Футбол. МЕССИ - ЕҢ ҮЗДІК ФУТБОЛШЫ - 28 Декабря 2009 - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2009 » Желтоқсан » 28 » Футбол. МЕССИ - ЕҢ ҮЗДІК ФУТБОЛШЫ
Футбол. МЕССИ - ЕҢ ҮЗДІК ФУТБОЛШЫ
13:20

Аргентина құрамасы мен Испания­ның «Барселона» командасының ша­буыл­шысы Лионель Месси ФИФА ұйғарымы бойынша «Жылдың ең үздік футболшысы» атағына ие болды. Бұл талантты спортшының биылғы жылы қол жеткізген екінші үлкен табысы саналады. Швейцарияның Цюрих қаласында өткен алқалы жиынға дүние жүзіндегі 147 елдің құрамасы бас жаттықты­рушылары мен капитандары қатысты. Олардың дауыс беруі нәтижесінде Лионель Месси 1073 ұпайға ие болды. Ол екінші және үшінші орындарға ие болған португал Криштиану Роналду (352 ұпай) мен испан Хавиден (196) үш-төрт есеге жуық артық дауыс жинады. Ал төртінші және бесінші орындарға жайғасқан бразилиялық Кака - 190, испан Андрес Иньеста 134 ұпайды еншісіне байлады. ФИФА ұйғарымы негізінде футболдан Бразилия қыздар құрамасының ойыншысы Марта нәзік жандылар арасында ең үздік болды. Бразилиялық бойжеткен төртінші жыл қатарынан осындай жоғары атаққа қол жеткізіп отыр. Алқалы жиын барысында тағы да номинация көпшілік назарына ұсыныл­ды. Әлемнің әр түкпіріндегі 50 мыңға жуық кәсіби деңгейдегі футболшылар жылдың үздік құрамасына енетін әріптестерін анықтады. Олардың қатарында қақпашы Икер Касильяс (Испания), қорғаушылар Дани Алвес (Бразилия), Неманья Видич (Сербия), Джон Терри (Англия) және Патрис Эвра (Франция), жартылай қорғаушылар Стивен Джерард (Англия), Хави (Испания) және А.Иньеста, шабуыл­шылар Л.Месси, К.Роналду және Фернандо Торрес (Испания) сынды ойыншылар бар. Мамандар биылғы жылғы ең әдемі соғылған голдың иесі есебінде Криш­ти­ану Роналдудың есімін атады. Бұл гол 15 сәуір күнгі Чемпиондар лигасы­ның кезекті турындағы «Манчестер Юнайтед» пен «Порту» командала­рының арасындағы кездесуде қақпаға енген еді. Осының нәтижесінде ол әйгілі венгр футболшысы Ференц Пушкаш атындағы номинацияның жеңімпазы атанды. Оны ФИФА-ның ресми сайтында дауыс берген 120 мыңнан астам қарапайым жанкүйерлер анықтады. Биыл Лионель Мессидің бабы келіп, бағы жанған жыл болды. Ол алдымен «France Football» француз журналының ұйғарымымен «Алтын доптың» иегері атанса, арада аз ғана уақыт өткеннен кейін әлемнің ең үздік футболшысы болып отыр. Үстіміздегі жылы 22 жастағы Месси Испанияның «Бар­селона» командасы сапында коман­далар арасындағы әлем чемпионаты, Чемпиондар лигасы, Еуропа супер­кубогы, Испания біріншілігі, Кубогы және суперкубогы секілді алты тур­нирдің бас жүлдесіне қол созды. Айтпақшы, ол Чемпиондар лигасының 2008-2009 жылғы маусымында ең көп гол соққан футболшы екенін жан­күйерлер жақсы біледі. Оның біреуін Италия астанасы - Рим қаласында өткен ақтық сайыста қарсыластар қақпасына енгізді.
Әділжан ҮМБЕТ, «Сыр бойы».

Просмотров: 1088 | Добавил: erkin | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь новостей
«  Желтоқсан 2009  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz