Мектептің даму бағдарламасын жасау жолдары - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Мектептің даму бағдарламасын жасау жолдары

Мектептің даму бағдарламасы

1.Мектеп туралы ақпараттық анықтама дайындау

-         Оқушылардың саны;

-         Ауысымдар саны мен ондағы сыныптар;

-         Білім сатылары немесе парллелдер бойынша сыныптар саны;

-         Мұғалімдер саны (жалпы және білім деңгейлері, санаты, атағы, өтілі, жынысы және т.б бойынша);

-         Мұғалімдердің орташа жасы;

-         Мектептің жұмыс режимі;

-         Сыныптар бойынша сабақтың ұзақтығы;

-         Материалдық-техникалық база жағдайы;

-         Сабақтан тыс тәрбие жұмысының сипаттамасы;

-         Мектептің тарихы, дәстүрлері, мұралары туралы қысқаша мәліметтер;

-         Оқушылар контингентінің (жынысы, әлеуметтік жағдайы, ұлты, денсаулығы, жетістіктері т.б бойынша) сипаттамасы;

-         Социум (мөлтекаудан тұрғындары, мектеп маңайы, өнер-спорт мекемелері, сауда орындары, т.б) сипаттамасы;

-         Ғалымдармен, ғылыми орталықтармен, ЖОО кафедраларымен, БАИ-лармен байланыс бар-жоқтығы;

-         Соңғы оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің қысқаша қорытындылары және соңғы жылдардағы жетістіктер динамикасы;

-         Мектептің ең күшті жақтары мен тамаша жетістіктерінің сипаттамасы.

2.Мектеп жағдайын проблемалық талдау

Проблемаларды талдау соңынан басына қарай жүреді: алдымен нәтижелер, сонан соң оқу-тәрбие процесі, тек содан кейін барып алғышарттар мен жалпы жағдайлар талдалады.

1.Нәтижелерді талдау

1)әлеуметтік тапсырыстар арқылы мектеп жұмысына қойылатын талаптарды анықтау.

2)талаптарды мектеп жұмысының нәтижелерімен салыстыру.

3)қойылған талаптар мен жеткен жетістіктер арасындағы айырмашылықтар арқылы шешілетін проблемаларды айқындау.

Талданатын негізгі нәтижелер

Білім беру мазмұны мен оқушылардың білім-білік деңгейі.

Оқушылардың жалпы дамуы мен тәрбиелілігі.

Мектеп бітіруші түлектердің денсаулығы мен олардың шығармашылыққа дайындығы.

2.Оқу-тәрбие жұмысын талдау

Оқу-тәрбие жұмысын талдау анықталған проблемалардың пайда болуы себептерін немесе оқу-тәрбие процесіндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

3.Жағдай-шарттарды талдау

Жағдай-шарттарды талдау оқу-тәрбие процесіндегі кемшіліктердің себебі неде екенін немесе қандай жағдайлардың жасалмағандығында екенін көрсетеді.

3.Жаңа мектеп тұжырымдамасын құру

Жаңа мектеп тұжырымдамасын дайындау сатылары

1.Проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін идеяларды іздеу және бағалау.

2.Жаңа мектепмиссиясыннақтылау.

3.Мектепмиссиясыніске асыруды қамтамасыз ететін мүмкіндіктер мен жағдайларды ескере отырып, тұжырымдамаға қажетті идеяларды таңдау.

4.Жаңа мектептің жұмыс атқару тұжырымдамасын (басқару тұжырымдамасын) қалыптастыру.

5.Басқарылатын жаңа жүйенің тұжырымдамасын жасау.

Жаңа мектеп тұжырымдамасы

Жаңа мектеп тұжырымдамасы екі бөлімнен тұрады: мектептің даму тұжырымдамасы мен басқару тұжырымдамасы.

Мектептің даму тұжырымдамасы

1.Жаңа мектептің білім беру сатылары бойынша құрылымы (негізгі міндеттері мен сынып типтері);

2.Жаңа оқу жоспары;

3.Жаңа оқу бағдарламалары;

4.Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру;

5.Жаңа білім беру мазмұнын іске асыратын жаңа әдістемелер мен технологиялар;

6.Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының жаңа мазмұны мен құрылымы.

Мектеп басқару тұжырымдамасы

1.Басқару жүйесін жаңаша ұйымдастыру құрылымы;

2.Жаңа басқару нысандарына сай жаңарған лауазымдық нұсқаулар;

3.Жаңаша басқару механизмдері мен әдістері.

 4.Жаңа мектепке көшу стратегиясы мен міндеттерін дайындау

Жаңа мектепке көшу стратегиясы мен міндеттерін дайындау сатылары

1.Бұрынғы мектептен жаңа мектепке көшу кезеңдерін анықтау.

2.Өзгеріс жасау бағыттарын кезеңдер бойынша топтау.

3.Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінің міндеттерін анықтау.

4.Қажетті ресурстардың қолда барын бағалау.

5.Жаңа мектеп құрудың алғашқы кезеңінің мақсаттарын анықтау

Жаңа мектеп құрудың алғашқы кезеңінің мақсаттарын анықтау сатылары

1.Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде мектептің әр сатысы бойынша күтілетін өзгерістерді болжау.

2.Сатылар мен сыныптар бойынша күтілетін нәтижелік өзгерістердің өзара үйлесуін бағалау және түзету енгізу.

6.Іске асыру жоспарын дайындау

Іске асыру жоспарын дайындау сатылары

1.Бағдарламаның бірінші кезеңінде іске асырылатын негізгі бағыттар мен міндеттерді белгілеу.

2.Міндеттерді орындауға қажетті әрекеттер құрамы мен орындаушыларды анықтау.

3.Барлық іс-шаралардың мерзімдерін үйлестіру.

4.Іс-әректер жоспарының қаржылық қор бойынша теңгермелілігін бағалау.

7.Бағдарламаны сараптау

Бағдарламаны сараптау бағыттары

1.Бағдарламаның толықтығын (құрамын) бағалау.

2.Бағдарламаның бүтіндігін (үйлесімділігін) бағалау.

3.Қорытындылар мен пікірлердің негізділігін бағалау.

4.Кемшіліктер, қателіктер, ескертпелер.

5.Жаңа идеялар мен ұсыныстар.

6.Қорытынды (жарамдылығы).

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin (27.05.2008) | Автор: Еркин Дуйсенбаев
Просмотров: 16932 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 4.3/21 |
Всего комментариев: 6
6  
Сайтты бағалаңыз дегенді архивке сілтеме еткенсиз ба

5  
Мектеп бітіруші деген бағдарлама бойынша жоспар керек еді. Жаңа жоба жасасам дегем. Бағдарлама жоспары 11 ссыныптарға грантка туси жолдары жайлы

4  
Здравствуйте, это тестовый прогон для составления блэка.
Если вы не хотите больше получать сообщения от нас пожалуйста напишите ваш URL в аську.
ICQ 594205421

Спасибо за внимание. После прочтения пост можно удалить.

3  
Бағдарлама жасау үлгісі қазіргі талапқа сай. Ал енді осы үлгімен құрылған қандай да бір қазақ мектебінің даму бағдарламасы бар ма?Болса, жіберіңізші!Жарты жыл бойы осы мәселемен айналысып жүрмін.Тамаша мақалалар, бағдарламалар орыс тілінде берілген.Сіздің саиттағы мақаланы көріп, қуандым.

1  
Түсініксіз мақала, нақты қандай даму жолы бар екендігі көрсетілмеген

2  
Мақала мектептің даму жолдары емес даму бағдарламасын жасау жолдары туралы. Мұнда көптеген елдерде, әсіресе Ресейде жиі қолданылып жүрген бағдарлама жасау үлгісі берілген.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz