Қазіргі білім беру парадигмалары - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Қазіргі білім беру парадигмалары

Білім беру парадигмалары

 Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді.

Білім беру парадигмасы -  білім берудің тұжырымдамалық нобайы. Бұл ұғымды Колесникова енгізген.

Білім беру парадгмаларын қалыптастыру адамзаттың әлеммен өзара әрекеттесудің әр түрлі тәсілдерін игеру барысында жүзеге асып отырған. Әр парадигма дүниені, педагогикалық нысандарды  қабылдаудың, олардың мәнін түсінудің әр түріне сай келеді. Мәдениетке деген үш амал және білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі бар.

Мәдениетке деген үш амал: 1)аксиологиялық – мәдениет құндылық ретінде қарастырылады; 2)әрекеттік – материалдық немесе рухани құнылықтарды игеру, жасау бағытындағы белгілі бір іс-әрекет; 3)тұлғалық – мәдениет тұлғаның белгілі бір типтерінде, оның қасиеттерінде көрініс табады.

Осы мәдениетке деген үш амалға сәйкес білім берудің тұжырымдамалық үш үлгісі немесе үш парадигма бар:

1.Дәстүрлі-консервативті (аксиологиялық амалға сай) білім беру арқылы мәдениетті сақтау, оң мәні бар.

2.Рационалистік (әрекеттік амал) – баты назарда білім емес, әрекет ету тәсілдері.

3.Феноменологиялық (тұлғалық амал) – мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.

Парадигмалар мыналар бойынша ерекшеленеді:

-білім беру мақсаттары бойынша,

-мектеп функцияларын түсіну бойынша;

-мақсатқа жету жолдары бойынша;

-педагогикалық әрекеттесу сипаты бойынша;

-оқушының білім берудегі позициялары бойынша.

Негізгі құндылықтарды таңдау білім беру парадигмасын айқындайды.

 1.Дәстүрлі-консервативті (білімдік) парадигма

Дәстүрлі-консервативті парадигма негізін үш постулат құрайды:

1)білім беру негізінде базалық білімдер мен соларға сәйкесті икемділіктер мен дағдылар жатуы керек.

2)білім беру жүйесі академиялық сипатқа ие болып, ғылымның негізгі салаларына бағдарлануы керек. Мектеп уақыт сынынан өткен, білім беру негізін құрайтын мәселелерге баса назар аударауы тиіс.

3)Этикалық құндылықтарға ерекше орын беріледі.

Бұл парадигма сақтаушылық функцияға негізделген. Мектеп мақсаты әлеуметтік реттілікті сақтауға ықпал ететін идеалдар мен құндылықтарды сақтау және кейінгі ұрпаққа беру болып табылады. Академиялық бағыттылық өмірмен байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Бұл парадигма Кеңестер Одағында өткен ғасырдың 50-жылдарына дейін сақталып келді.

Технократиялық (аралық) парадигма

Бұл парадигма ғылыми-техникалық революция құбылыстары мен деректерін қадағалау мен олардың салдарынан туындады. Оның негізінде ғылыми дәлелденген, тәжірибемен сынақтан өткен шындық туралы түсініктер жатыр.

Технократиялық парадигмадағы мұғалім ұраны: «Күш - білімде!».

Мұнда шынайылық өлшемі тәжірибе болып табылады. Бұл жағдайда білім нәтижесі «иә-жоқ», «біледі-білмейді», «меңгерген-меңгермеген» деп есепке алынады. Әрдайым белгілі бір эталон, үлгі, норматив болады да, білім деңгейі сонымен өлшенеді. Адамның сапасы белгілі бір әлеуметтік функцияларды орындауға дайындығын бағалау арқылы анықталады. Қажетті білім, тиісті құлық туралы түсінік мемлекеттік деңгейде анықталып, бекітіледі. Философиялық сана деңгейінде ғылым мен білімге деген «сүйіспеншілік» болады, бірақ балаға деген шынайы сүйіспеншілік артық нәрсе ретінде алынып тасталып, оның орнына талап пен құрмет назарға алынады.

Ресми түрде Кеңестер Одағында 1958 жылы ендірілді. Оқулықтардан Конституция, Психология, Логика алынып тасталды. Орнына техникалық қызмет көрсету, әскери дайындық пәндері енгізілді. Қазіргі еңбек практикасы - сол парадигманың жаңғырығы.

 Бихевиористік (құлық) парадигмасы

Бихевиористік (құлық) парадигма негізінде психологиялық бағдарлану жатыр. Бихевиоризм – мінез-құлықты адамның сыртқы ортаның әсеріне реакциясы ретінде қарастыратын мінез-құлықтың психологиялық теориясы. Мұнда ішкі көңіл-күйге емес, сыртқы стимулға көбірек назар аударылады.

Бұл үлгіде мектеп балалардың мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында білім игеру жолы ретінде қарастырылады.

Мектеп мақсаты: оқушыларды ортаға, белгілі бір ситуацияларға бейімделген мінез-құлық қалыптастыру және әлеуметтік нормаларға, мәдени талаптарға сай келетін белгілі бір әрекеттер жиынтығын беру.

Құлық ұғымымен адамға тән (ойлар, сезімдер, әрекеттер сияқты) барлық реакция түрлері белгіленеді. «Әлеуметтік инженерия» терминін американ психологі Скиннер енгізген. Мұның бәрі нақты бір дағдылар мен реакцияларды қалыптастыруға бағытталады. Бұл парадигма Австралияда, Бельгияда, АҚШ-та қолданылған.

 Гуманистік (Феноменологиялық) парадигма

Басты назарда – оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару.

Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шфғармашылық жатыр.

Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.

Выгодскийдің айтуынша, даму балаға берілетін көмек шамасымен анықталады. Выгодский бойынша, дамудың екі аймағы бар:

Өзекті даму аймағы, яғни БИД (білім, икем, дағды) меңгеріп, оны өздігінен пайдалану аймағы.

Жақын даму аймағы, яғни білім игеру үшін баланың ересектер көмегін пайдалану аймағы.

Сонымен бірге, жалпы даму (әмбебап қабілеттер), арнайы даму (салалық қабілеттер, дарындылық), мәдени даму салалары бар.

Дамудың ең жоғары деңгейі – өзіндік даму.

Бастысы: таным жолын әркімнің өздігінен табуы.

Ұраны: «Таным – күш!».

Педагогикалық процесс диалог немесе полилог бойынша жүзеге асады және импровизацияға толы, біржақты шындық болмайды.

Негізгі ұстанымы: әркімнің дүниені тану құқығын шектемей балалар мен ересектердің құндылық-бағдарлы теңдігі.

Бұл бағыт субъект-субъектілік қарым-қатынасты қалыптастырады.

Мұғлім мен оқушылар іс-әрекеттің мақсатын, оның мазмұнын бірлесе жасап, оны ұйымдастыру мен бағалау формаларын ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, таңдайды.

Негізгі өкілдері: Сократ; Коменский; Песталоцци; Руссо; Дьюи және тағы басқалар.

Олардың көзқарастары бағыттас болғанымен, пікірлері бірдей бола бермейді. Парадигма аясында білім берудің алуан түрлі үлгі, нобайлары қатар жүзеге асырылуда. Бірақ олардың бір бағыттас екендігін балаға деген құндылық қатынас пен баланың дамуы мектептің басты мақсаты екендігін мойындауы   көрсетеді.

Парадигма 1991 жылы әр жерде мұғалімдер бастамасымен енгізілді. Осы уақытқа дейін өзектілігін жойған жоқ.

Кейбіреулер бұл парадигманың уақытша құбылыс екенін, кейін менталитетке сай келетін білімдік парадигмаға қайта оралатынын айтады.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (06.03.2010)
Просмотров: 10088 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.5/8 |
Всего комментариев: 1
1  
пайдалаган адебиеттер тизимин неге салмайсыздар

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz