Мұғалімнің қызмет жүйесін диагностикалау мазмұны - Мои статьи - Каталог статей - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои статьи [109]
Статьи по методике [3]
современные интерактивные методы обучения, инновационные технологии, культура современного урока, методика преподавания предметов
Статьи по воспитанию [0]
Статьи по ПК [0]
Статьи по педагогике [0]
Современная дидактика, теория обучения и воспитания, философия образования
Статьи по менеджменту [0]
Теория управления, система менеджмента, мониторинг и диагностика
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Статьи » Мои статьи

Мұғалімнің қызмет жүйесін диагностикалау мазмұны

Ұстаздардың педагогикалық қызмет жүйесін диагностикалау

 

Мұғалімнің педагогикалық іс-тәжірибесін зерттеу төмендегі бағыттарды қамтиды:

1.      Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы.

2.      Таным заңдылықтарын терең түсінуі.

3.      Психо-педагогикалық біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін тұрақты жетілдіріп отыруы.

4.      Өзінің педагогикалық қабілеттерін дамытуы.

5.      Педагогикалық техникасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы.

6.      Жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мен білім берудің жаңа технологияларынан хабардар болуы.

7.      Жеке оқушылар мен сынып ұжымдарын жүйелі зерттеп отыруы.

8.      Жаңа буын оқулықтары мен мемлекеттік бағдарламаларды оқып-үйренуі.

9.      Оқу - тәрбие салалары бойынша жылдық және тақырыптық жоспарлар жасай білуі.

10.  Әрбір сабақ пен іс-шараға тыңғылықты дайындығы.

11.  Сабақ беруі мен оны (өз сабағын) талдай алуы.

12.  Оқушылардың жазбаша жауаптары және орындаған тапсырмаларын талдай білуі.

13.  Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі.

14.  Сынып жетекшілік және тәрбиешілік жұмысы.

15.  Педагогтың қоғамдық жұмысы.

Сонымен бірге, аудан педагогтарының арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізіліп, аудан педагогтарының кәсіби біліктілігін арттырудың диагностикалық картасы жасалады. Мектептердегі әдістемелік жұмыстардың сапасы сол бойынша анықталады. Диагностикалық карта жыл бойы жасалады және бірнеше кезеңнен тұрады. Онда мына бағыттар қамтылған:

1.      Мұғалімдердің оқыту және сабақ беру қабілеттері.

2.      Педагогтардың кәсіби мүмкіндіктері мен педагогикалық мәдениеті.

3.      Ұстаздардың өз білімін жетілдіру жүйесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу барысы.

Алдағы жылдың жұмыс жоспары мұғалімдердің сұраныстарын ескере отырып, осы диагностикалық карта негізінде жасалады.

Мұғалім жұмысын жан жақты тексеру (І нұсқа).

1.      Мұғалімнің кәсіби білімі (эрудициясы мен интеллект деңгейі, өз бетінше іздену барысы, ғылыми жұмыспен айналысуы, әдістемелік жұмыстарға қатысуы жақсы болуы, бағдарлама меңгеруі, жоспарлау барысы).

2.      Мұғалімнің оқыту шеберлігі. Сөйлеу мәнері мен әдебі, көрнекілікпен тек құрал пайдалануы, тиімді оқыту әдіс – тәсілін меңгеруі, оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру дәрежесі. (Пән аралық байланысты қамтуы,) оқушылардың белсенділігі мен дербестігі, логикалық ойлауы мен шығармашылық қабілетін дамыту.

3.      Мұғалімнің әдістемелік біліктілігі (өзара сабаққа енуі, шығармашылық есеп беруі, зертханалық тәжірибесі, байқаулар мен педоқуға қатысуы).

4.      Оқушылардың білім сапасы (диктант, бақылау, тест нәтижесі, оқу, жазу, есептеу дағдылары, ғылыми зерттеулерге, апталықтарға, олимпиадаларға қатысуы, үлгерім дәрежесі, оқу және ойлау икемділіктері).

5.      Мұғалімнің қоғамдың белсенділігі (кластан тыс жұмыс жүргізу, ата – анамен байланысы, берілген тапсырманы орындауы, қоғамдық жұмыстары, еңбекте, спорт пен өнерге жанашырлығы).

6.      Мұғалімнің кәсіби біліктілігі (жеке оқушымен жұмыс, дәстүрлі емес сабақтар, жеке бағдарлама, сапалы сабақ талдау, ашық сабақ, эксперименттік жүйе).

7.      Мұғалым туралы қосымша мәліметтер (курстан өтуі, атақ – дәреже, разряд, жүктеме).

Категория: Мои статьи | Добавил: erkin_64 (22.08.2008)
Просмотров: 9244 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 4.2/13 |
Всего комментариев: 8
8  
отбасын диагностикалық картаны қалай жасайды үлгісін беріңдерші

7  
Өзін-өзі пәні бойынша оқушылардың диагностикалық зерттеулері? тауып береіңіздерші

6  
казакша материалдар өте аз тапсан болды тек сатылыды деп турады.неге?

5  
Тууу арез дегенде керегімді таптым рахмет

4  
қазақша интернеттен ештеңе тапайсын, интернет қашан қазақша сөйлейді??????????

3  
Тагыда толыгырак болса рахмет

2  
нағыз керек тақырыбымды таптым ура!!!!!!!

1  
маган осы керек еди жаксы болды гой рахмет

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz