Соңғы қоңырау күнімен! Ұстаздарға арнау жыр - 25 Мая 2010 - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 2735
Главная » 2010 » Мамыр » 25 » Соңғы қоңырау күнімен! Ұстаздарға арнау жыр
Соңғы қоңырау күнімен! Ұстаздарға арнау жыр
13:02

Ұстаздарға мерекелік арнау

Соңғы қоңырау күнімен!

 

Жұмысты ойлап қаншама ұстаз жанықты,

Қаншама ұл-қыз өзін жақсы танытты.

Оқу енді басталды деп жүргенде

Міне, соңғы қоңырау кеп қалыпты.

 

Қызба жандар төзімдерін тауысты,

Шебер жандар шаттықпенен қауышты.

Қанша бала бір сыныпты бітіріп,

Бір жас қосып, келесіге ауысты.

 

Енді бәрі ҰБТ-ны уайым ғып,

Жүріп жатыр оған қызу дайындық.

Ата-аналар таңдап оқу, мамандық

Келер күннің ойлап жатыр жайын нық.

 

Жүрек толқып қоңыраудың үнінен,

Тақпақ жаттап қанша бала түнімен.

Ұстаздарға арнау айтып бүгін кеп

Құттықтауда соңғы қоңырау күнімен!

 

Қиындықтың көргенменен қандайын,

Басқалардың қақтырып бір таңдайын.

Әр мереке ұстаздарға осылай

Шаттық алып келе берсін әрдайым!

 

Игіліктен теріп маржан-жақұтты,

ізгілікке арнаған бар уақытты.

Қиындықтан қаймықпаған ешқашан,

Барлық ұстаз бола берсін бақытты!

 

Білім менен ақыл-ойды жиып кең,

Қиындықты нық көтеріп иықпен.

Сан асудан асып өтіп сүрінбей,

Барлық бала көрінсін тек биіктен!

 

Оқу бітіп көңілдер де жайлансын,

Барлық шәкірт сынақтарға сайлансын,

Ата-ананың ұл-қызына ғана емес,

Бүкіл елдің жұлдызына айналсын!

 

Ақ тілекпен Еркін Дүйсенбаев

 

Просмотров: 12504 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 4.7/44 |
Всего комментариев: 161 2 »
0
13 Жанерке   (22.05.2013 09:17)
Еркін аға, Сізге үлкен алғыс білдіремін! КООООООП-КОООООП РаХмЕт!!!!!!!!! Шығармашылық табыстар тілеймін!! Қанатыныз еш талмасын!!!!!!!!!!!!!!!!!

0
12 Aibek   (15.05.2013 14:42)
RAXMET

0
11 Сая   (19.12.2012 13:29)
Тамаша! Талабыңызға нұр жаусын!

0
10 динара   (04.10.2012 10:20)
өте керемет жарайсыз шабыт шаттық тілеймін өнеріңіз өрге жүзсін

0
9 Меруерт   (28.09.2012 14:01)
Сізге көп алғыс айтқым келіп отыр. Шығармашылық табыс тілеймін.

0
8 Гүлназ   (22.05.2012 16:01)
өлең- деген тумайды жайшылықта,өлең -деген тулайды екен қайшылықта!рахмет аға!осы сіздің тамаша өлең-шумағыңызды газет қабырғасына жазыпта үлгердім.спасибо от души,блогадарю!!!!!!!!

0
7 Гүлназ   (22.05.2012 15:55)
Еркін аға өлендерініз өте тамаша екен!шығармашылық табыстар тілеймин!!!!!!!

0
6 акжан   (06.05.2012 16:18)
сәлеметсизбе!маган пән мұғалімдері туралы тақпақтар керек еді,сизге өтініш жазып беріңізші мүмкін болса мамырдын 13 не дейін

0
5 Сaулeт   (28.04.2012 16:30)
Сaлeмeтсизбe! Отe кeрeмeт олeн,шыгaрмaшылыгынызгa тaбыс тилeймин! Сиздe eлдин мaктaнышы боп журиниз!

0
4 aidana   (28.02.2012 16:55)
ote keremet! Erkin aga arkawan jetistikke jete beriniz )))))

1-10 11-13
Имя *:
Email:
Код *:
Приветствую Вас Гость

Календарь новостей
«  Мамыр 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 0
Гостей: 0
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2014
Сделать бесплатный сайт с uCoz