Жануарлардың қайсысы ақылдырақ? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Жануарлардың қайсысы ақылдырақ? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 07:36

Жануарлардың қайсысы ақылдырақ?

Жануарлардың қайсысы ақылды екенiн бiлу үшiн Базель университетiнде зерттеу жұмыстарын жүргiзiлген. Бiрiншi орынды маймыл (орангутанг) иеленген. Оның ақыл-ойы бiлiмi жоқ ересек адамның қабiлетiмен бiрдей екенi анықталған.

Ал екiншi орында шимпанзе, оның ақыл-есi 4-5 жасар баланың деңгейiнде. Одан кейiнгi орында – пiлдер. Олардың еске сақтау қабiлетi басқа жануарларға қарағанда жоғары. Атап айтқанда, өзiн ренжiткен адамды  есте сақтап, бiрнеше жылдар өткен соң кегiн алады.

Келесi орында жолбарыстар мен арыстандар тұр. Бұл мысық тұқымдас аңдар қимылдары шапшаң, кәдiмгi үй мысығына қарағанда анағұрлым ақылды екен. Оның себебi иттер де, мысықтар да адамдармен бiрге тұрғандықтан олар қоршаған ортаға адамның көзiмен қарайды. Жабайы табиғатқа олардың бейiмделуi қиынға соғады. Ал, адамдармен қарым-қатынаста зеректiк танытады. Оған көптеген мысалдар бар. Иттер мысықтардан ақылды деп есептелiнедi. Сол себептi де Нобель сыйлығының лауреаты И.П.Павлов ғалымдарға тек иттермен тәжiрибе жасауға кеңес бередi. Бiрнеше жылдан кейiн бұл тезистiң дұрыс екендiгiне ғалымдар күмәндана бастады.

Нашар тұқымды мысықпен жүргiзген тәжiрибе барысында оны ең қарапайым рефлекске дағдыландырған. Мысықты алдымен жақсылап тамақтандырғанда шам жағылады. Ал мысықтың тамақ iшу мен шаммен берiлетiн белгiнiң арасындағы байланысты қаншалықты меңгергенiн күнделiктi бақылап отырған.

Бiрнеше рет өткiзiлген тәжiрибеден соң шам жаққанда мысықта сiлекей бөлiнген. Бiрақ, мысықта шартты рефлекс бiрде болған, бiрде болмаған. Зерттеушiлер нақты нәтижеге жете алмаған соң, Павловтың айтқаны дұрыс деп келiсуге дайын болған кезде тәжiрибе нәтижесiн өңдеген ғалым мысықтың тәжiрибенi әдейi түзетiп, өзiне бағындырып алғанын сезiп қояды. Мысық еттi көбiрек берсе екен деп, кей кездерде шам жанғанда әдейi көңiл аудармай жатып алады. Ал иттер болса шам жана салысымен тамаққа жүгiредi. Қу мысық тәжiрибенiң мәнiсiн түсiнiп қойып, тәжiрибе жүргiзушiлердi өзiнiң еркiне бағындырып алған. Шам жанған кезде мысық өзiне ұнамаса ешнәрсе болмағандай жата берген. Мысықтардың иттерден ақылды болуы олардың тұқымында екендiгi анықталды. Иттердiң арғы аталары үйiрде өмiр сүргендiгi белгiлi. Олар үйiрдiң басшысына ғана бағынады. Сондықтан болар ит адамның берген бұйрығын бұлжытпай орындайды.

Ал, мысық жеке өмiр сүрген. Олар тек өздерiне ғана сенедi. Сондықтан олардың ақылы иттерден жоғары екен. Қазiргi мысықтар да кез келген жағдайда өзiнiң бас пайдасын ойлайды. Ит пен мысықтың арасындағы айырмашылықты әр адам әртүрлi қабылдайды. Мысалы, еркектер көбiнесе иттi жақсы көредi. Әйел адамдар мысықты жақсы көредi. Ал мысықты жақсы көретiн еркектер дарашыл болып келедi, иттi жақсы көретiн әйелдер көпшiл болады екен.

«Ана тілі» газеті, №30(867), 26.07.2007ж.

Авторы: Мақсат РСАЛИН

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 1059 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz