздеп таба алатын деңгейге жеткізу болып табылады.

"Өркениеттің мақсаты – адамды ойлауға үйрету” деп атақты өнертапқыш-ғалым Т.А.Эдисон айтқандай, мектептің де басты мақсаты, ҚР "Білім туралы” заңында көрсетілгендей, оқушылардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Белгілі орыс педагогі В.А.Сухомлинский айтқандай "егер мұғалім ойлауға үйретпесе, бала білім қоймасына айналады” да, қаншама білімі мол болғанымен, ол өмірде өз білімін дұрыс пайдалана алмайтындықтан "жерін айдап, дәнін сеппеген диқанға ұқсап” шыға келеді. Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен – білім берудің маңызды мақсаттары, оқу курсы ерекшеліктері, сабақтың мақсаты, оқушылардың мүмкіндігі, қолда бар оқу құралдары және уақыт, мұғалімді мойындаумен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйе ерекшеліктерімен анықталады.

Тұлғалық бағытталған оқытуда оқыту әдісін таңдаудың басты факторы – оқушының табысты қызметін ұйымдастыру. Әр уақытта оқытудың формасын, әдістерін таңдай отырып, оқушы сабақта білім алуда қандай табысқа жетеді деген сұрақ қою керек. Бұл табыс оқылатын тақырыпқа қатысты, оқушының шамасына орай және қызықты, олардың жекелей мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына сай болуы керек.

Өз бетімен білім алу тұлғаның шығармашылық сапасын дамытудың негізі болып табылады. Мектеп жылдарында оқушылардың көпшілігінде негізгі біліктілікті тәрбиелеуге болады, шығармашылық сапасын құратын, жоғарғы мектепте оны едәуір дамытып, бірақ шығармашылық тұлғаның нақты қалыптасуы бүкіл өмір бойына өз бетімен білім алу процесінде өтеді.

Оқушыларды жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.

Сабақ құрастырудың кезеңдік талаптары (Л.Ромадина)

Кезеңге қойылатын талаптар

1.Кезең мақсаты (КМ);

2.Мұғалім іс-әрекетінің мазмұны (МӘМ);

3.Оң нәтиже алу шарттары (ОНАШ);

4.Дидиактикалық міндеттің орындалу көрсеткіштері (ДМОК).

1.Сабақтың басталуы

КМ: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып, білім игеруге дайындау.

МӘМ: сәлемдесу, оқушыларды түгендеу және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың жалпы мақсатын ашу.

ОНАШ: талап қоя білу мен жігерлілік, дұрыс қарым-қатынас пен аз сөзділік, жинақылық пен нақтылық.

ДМОК: оқушыларды іске қосудың тездігі, сынып пен құралдардың сабаққа толық дайындығы.

2.Үй тапсырмасын тексеру

КМ: оқушылардың үй тапсырмасын орындауының дұрыстығы мен түсініктілігін айқындау. Байқалған олқылықтарды жою мен білімді жетілдіру.

МӘМ: үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың білім деңгейлерін айқындау, оқушылар біліміндегі ортақ кемшіліктер мен олардың пайда болу себептерін анықтау, жою.

ОНАШ: тексерудің мақсатты бағыттылығы, көп оқушының білімін тексеруге мүмкіндік беретін әдістер-тәсілдер жүйесін қолдану.

ДМОК: оқушылардың білім деңгейі мен ортақ кемшіліктерді аз уақыт ішінде анықтау, тексерудің дамытушылық сипаты.

3.Жаңа сабаққа дайындық

КМ: оқушыларды оқу-таным іс-әрекетіне дайындау, қажет білімдерді өзектендіру.

МӘМ: сабақтың үш жақты мақсатын қою және оны қабылдау бағытындағы оқушылар әрекетін ұйымдастыру.

ОНАШ: үш жақты мақсатты айқын қоя білу мен оны қабылдау бағытындағы оқушылар әрекетін ұйымдастыру әдістерін меңгеру.

ДМОК: мақсаттарды оқушылармен бірге құрастыру және оқушылардың оны қабылдау белсенділігі.

4.Жаңа білім игеру

КМ: зерттелетін деректер мен олардың мәні туралы түсінік және соның негізінде қажетті икемділіктер қалыптастыру.

МӘМ: жаңа ақпаратты хабарлау немесе оқушылардың өз бетінше жаңа білім игеруін ұйымдастыру, оқушылардың жаңа материалды қабылдауы, ой елегінен өткізуі, жалпылауы мен сезінуі, жүйелеуі мен нақтылауы.

ОНАШ: Оқушылардың өмір тәжірибесіне сүйену, жеке көмек беруде дербес ерекшеліктерін ескеру, алынған білімді практикада қолдануды ұйымдастыру.

ДМОК: Оқушыларды белсенді іс-әрекетке тарту, оқушылар жауаптарының мазмұндылығы мен тереңдігі.

5.Білімді алғашқы байқау

КМ: игерілген жаңа білімнің түсініктілігі мен оны игерудегі олқылықтарды, сол арқылы келесі кезеңге көшу мүмкіндігін анықтау.

МӘМ: оқушылардың негізгі білім мазмұнын түсінгендігін анықтау, игеруге қажетті білімнің толықтығын тексеру.

ОНАШ: оқушылардың ойлауын қажет ететін сұрақтарды қолдану, сыныппен тұрақты жұмыс, тексеру барысында олқылықтарды айқындау.

ДМОК: оқушылардың игерілетін білімнің негізгі мазмұныны түсінуі, сыныптың жеке жауаптарды толықтыру мен бағалауға тартылуы, анықталған олқылықтардың жойылуы.

6.Білімді бекіту

КМ: игерілген білімдерді, өзара талқылаулар негізінде ой елегінен өткізе отырып, практикада жалпы және шығармашылықпен қолдану.

МӘМ: негізгі ерекшелік-белгілерді көрсете отырып, оқушылардың игерген білімді қайта жаңғыртуы, нақтылауы.

ОНАШ: оқушылардың білімді қайта жаңғыртумен бірге, оны практикада қолдану іс-әрекетіне тартылуы, өзара балқылау арқылы білімді ой елегінен өткізуі.

ДМОК: оқушылардың жаңа білімді қайта жаңғырта білуі, білімді практикада қолдана білуі, білім-біліктердегі олқылықтарды жою.

7.Білімді жалпылау мен жүйелеу

КМ: өзара байланыстарды анықтай отырып, пәнішілік және пәнаралық ұғымдар жүйесін жасау және оны игеру.

МӘМ: оқушылардың жекелеген білім-біліктерін пәнішілік және пәнаралық ұғымдардың бүтін жүйесіне айналдыру

ОНАШ: Мұғалімнің білімді жалпылауға, жүйелеуга бағытталған сұрақтер мен тапсырмалар бере білуі.

ДМОК: Оқушылардың жекелеген деректер ғана емес, заңдылықтар мен теорияларды білуі.

8.Білімді бақылау

КМ: игерілген білім-білік-дағдыларды терең және жан-жақты тексеру. Кемшіліктер мен олардың пайда болу себептерін анықтау.

МӘМ: оқушылар білімінің толықтығы мен дұрыстығын, оларда қажет білік-дағдылардың қалыптасту барысын тексеру, кейдір оқушыларға тірек беру.

ОНАШ: оқушылардың пікір айтуына бағытталған дәстүрлі емес тапсырмалар мен нақтылау сұрақтарының болуы, оқушылардың бір-бірін толықтыруы.

ДМОК: тексерудің кешенділігі мен жан-жақтылығы, оқушылар пікірлерінің толықтығы, мұғалім нұсқауларының нақтылығы.

9.Сабақты қорытындылау

КМ: білім игеру мен іс-әрекет тәсілдерінің табыстылығына талдау жасау және білім-дағдылардағы типтік қателіктерді көрсету.

МӘМ: типтік қателердің себептері мен оларды жою жолдарын  көрсете отырып, сыныптың жалпы жұмысына толық сипаттама бере білу.

ОНАШ: типтік қателердің себеп-салдарын тез анықтау, жою жолдарын көрсете білу.

ДМОК: талдаудың қысқалығы мен нақтылығы, алдағы әрекеттерге нұсқаулардың айқындығы.

10.Үйге тапсырма беру

КМ: анықталған білім игеру нәтижелері негізінде үйге білімді тоылқтыруға және тереңдетуге бағытталған тапсырмалар беру.

МӘМ: сыныптың жалпы жағдайы мен жеке ерекшеліктерді ескере отырып, жалпы және деңгейлік тапсырмалар беру, оны орындау барысы туралы нұсқаулар беру.

ОНАШ: үй тапсырмасының білімді тереңдетуге арналған мақсатты бағыттылығы, оқушылардың жеке мүмкіндіктеріне сәйкестігі.

ДМОК: Берілген үй тапсырмасының орындау барысы мен оны бағалау өлшемдерінің оқушылардың барлығына түсініктілігі.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (06.03.2010)
Просмотров: 3540 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.4/5 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz