Ақпан келді аяз, қарын арқалап - 28 Февраля 2010 - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » 2010 » Ақпан » 28 » Ақпан келді аяз, қарын арқалап
Ақпан келді аяз, қарын арқалап
22:06
Ақпан келді аяз, қарын арқалап,
Ақ көрпесін жамылуда шартарап.
Көрмеген соң ақ балықтың ойынын
Түксиеді мұзға төнген жарқабақ.

Жолаушыдай алыс жолдан оралған,
Мызғып жатыр бүкіл дала, бар орман.
Ағаштар да қабақ шытып тұрғандай
Мезі болған ызғарлы жел, бораннан.

Үнсіз ғана есіне алып өткенді,
Жатқан-сынды, байқар болсаң көк белді.
Мүлгіп тұрған төбелер де, таулар да
Күткен жандай құтты қонақ көктемді.

Ақпан келді аяз, қарын арқалап,
Ақ көрпесін жамылуда шартарап.
Көктем келсе қысқа сенген аяздың
Ашуы да бірте-бірте тарқамақ.
Просмотров: 821 | Добавил: erkin | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Календарь новостей
«  Ақпан 2010  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz