Білім сапасын бақылау мен бағалау (соңы) - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Білім сапасын бақылау мен бағалау (соңы)

Білім сапасы деген не?

"Сіздің оқыту барысындағы басты мақсатыңыз не?” деген сұраққа кез келген ұстаз "сапалы білім беру” деп ойланбастан жауап береді. Бірақ артынша қойылған "Білімнің сапасы деген не және оны қалай анықтайды?” деген сұраққа ойланып қалады. Демек, оқушыларға сапалы білім беру үшін, ұстаздар алдымен, білім мазмұнына нелер кіретінімен қатар, оның қандай сапалық қасиеттері болатыын және оны қалай айқындайтынын нақты білуі тиіс. Сонан соң, сол білімнің қай сапасы қандай жолмен тиімді тексерілетінін түсіну керек. Онсыз мұғалімнің жалпы педагогикалық қызметі "түйсіксіз тәуіптің, тамыр ұстамай-ақ, сенгіш сырқатқа сапасыз ішірткі ішкізгеніне” ұқсап кетеді.Табиғаттағы бар тіршіліктің тірегі болып саналатын судың ауыр-жеңіл сияқты түрлері, мөлдір-лай сияқты түстері, ал дәмі, иісі, т.б., қасиеттері болатыны секілді білім де, академик И. Лернер айтқандай, сапалық қасиеттеріне қарай алтыға бөлінеді екен. Әрине, білім сапасының басқа да маңызды, бірақ күрделі қасиеттері бар екені белгілі. Дегенмен бұл жерде біз, білім сапсының дұрыстығы, толықтығы, әрекеттігі, түсініктілігі, беріктігі, жүйелігі сияқты қасиеттерін қарастырғалы отырмыз.

Жалпы алғанда, білімнің мазмұны (көп жағдайда) құрамы бойынша анықталса, білім сапасы көбіне деңгейі бойынша анықталады. Орыс академигі В. Беспалько білім игерудің төрт деңгейін бөліп көрсетеді: оқушылық (қайта жаңғырту), алгоритмдік (жүйелеу, реттеу), эвристикалық (танымдық ізденіс) және шығармашылық (ойлап табу, құрастыру). Осы аталғандардың ішінде алғашқы үшеуі иектепте қолданылатын үш бағаға салыстырмалы түрде сай келеді деп есептеледі және білім сапсының да үш деңгейін анықтайды: оқушылық-дұрыстығы мен толықтығы; алгоритмдік-түсініктілігі мен әрекеттілігі; эвристикалық-жүйелілігі мен беріктігі.

Білім сапасының дұрыстығы мен толықтығы сияқты қасиеттері білім игерудің оқушылық деңгейінде, әрекеттігі мен түсініктілігі алгоритмдік деңгейінде, беріктігі мен жүйелілігі білім игерудің эвристикалық деңгейінде айқын көрінетіндігін жоғарыдағы кестеден байқауға болады.

Осы жағдайға сәйкес мұғалім бала біліміне "қанағаттанарлық” баға қою үшін оның дұрыстығы мен толықтығына назар аударса, "жақсы”деп айту үшін түсініктілігі мен практикалық тұрғыда қолдана алуынакөңіл бөледі, ал "үздік” деп есептеу үшін жүйелілігі мен ұзақ уақыт есте сақталуын есепке алуы тиіс. Бұл әрине оңай шаруа емес екені белгілі.

Білім сапасының оқу мақсаттарына қатысы қандай?

Білім сапасының оқу мақсаттарына қатысын қарастырмас бұрын, қазіргі жағдайда бұрынғы білімдік, тәрбиелік және дамытушылық деп бөлінетін (мұғалім тұрғысынан алынған) оқыту мақсаттары емес, американ ғалымы Блум жасаған (оқушы тұрғысынан алынған) оқу мақсаттарының оқыту барысындағы рөлі маңыздырақ екендігін айқындап алғанымыз дұрыс болар: 1. Білу. 2. Түсіну. 3. Қолдану. 4. Талдау(анализ). 5. Жинақтау(синтез). 6. Бағалау.

Солай бола тұрса да, мұғалімнің оқыту барысында оқушының білім игеру деңгейін басшылыққа алуы оның оқыту мақсаттарын дұрыс қойып, оқушыларға оқу мақсаттарын сатылап игертуі түрінде жүзеге асқанда ғана оң нәтиже бермек.

Бұл кесте де мұғалімге бала білімін дұрыс бағалауға өз көмегін тигізетіні даусыз. Өйткені, жатқа білу бар да, оның мәнін түсіну, іс жүзінде қолдану бар. Мәтінді (мәселені) сипаттау бар да, талдап, бағалау бар.

Білім сапасының оқыту әдістеріне қатысы қандай?

Білім сапасы білім игеру деңгейі мен оқу мақсаттарына тәуелді болатынын жоғарыдағы кестеден байқадық, ал ол, өз кезегінде, оқыту мақсаттары мен оқыту деңгейіне байланысты болмақ. Себебі, оқушының сапалы білімі оның танымдық және шығармашылық қабілеттеріне, сол арқылы белсенділігі мен дербестігіне тікелей тәуелді. Бұл – оқытудың жоғары деңгейдегі әдісі пайдаланылып, сабақ неғұрлым жоғары дәрежеде өтілген сайын, оқушылар білімінің де сапасы жоғары болады дегенді білдіреді. Басқаша айтсақ, бұл «не ексең, соны орасың» деген сөз.

Екінші жағынан, білімнің ең қажетті сапаларының бірі оның беріктігі (ұзақ уақыт есте сақталуы) десек, ол өз кезегінде оқытудың белсенділігіне тікелей қатысты. Себебі, тек өз тәжірибесімен байланыстырып, өзара талқылау нәтижесінде ой елегінен өткізіп барып алынған білім ғана ұзақ уақыт есте қалатынын ғалымдардың зерттеу жұмыстары көрсетіп беріп отыр.

Білімнің келесі бір маңызды қасиеті білімнің әрекеттігі оқушы іс-әрекеттің орындалу барысын түсініп, алынған білім-білікті өзгеге үйрету, күнделікті практикада үнемі қолдану Білімнің тағы бір құнды қасиеті білімнің жүйелілігі оқушылардың дербестігіне байланысты. Өйткені, себеп-салдарлық, уақыт-кеңістіктік байланысын анықтап, тәжірибе жасап, зерттеу жүргізу арқылы өздігінен игерілген білім ғана жүйелі болатыны белгілі.

Ал оқытудың белсенділігі мен оқушылардың белсенділігі сияқты мәселелер репродуктивтік әдіс емес, өз бетінше ізденуге бағытталған проблемалық әдістерге тәуелді екені белгілі. Ендеше, оқыту деңгейінің жоғарылығы – білім сапасына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі.

Білім сапасы қазір қалай бағалануда?

Оның үстіне, жан-жақты немесе тақырыптық тексерулер барысында, мектеп дирекциясы тарапынан да, білім бөлімі тарапынан да, оқыту нәтижесін – оқушылар біліміндегі өзгерістерді көрсететін негізгі білім сапалары емес, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, оқушылардың белсенділігі сияқты қосымша көрсеткіштер текеріліп келеді. Сонымен қатар мектептердің көпшілігі арнайы гимназия, лицей болмаса да дарынды баламен жұмысқа баса назар аударуға тырысуда. Ал бұл жоғары деңгейде диагностикалық-прогностикалық жұмыстар жүргізбейінше, өз нәтижесін бермейтін күрделі жұмыстар болып табылады. Бұл мектептердің көпшілігі өзінің негізгі міндеті – әр баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуын орынға қалдырып, аз ғана қабілетті оқушының шығармашылық қабілетін дамытумен айналысып жатқандығын білдіреді.

Білім сапасын бақылау қажет пе?

Бұл сұраққа жауап беру үшін алдымен басқа екі сұраққа жауап беру керек:

1. Білім сапасын кім бағалауы қажет? 2. Білім сапасын қалай бағалау қажет?

Білім сапасын білім бөлімінің инспекторлары, әсіресе әдіскерлер емес, ең алдымен мұғалім мен оқушының өзі бағалауы керек. Сонан соң мектепке сапалы білім беру жөнінде тапсырыс беретін ата-аналар мен қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік ұйымдар мен жұмыс орындары тарапынан құрылған тәуелсіз топ арнайы сарапшылармен бірге қоғамдық білім байқауы түрінде бағалау жүргізуі керек. Сонда ғана бар баланың мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына қол жеткізуге болады.

Білім сапасын тек тест арқылы бағалау тіл және қоғамдық пәндер бойынша оның дұрыстығы мен толықтығына, басқаша айтсақ есте сақтап, қайта айтып беру шектелуге, ал математика-жаратылыстану пәндерінде әрекеттігі мен түсініктілігіне, яғни алған білімді дағдылы жағдайда қолданумен шектелуге апарып соқтыруда. Білімнің ең негізгі сапалары оның жүйелілігі мен беріктігі назардан тыс қалып отырған жағдайда сапалы білім беріп жатырмыз деп айту қиын нәрсе. Сондықтан басты назарды білім мазмұнының тереңдігі мен оның сапасына бұратын кез келді. Тек осылай жасаған жағдайда ғана бүгінгі оқушылар ертеңгі күні елдің ардақты азаматтарына айналып, нарықтық бәсекелестік жағдайында қиналмай өмір сүре алатын болады.

Е.Дүйсенбаев

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (23.08.2008)
Просмотров: 6919 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 4.4/9 |
Всего комментариев: 3
2  
biggrin Салеметсызбе! материал алгым келып отыр бырак неге менен пароль сурай береды мен регистрация жасадым емес пе ?

1  
Салеметсизбе Еркин агай!!! Еңбегіңіз жана берсин, оте керемет жасалган, сизге сурагым!!! Мугалим болу тиімді ма?

3  
Биік қойған міндетті, парызды да,
Ұстаз болу мұраты - қиын белес.
Мұғалімдік - қызық та, маңызды да,
Ал бірақ та пайдалы, тиімді емес!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz