О, халайық, менің де енді сайтым бар, Бұл дегенің әңгіме емес жай тыңдар.
Қонақ болып кіріп менің сайтыма Өзің жайлы, өзге жайлы айтыңдар.
Пікір айтып, қателіктен айықтыр, Жаман ниет болсаң егер тайып тұр.
Даналардай сұқбаттасып, сырласып, Қалайықшы екеуміз де байып бір.
Артта қалсын биік асу, белестер, Күдік тарқап, ыдырасын елестер.
Шабыт тапсын шайыр көңіл шалқыған, Сенім тапсын бағыты айқын еместер.
Барлық жұрттың кәдесіне жарасын Осындағы айтқан ортақ кеңестер!