Кеше Н.Бекежанов атындағы театрда «Мұстафа Шоқай» спектаклі қойылды - 14 Марта 2010 - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Наурыз » 14 » Кеше Н.Бекежанов атындағы театрда «Мұстафа Шоқай» спектаклі қойылды
Кеше Н.Бекежанов атындағы театрда «Мұстафа Шоқай» спектаклі қойылды
07:23

Кеше Н.Бекежанов атындағы театрда «Мұстафа Шоқай» спектаклі қойылды

Кеше Н.Бекежанов атындағы театрда «Мұстафа Шоқай» спектаклі болып өтті. Оған Францияның қазағы Яшар, қазақтың белгілі ақыны Иранғайып (Иранбек Оразбаев), Шоқай қорының президенті қатысып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Үшінші рет қойылып отырған спектакль айтушылардың пікірінше, етек-жеңі ықшамдалып, жұмырланып қалған секілді. Мұстафа Шоқай секілді өмірі күрес пен қайшылыққа толы қайраткердің образын ашып көрсету оңай емес екені анық.

Яшар мырза айтқандай, «қазақты шетелге танытқан» еліміздің біртуар ұлының тағдыры мен оның саяси жолының тарихы қойылымда жақсы көрініс тапқан екен. Шоқайдың елге сағынышынан көрініс беретін кимешекті келіншектер де, өз биіктерінен өзгелерге қарап үн қататын алаш арыстары да көңілге қонымды-ақ. Дегенмен, маған (қарапайым көрермен ретінде) неміс офицері Розенбергті ойнаған әртіс пен бала Мұстафаны ойнаған балақай рөлді сомдауы жағынан көбірек ұнады.

Театрда бұл жолы көрермендер аз болған жоқ. Алайда, Иранбек ағамыз айтқандай, «Тірлік етіп, нан табудың соңында жүрген қазақ» әлі де өнерге бет бұра қоймағаны рас-ау.

Өзі айтқандай, «екі оттың ортасында қалған» халықтың қалаулы ұлдарының бірі Мұстафа Шоқай туралы әлі де білетінімізден, білмейтініміз көп сияқты.

Шоқай өмірінің бірнеше парағын ғана оқып бергендей болған осы қойылымның өзінен-ақ елдің егемендігіне қол жеткізу оңайға түспегені көрініп тұр. Яшар мырзаның «өзінің қайдан, қандай елден екенін айтуға тек Қазақстан тәуелсіздік алғасын ғана» қолы жеткені туралы айтқаны өте әсерлі болды. Театрдан шыққан көрермендер алғашқы әсерін ортаға салып, Мұстафа аңсаған арманға қол жеткізуде Елбасының ерен еңбегі бар екенін айтып жатты.

Просмотров: 902 | Добавил: erkin_64 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь новостей
«  Наурыз 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz