Көктем келді, тағы да қайта оралып - 28 Февраля 2010 - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » 2010 » Ақпан » 28 » Көктем келді, тағы да қайта оралып
Көктем келді, тағы да қайта оралып
22:17
Көктем келді, тағы да қайта оралып,
Жаз да хабар ұзамай айтары анық.
Құс та келер қиқулап, жылы жақтан
Туған жерге сағыныш қайтар алып.

Тіршілікке талпыныс жан-жағыңда,
Төлдеп жатыр қорада мал-жаның да.
Келе жатыр әйелдер мерекесі
Апта дейтін белестің ар жағында.

Ұмтылыс бар қым-қуыт от басында,
Өмір шіркін, сірә да, тоқтасын ба?
Сонан кейін жер-жердің тоңы жібіп,
Самарқанда ериді көк тасың да.

Содан кейін дәстүрдің тауып ізін,
Басталады жыл басы - Науырызың.
Жұрт қазанға салады елді жинап
Сары майдай сақтаған сары уызын.

Аққу ұшып көліңде, қаз қонғанын,
Көріп көңіл шаттанып, мәз болғаның.
Бір қызықтан бір қызық есіңді алып,
Байқамай да қаласың жаз болғанын!
Просмотров: 1667 | Добавил: erkin | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь новостей
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz