Қазіргі сабақты ұйымдастыру шарттары (интернеттен) - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Статьи » Мои статьи

Қазіргі сабақты ұйымдастыру шарттары (интернеттен)
Қазіргі сабақты ұйымдастыру шарттары

Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу – тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында; мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын атқаруын ынталандырады; оқушылар сабақта тек білім, білік және дағды жүйесін ғана емес, сонымен қатар танымдық қызмет әдістерінің өзін де иемденеді; сабақ педагогикалық қызметтің мазмұны мен әдістері арқылы тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі сабақ – бәрінен бұрын ол мұғалім оқушының тұлғалық дамуына, оның ойлау қабілетінің жылдам өсуіне, білімді ойлы және терең иегруіне, онда адамгершілік негіздерді қалыптастыруға бар мүмкіндіктерін пайдаланатын сабақ.

Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар

Мектептегі сабаққа қойылатын негізгі талап сабақта оқытудың жалпы білім беру, тәрбиелеу және дамытушы қызметтерін жүзеге асыру болып табылады. Бұл қызметтер әрбір сабақта белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы – сабақтың білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасау.

Сабақтағы білімді игеру деңгейлері

-          Қабылдау, пайымдау және есте сақтау деңгейінде;

-          Білімді үлгі бойынша қолдану деңгейінде;

-          Білімді және жаңа жағдаяттарды қолдану деңгейінде.

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар:

 1.Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әр сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.

2.Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.

3.Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.

4.Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.

5.Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді.

6.Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек. Оқыту процесі кез келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады.

7.Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.

8.Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек.

9.Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады.

10.Кез келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез келген сабақ оқшау қарастырылмай, сабақтар жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек.

11.Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек.

12.Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу – еңбек қамтамасыз ету. Мұғалім тәртіпті ұстау үшін әрбір оқушының тұлғалық сыйластығына сабақтасатын белгілі бір талап қоя білуі керек.

13.Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Сабақ – спектакль емес, оған көп дайындалғанмен, ол ешқашан репетицияланбайды.

14.Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.

15.Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Оқушылар орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардың өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.

16.Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін де ескеру керек.

Сабақты құруға қойылатын талаптар:

1.      Сабақтың бағдарламаға, өтетін орнына және уақытына сәйкестігі.

2.      Сабақтың құрылымы мен кезеңдердің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы.

3.      Идеялылығы мен ғылымилығы.

4.      Эстетикалық тәрбие, сабақтың эмоционалдық жақтары.

5.      Жаңа материалдар беру.

6.      Дамыта оқыту принциптерін сақтау.

7.      Өмірмен байланыс.

8.      Оқытудың көрнекілігі, оқытудың техникалық құралдарын пайдалану.

9.      Кітаппен жұмыс істеу.

10.  Жаңа ұғымдардың тууы, таным қуанышы.

11.  Дайындық жаттығуларын ұйымдастыру.

12.  Оқушылардың жұмысындағы дербестік.

13.  Оқушылардың белсенділігі мен бастамашылдығы.

14.  Оқушыларды жұмыстың әр алуан түрлерімен қамту.

15.  Жекелей әдіс (қабілеттілерге назар аудару, артта қалушылармен жұмыс істеу)

16.  Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

17.  Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру.

18.  Оқушылар білімінің тереңдігі мен беріктігі.

19.  Бағалардың сәйкестігі және оларға аннотация.

20.  Үй тапсырмасын ұйымдастыру.

21.  Сабақ өткізу қарқыны

22.  Мұғалімнің педагогикалық тактісі.

23.  Мұғалімнің сөзі, оның субъективті жетістіктері.

24.  Дауыстап айтумен жұмыс істеу.

25.  Сөздік – фразеологиялық және стилистикалық жұмыс.

26.  Байланыс сөзін дамыту, практикалық бағыттылық..

27.  Грамматиканы, лексиканы оқу.

28.  Оқу техникасы.

29.  Сөйлеу және жазу мәдениеті.

30.  Көркем шығармаларды оқу.

31.  Жазбаша жұмыстар жүйесі.

Сабақ оқушылардан тәртіптілік пен таңдауды талап етеді. Я.А.Коменский "Тәртібі жоқ мектеп суы жоқ диірменмен бірдей” деп айтқан. Тәртіпті сақтауда оқу материалын қызықты және байыпты мазмұндаудың маңызы зор. К.Д.Ушинский "сабақта күлкі мен әзіл болуы керек, бірақ сабақты әзілге айналдыруға болмайды” деп ескертті. Сәбиді тәртіпті болуға бастауыш сыныптарда алғашқы сабақтардан бастап үйретудің маңызы зор.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (06.03.2010)
Просмотров: 5989 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.3/3 |
Всего комментариев: 1
1  
Сабақты ұйымдастыру формасы тегін материал сслка:
http://turbobit.net/n3d152btya8t.html

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz