Білім сапасын бақылау мен бағалау (басы) - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Статьи » Мои статьи

Білім сапасын бақылау мен бағалау (басы)

Білім сапасын бақылау мен бағалау

Бұған түрткі болған, М.Поташниктің "Білім беру сапасын басқару   атты  әдістемелік құралында айтылған "білім сапасын мемлекеттік дәрежедегі маңызды мәселе деп қарастыру керек  деген құнды пікір, мәнді ой болатын. Жапон менеджері "Сіздерде өнімнің сапалылығына неліктен соншама көп қаржы  жұмсалады? ”деген сұраққа "Ал сіз сапасыздықтың келтіретін шығынын есептеп көрдіңіз бе? ” деген сұрақ түріндегі жауабы көңілге терең ой салады. "Шала жасағаннан жасамаған жақсы ” деген  нақылды мектептегі берілетін білім сапасына қатысты қарастырар болсақ , мынадай болып шығады екен :

Жоғарғы оқу орнына грант пен несие арқылы түсушілердің тестік сынақ тапсыру қорытындылары оқушылардың, нақтырақ айтсақ, мектеп бітіруші түлектердің білім деңгейінің оның аттестатындағы бағасынан көп төмен екендігін көрсетіп отыр.

Атап айтар болсақ, облыс бойынша соңғы екі жылда жоғары оқу орнына түсуге  арналған сынаққа қатысқан талапкерлердің математика бойынша 4-6 пайызы, физика бойынша 3-4 пайызы, химия бойынша 2-3 пайызы "үлгермесе ”, жалпы жаратылыстану пәндері бойынша барлық қатысушының 7-8 пайызы "2” алып отыр. Осы талапкерлердің басым көпшілігі, қазіргі мектептердің көбісі "білім сапасы ” деп қисынсыздау атап жүрген, "4” пен "5” –ке оқитындар санатынан екенін ескерер болсақ, бұдан көңіл қуантатындай көрініс шықпайды.

Бұл жағдайдың бір ұшы білім сапасын бағалауға барып тірелетіні даусыз. Осы жерде "білімнің сапасын біз қалай бақылап, бағалап жатырмыз?” деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, мектеп пен мұғалімнің жұмысының нәтижелілігі "қанша оқушысы шын мәнінде үлгермейтініне” байланысты емес, "неше оқушысы олимпиадада орын алып”, тоқсан және жыл қорытындысында "қанша оқушысы төрт пен беске үлгергеніне” байланысты бағаланатыны ойға оралады.

Жоғарыда айтылғандай, "сапаға”қатты мән берілетін жапон менеджментінде "Сапа” ұғымы басқаша қарастырылады:"Сапа” дегеніміз "жылжу жіне бір аймақтағы жүз фирманың біреуінің жүз қадам алға жылжуы емес, сол аймақтағы барлық фирманың әрқайсысының бір-бір қадам алға жылжуы”болып табылады. Ендеше бізге де білім сапасының осы жағына баса назар аудару қажет. Себебі жүйріктің жүзден, ал тұлпардың мыңнан ғана шығатыны бәрімізге белгілі ақиқат.

Оқушының үлгерім деңгейі білім сапасын байқата ма?

Қазіргі кезде, мұғалімдердің басым бөлігі, оқушы білімінің барлық сапасын ғана емес, тек толықтығы мен дұрыстығын ғана айқынырақ бағалайды, онда да бағдаламаларда көрсетілген стандарт талаптарына сай, абсолют түрде емес, балалардың білімін бір-бірімен шендестіре отырып, салыстырмалы түрде бағалап жүр. Демек сол мектептің немесе сол сыныптың ең білімді оқушысы "5”, одан сәл төмендеуі  "4”, ал ең нашары "2” болып бағалануда.

Орыс ғалымы В.Симоновтың айтуынша, қазір білім мазмұны бірінің құрамына бірі енетін бірнеше бөліктен тұрады: 1.Айырып тану-4 %; 2.Есте сақтау-12 %; 3.Түсіну-20 %; 4.Қарапайым икем-дағды-28 %; 5.Білімді жаңа жағдайда қолдану-36 %;

Соған сәйкес мектептерле білімді бағалау үш түрлі деңгейде жүргізілуде. Бір мұғалім  баланың білімді жалпы айырып айтқанына  "3”, ал жатқа айтып бергеніне "4”, түсінігін айтқанына  "5” қойса, келесі бір талапты сәл жоғарылатып, жатқа айтқанға "3”, түсінігін айтқанға "4”, ал практикада қолдана алса "5” қояды. Өкінішке орай, мемелекеттік стандарт талаптарына сай, алған білімін практикада қолдана алған балаға ғана "4”, тек білімді шығармашылықпен қолдана алған балаға "5” қоятын және оқушыларын сол деңгейлерге жеткізе алатын мұғалімдер некен-саяқ. Мұның бәрін түлектердің жоғары оқу орнына түсу барысы көрсетіп беріп отыр. Аттестатында үздік деген баға тұрған сынақ тапсырушылардың барлығы бірдей баға, оның ішінде үздік деген баға алып жатпағаны айдан анық. Ең жаман жері, олардың көпшілігінің қанағаттанарлық деңгейге зорға ілінетіндігі болып отыр. Әрине нағыз білім сапасы үлгеріммен өлшенбейтінін, өйткені үлгерім барысында мұғалімнің субьективті көзқарасы басым бағытқа ие болатынын білікті ұстаздар жақсы біледі. Дегенмен, әлі де болса, аудандық дәрежеде оқушылардың үлгерімін білім сапасыдеп қабылдау жалғасып келе жатыр. Ал түлектерінің грант пен несие арқылы оқуға түсуі қазіргі таңда жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие жұмысының негізгі бір көсеткіші екенін еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенінайқындала түседі.

Егер шын мәнінде, саналы тәрбиемен ұштасатын сапалы білім бергіміз келсе, ең алдымен сол білімнің мәні мен мазмұнын, сандық көрсеткіштері мен сапалық қасиеттерін айқындап алу керек. Сондықтан "білім мазмұнына  және оның "сапасына” арнайы тоқтала кеткен артық болмас.

Білім мазмұны деген не?

Білім сатысы оқуларына келген мұғалімдерден алынған сауалнамалардың нәтижелерін сараптау мынадай қызықты жағдайды аңғартады:

Тыңдаушылардың басым көпшілігі оқушы білімін оның мазмұны бойынша бағалай отырып, сол білімнің мазмұнына нелер жататынын өздері де анық білмейді. "Білім деген не және ол қандай бөліктерден тұрады” деген сұраққа "”

Білім мазмұнын орыс академигі И. Лернер айтқан тұрғыдан қарастырар болсақ, ол төрт бөліктен тұрады: білім (мәліметтер мен деректер), икемділіктер мен дағдылар, шығармашылық іс-әрекеттер және көңіл-күй құндылықтары.

Осы білім мазмұнының "мәліметтер мен деректер” атты алғашқы бөлігін (ұғымдарды анықтау, қасиеттерді түсіндіру барысында) гуманитарлық пәндерде көбірек сарапқа салатын болса, "икемділіктер мен дағдылар” атты келесі бөлігі (ережені негіздеу, есеп шығару) жаратылыстану пәндерінде таразыға жиі түседі. Бұл бөліктің алғашқыға қарағанда салмағы ауырлау болады. Тестік тексеру қорытындысына политехникалық пәндердің негізгі көрсеткіштерінің, гуманитарлық пәндерге қарағанда, төмендеу болуының бір себебі осыдан келіп шығады. "Шығармашылық іс-әрекеттер” атты білім мазмұнының үшінші бөлігі мектепте сыныптан тыс жұмыстарда, онда да инновациялық мектептерде ғана өз мәнінде қолға алынуда, ал жаңа буын оқулықтарындағы шығармашылық тапсырмалардың танымдық бағыты басымдау болып келеді, оның үстіне ондай тапсырмалардың сабақта қолданылуы, көп жағдайда, мұғалім шеберлігі мен қызығушылығына байланысты.

"Көңіл-күй құндылықтары” немесе "мінез-құлық сапалары” атты білім мазмұнының ең соңғы, ең маңызды бөлігі сабақ үстінде енді-енді дұрыстап қолға алынып жатыр, онда да көп жағдайда "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” бағдарламасына қатысты десек, артық айтқандық болмас. Өйткені сабақта (автор көзқарасына өз пікірін айту сияқты) білім мақсатын, сонымен бірге (тапсырманың қиындығы мен күрделілігін бағалау сияқты) білім мазмұнын талқылау – дәстүрлі сабақтарда тым сирек кездесетін құбылыс.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (23.08.2008)
Просмотров: 3661 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.7/3 |
Всего комментариев: 2
2  
қандай әдебиеттерді пайдаландыңыз

1  
Ереке веб сайтынызды бираз карадым оте жаксы кунды дуниелер бар казак сайттарынын бири екен. Маган осы сапаны баскаруга байланысты материал керек еди Курметпен Бакытжан Исатайулы
bki77@mail.ru

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz