Педагог портфолиосы мазмұны - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Педагог портфолиосы мазмұны

Мұғалім портфолиосының негізгі бөлімдері

 1-бөлім. «Мұғалім жайлы жалпы мәлімет».

Бұл бөлімде мұғалімінің түрлі саладағы жетістіктері мен жеке кәсіби даму үрдісі енгізіледі.

2-бөлім. «Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері».

Бұл бөлімде мұғалімнің педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің динамикасы көрсетіледі . Мұғалімнің жетекшілік ететін пәні бойынша оқушылардың білім бағдарламаларын меңгеру қорытындысы және құзырлылықтың қалыптасуы, оқушылардың мектепішілік, аудандық, облыстық олимпиадаларға қатысу негізінде үш жылдық салыстырмалы талдаулары (сызба, график, кестелер түрінде), оқушылардың аралық бақылау мен қорытынды аттестация нәтижесі, оқушылар арасындағы «Алтын белгі» иегерлері, оқушылардың ЖОО түсу мәліметтері.

3-бөлім. «Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет».

Бұл бөлімде мұғалімнің кәсіби әдістемелік жинақтары, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технолгияны қолдану материалдары, білім беру үрдісінде АКТ-ны қолдануы, әдістемелік бірлестіктегі жұмысы, кәсіби және шығармашылық байқауларға қатысуы, пәндік және әдістемелік апталықтарға қатысуы, шебер- сынып, дөңгелек үстел, семинарларды ұйымдастырып өткізуі, авторлық бағдарламалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі, баяндама, реферат, шығармашылық есеп дайындауы, баспа материалдары.

4-бөлім. «Пән бойынша сабақтан тыс іс-әрекеттері».

Пән бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстары, рефераттары, ғылыми-зерттеу жобаларының материалдары, олимпиада, байқау, сайыстар, интелектуалдық марафон жүлдегерлерінің тізімі, сыныптан тыс іс-шаралардың сценарииі, бейнематериалдары және элективті курс, факультатив, үйрме бағдарламалары.

5-бөлім. «Оқу-материалдық база».

Бұл бөлімде мұғалімнің пән бойынша оқу кабинетіне қосқан әдістемелік үлесі: пән бойынша сөздіктер мен анықтамалықтар тізімі, көрнекі құралдар тізімі, техникалық құралдар, компьютер, аудио, бейнематериалдары, дидактикалық материалдар және оқушылардың білім сапасының динамикасы.

6-бөлім. «Сынып жетекшілік жұмысы».

Бұл бөлімде оқушылардың жалпы және пән бойынша оқу-тәрбие үрдісінің қорытындылары бойынша шығарылған рейтинг жүйесінің мәліметтері жинақталады. Оқушылар ұжымының даму денгейін анықтау, оқушы портфолиосының жұмыс жүйесі. Ата-аналармен жүмыс: сынып оқушыларының үлгірімі мен білім сапасының талдауы, сынып оқушыларының контингетінің сақталуы жайлы мәлімет, құқық бұзушылық туралы ақпарат, ата-аналардың жұмыс орны туралы мәлімет, сынып сағаттары мен ата-аналар жиналысының материалдары.

7-бөлім. «Пікірлер».

Бұл бөлімде оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп бітрушілердің, мектеп басшыларының пікірлері жинақталады.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (27.05.2008) | Автор: Еркин Дуйсенбаев
Просмотров: 6851 | Рейтинг: 3.4/9 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz