Қазіргі сабақтың қыры мен сыры - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Қазіргі сабақтың қыры мен сыры

Қазіргі сабақ

Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан.

Сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе.

Сабақ оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы бола отырып, жекелеген бөліктерден – кезеңдерден тұрады. Сабақтың жүйе құраушы элементі мақсаттар болып табылады. Мақсаттар барлық білім беру міндеттерін, сол арқылы сабақтың негізгі кезеңдерін бүтін бір дүниеге – сабаққа біріктіреді.

Сабақ білім берудің нақты мақсаттарын жүзеге асыру формасы болып табылады. Ол әрдайым уақытпен шектеулі. Бұл жерде мақсат деп оқытудың жоспарланған нәтижелерін түсіну керек.

Сонымен, сабақ мақсаттары екі түрде беріледі:

-         Мұғалім іс-әрекетінің мақсаттары.

-         Оқушылар іс-әрекетінің мақсаттары.

Білім беру барысында мақсаттардың екі түрін бөліп көрсетеді: біріншісі – бала тұлғасын дамытуға бағытталған, екіншісі – пән мазмұнын игертуге бағытталған. Пән мазмұнын игертуге бағытталған мақсаттардың бала тұлғасын дамытуға бағытталған мақсаттарды жүзеге асыру құралы екенін ескеру керек.

Білім игеру үрдісінің логикасы

 1.Қабылдау. 2.Пайымдау. 3.Есте сақтау. 4.Қолдану. 5.Жалпылау.
 Сабақтардың негізгі типтері

Оқу сабақтарының типологиясын білім игеру үрдісінің логикасынан шығарған орынды болмақ. Сонда төмендегідей сабақ типтері шығады:

І.Кіріспе сабағы.

ІІ.Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту сабағы (1+2+3+5).

ІІІ.Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы (3).

ІV.Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы (4).

V.Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы (5).

.Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау, түзету сабағы.

 І.Кіріспе сабақ

-         Мотивация (ұйымдастыру) кезеңі.

-         Игерілетін тақырыпты бейнелі елестету.

-         Практикалық және әлеуметтік маңыздылығын пайымдау.

-         Рефлексия кезеңі.

Өткізу формалары: “Ашық ойлар” сабағы, “Эврика” сабағы, “Пайымдау” сабағы.

ІІ.Жаңа білім игеру және оны алғашқы бекіту сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Оқушылардың субъктивті тәжірибесін өзектендіру.

-         Қабылдауды ұйымдастыру.

-         Пайымдауды ұйымдастыру.

-         Түсінуді алғашқы тексеру.

-         Алғашқы бекітуді ұйымдастыру.

-         Талдау.

-         Рефлексия.

Өткізу формалары: Лекция, семинар, экскурсия, конференция, “Эврика” сабағы, практикалық жұмыс, “Дидактикалық ертегі” сабағы.

ІІІ.Білімді және әрекет тәсілдерін бекіту сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Қажетті білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.

-         Білімді дағдылы және өзгерген жағдайда қолдану үлгісін құрастыру.

-         Білімді өздігінен қолдану.

-         Бақылау және өзін-өзі бақылау.

-         Түзету.

-         Рефлексия.

Өткізу формалары: Семинар, экскурсия, консультация, практикум, “саяхат” сабағы.

 ІV.Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Кешенді білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.

-         Білімді ұқсас және жаңа жағдайда өздігінен қолдану.

-         Бақылау және өзін-өзі бақылау.

-         Түзету.

-         Рефлексия.

Өткізу формалары: Семинар, практикум, “шығармашылық” сабақ, “әдеби қонақжай” сабағы, “Не? Қайда? Қашан?” сабағы, “саяхат” сабақ, “концерт” сабақ.

V.Білім мен әрекет тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Оқу материалы мазмұнын талдау.

-         Оқу материалындағы бастыны бөліп көрсету.

-         Жалпылау мен жүйелеу.

-         Пәнішілік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.

-         Рефлексия.
Өткізу формалары: Лекция, семинар, “ашық ойлар” сабағы, экскурсия.

VІ.Білім мен әрекет тәсілдерін тексеру, бағалау сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Тапсырмаларды өздігінен орындау.

-         Бақылау және өзін-өзі бақылау.

-         Талдау.

-         Бағалау.

-         Рефлексия.
Өткізу формалары: Бақылау жұмысы, зачет, емтихан, “сайыс-сабақ”, “конкурс” сабағы, “КВН-сабақ”, “Білім жәрмеңкесі” сабағы, “қоғамдық білім байқауы” сабағы.

.Білім мен әрекет тәсілдерін түзету сабағы

-         Мотивация кезеңі.

-         Тапсырмаларды өздігінен орындау.

-         Бақылау және өзін-өзі бақылау.

-         Талдау.

-         Түзету.

-         Рефлексия.

Қазіргі сабақтың жалпы құрылымы (Шамова)

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын тексеру

3.Оқушылардың субъктивті тәжірибесін өзектендіру

4.Жаңа білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін игеру

5.Игерілгенді түсінуді алғашқы байқау

6.Игерілгенді бекіту

7.Игерілген білімді қолдану

8.Жалпылау мен жүйелеу

9.Бақылау мен өзін-өзі бақылау

10.Түзету кезеңі

11.Үй тапсырмасы туралы ақпарат

12.Сабақтың қорытындысын шығару

13.Рефлексия кезеңі

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (27.05.2008) | Автор: Еркин Дуйсенбаев
Просмотров: 7109 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/8 |
Всего комментариев: 1
1  
Привет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz