Педагогикалық мониторинг - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Статьи » Мои статьи

Педагогикалық мониторинг

Білім беру сапасының мониторинг жүйесі

І.Жалпы мониторинг туралы

Мониторинг дегенiмiз не латын тiлiнен аударғанда (напоминающий, еске түсiрушi, қадағалаушы) қоршаған ортаны адам қызметiмен байланысты бақылау, бағалау, болжамдау деген мағынаны бiлдiредi.

Жалпы мониторинг дегеніміз

-         Белгілі бір саладағы маңызды  мәселелер бойынша жүйелі және үздіксіз ақпарат жинақтау әрекеті.

-         Белгілі бір жүйе, оның элементтері жайлы сараптама жасауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.

-         Нақтылау және түзету енгізу үшін жүзеге асырылатын процесс жағдайы, дамуы туралы ғылыми негізде үздіксіз қадағалау жүйесі.

Мониторинг – пән мазмұнына, ғылыми мамандығына байланыссыз ойлау қызметiнiң әмбебап (универсальды) типi.

Мониторингтiң атқаратын қызметi

1.      Әрекет барысына түзетулер енгiзу.

2.      Елеулi проблемаларды, олардың себептерiн анықтау, оларды шешуге ықпал ету.

3.      Аралық мiндеттерiн  орындалу сапасын анықтау, түпкiлiктi нәтиженi болжау.

4.      Сауатты түрде басқарушылық шешiмдер қабылдау.

Мониторингтiң түрлерi:

-         Педагогикалық;

-         әлеуметтанымдық;

-         психологиялық;

-         медициналық;

-         экономикалық;

-         демографиялық.

Мониторинг – ұзақ уақыт белгiлi бiр мақсат негiзiнде жинақталған, сақталған ақпараттарды өңдеу, субъектiлердi ақпарат нәтижесiмен қамтамасыз ететiн керi байланыс.

Мониторинг қызметi:

-         Мақсат.

-         Ұйымдастыру.

-         Ақпарат өңдеу.

-         Шешiм қабылдау.

-         Болжам жасау.

Мониторингтiң негiзгi мiндетi – мақсат пен нәтиже арасындағы айырманы азайту.

Мониторинг тиiмдiлiгiн арттырудағы маңызды талаптар

-         Ақпараттың толықтылығы.

-         Нақтылығы.

-         Объективтiлiгi.

-         Үздiксiздiгi.

-         Уақытында орындалуы.

-         Құрылымдылығы, үздiксiздiгi.

-         Мониторингтiң әр түрiне арнайы жасалуы.

ІІ.Педагогикалық мониторинг туралы

Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.

Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады: 1)ақпараттың мазмұны. 2)ақпараттың сапасы. 3)ақпаратты басқаруда пайдалану.

Ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары.

– Объективтiлiгі. – Нақтылығы. – Толыққандылығы. – Жеткiлiктiлiгi. – Оңтайлылығы.

– Жүйелендiрiлгендiгi. – Оперативтiлiгi. – Түсiнiктiлiгi.

Мониторинг жалпы педагогикалық ғылыми түсiнiктерге  сәйкес керi байланыс, рефлексия деген ұғымды бiлдiредi. Педагогикалық мониторинг - қандай да бiр объективтегі, құбылыстағы өзгерiстердi ұзақ уақыт бақылау. Ең кең тараған анықтама: педагогикалық жүйе қызметiнiң даму мақсатындағы ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату.

Г.А.Стефановскаяның анықтамасы бойынша “Педагогикалық мониторинг, бұл – диагностика, баға және педагогикалық үрдiстi жобалау, оның жүрiс барысын, даму перспективаларын қадағалау”.

Педагогикалық мониторингке әсер етуші факторлар:

Мониторингтiң педагогика теориясына және практикасына енуiне әсер етушi факторлар мыналар болып табылады:

-Педагогикалық жүйедегi инновациялық процестер.

-Педагогикалық менеджмент.

-Педагогикалық диагностика.

-Педагогикалық тестiлер.

-Бiлiмдегi, тәрбиедегi, дамудағы  жеткен жетiстiктер.

-Шығармашылық қабiлет.

Мониторингтiң негiзгi объектiсi – бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады.

Педагогикалық – психологиялық нәтиженiң сандық, сапалық бағалау өлшемi болып, оқу процесiндегi күтiлетiн нәтиже мен қызмет шарты белгiленген норм, эталон қабылданады.

Норма мониторинг үшiн ең негiзгi шарт, өйткенi нәтиже осы нормамен салыстырылады.

Педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.

Педагогикалық мониторингтiң негiзгi қасиеттерiнiң бiрi оқу-тәрбие үрдiсiнде үздiксiз бақылау жүргiзу. Сондықтан да педагогикалық диагностика педагогикалық мониторингтiң негiзгi компонентi болып табылады.

Педагогикалық мониторинг – педагогикалық жүйе қызметiнiң нақты нәтижесi мен мақсат арасындағы нормадан ауытқуды ғана бақылаушы емес, мақсатта, нормада, стандартта кеткен кемшiлiктердi анықтаушы, жетiстiктерге жету жолдарын түзетушi мәлiметтермен қамтамасыз ететiн керi байланыс.

Мониторинг – үздiксiз процесс. Мониторинг жүйесi оқу жылы басталмай тұрып жасалып қоюға тиiстi. Мониторинг пен бағалау ұқсастығы мақсатында, жұмыс жоспарына, штат кестесiне қатысты. Мониторингтiң көп аспектiсi бағалауға ұқсайды. Айырмашылығы орындау уақытында, кiм орындайтындығында,  сонымен бiрге жиналған  ақпараттың алуан түрлiлiгi мен нақтылығында.

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (22.08.2008)
Просмотров: 17983 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.9/12 |
Всего комментариев: 1
1  
жаксы сайт, ыздеген нарселердын барлыгын дерлык табуга ынгайлы. бырак алы де казак сайттарынын ышындегы материалдарды толыктыру керек! быздын казак сайттарымыз оте кедей,

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz