Жануарлар қалай ойлайды? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Жануарлар қалай ойлайды? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 07:33

ЖАНУАРЛАР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙДЫ?

Дельфин зерттеу институтының докторы Моргейнге: адам миы қаншалықты тиімді болса, дельфин миы да сондай тиімді ме?— деген сауал қойылғанда, ғалым бұған былай деп жауап береді: «Тиімді» деген термин қайдағы бір көмескі сөз. Мидың ерекшеліктерін анықтайтын толып жатқан көрсеткіштер бар. Бұл көрсеткіштердің көбінен дельфин миы адам миынан кем соға қоймайды. Мысалы, ми қабын алалық, ол қатпар (ирек-ирек) болып біткен; оның міндеті — информацияны сақтау және ойлану процестерін атқару.

Мидың сапасын анықтау үшін: оның қатпарлары қаншалықты күрделі болып бітті екен деген мәселемен айналысу қажет. Сонда дельфин миының қабындағы қатпар (ирек) саны адамның миындағыдан екі есе көп болады. Сонымен бірге: мидың әр жерлерінде (учаскелерінде) қаншалықты ми клеткасы болады?»—деген мәселемен де айналысуға болар еді. Дельфиннің мұндай клеткалары адам миындағыдан ең аз дегеннің өзінде 50 процент көп болады.

Бұл саладағы ендігі бір көрсеткіш — ми қабатының саны. Мәселен, қоянның ми қабатының көпшілік бөлігі әртүрлі клеткалардың төрт қабатынан құралған; адам мен маймылдың миы алты қабаттан тұрады, дельфин миының қабаты да тап сондай мөлшерде. Бұл арада біз тұмсығы шөлмек тәрізденіп біткен дельфиндердің миы өте үлкен және аса күрделі, жоғары дәрежеде дамыған организм екенін ғана атап көрсете аламыз».

Ал оның бергі жағында,— дейді әңгімесін онан әрі дәлдей түскен Моргейн,— мұның бәрі дельфиннің міндетті түрде ақылды болуға тиіс екенін және шынында да ақылдылығын көрсете алмайды. «Бұл арада тек бір нәрсені ғана толық сеніммен пайымдауға болар еді: егер мұншалықты күрделі орган милиондаған жылдарға созылған эволюцияның нәтижесі болса, онда дельфин миының ролі суда емін-еркін жүзу және қорек жұту сияқты жабайы міндеттермен ғана тынуы мүмкін емес».

«Хайуандар ойлай ма?» деген кітаптың авторы Карой Акош бұл салада едәуір пікір айтқан. Кітабының аты да көп нәрсені аңғартады. Өз басым ғалымның едәуір пікірлері дәлелді ғой деп ойлаймын. «Жануарлар дүниесі ең қарапайым түрлерден күрделі түрлерге дейінгі дамудың ұзақ жолынан өтті. Бұдан мынадай тұжырым жасауға болады: адамға неғұрлым жақын тұрған жануарлардан адам тегінің негізгі сапаларының белгілерін табу қиын емес.

Әртүрлі жануарлардың жүріс-тұрысы бір-бірінен қаншалықты өзгеше болғанымен, олар қайтсе де тектес атадан тараған және бұлардың бәрінде жалпы тектестіктің белгісі бар. Жануарлардың жеке түрлерінің аралығындағы туыстық неғұрлым жақын болған сайын, олардың ортақ қасиеттері солғұрлым көп болады.

Адам жануарлар дүниесінен, атап айтқанда, сүт қоректілерден тараған; ал неғұрлым кең мағынада алсақ — құрлықты мекендеген омыртқалылар тобынан өрбіген. Адамның ұйымдық құрылымының бүкіл өн-бойында осы байланыстардың ізі бар. Оның ой-санасы қаншалықты өзгеше және жеке-дара сипатта болғанымен, рухани қызметінде де жануарлармен тектестік байланыстардың ізі болуға тиіс.

Не адамның рухани қызметі деп аталатын қасиеті қайдағы бір ғажайып күштен жаралды деп болжауымыз керек, не болмаса адам қабілеттері дамып шыққан қасиеттердің ұрығы белгілі бір дәрежеде адамға жақын жануарларда да бар деп мойындауға тиіспіз (жаратылыстану ғылымы бұл мәселеге басқаша қарай алмайды).

Қазіргі күнде тіршілік ететін тектес түрлердің пайда болуындағы осы күнге дейін сақталып келе жатқан ортақ іздердіц байланыс белгілерін таппасақ, онда біз жануарлар түрлерінің дамуы мен адамның дамуын көз алдымызға елестете алмаймыз. Олай болса, жануарлардың кей түрлерінде осы заманғы адамға неғұрлым тән қасиеттерге байланысты қабілеттер болуға тиіс».

Егер бұл пікір барлық ғалымдардың жалпы ойын білдіреді десек, онда біз істің түйінін әдейі оңайлатқан болар едік. Әңгіме бұдан әлдеқайда күрделі болып отыр. Мұның себебі де бар — мәселе өте қиын да, оның толып жатқан қайшылықтары бар. Хайуандарда ой қызметінің элементтері, белгілері бар дегенді жоққа шығаратын ғалымдар аз емес (осы жақын араға дейін олар бұдан да көп болған).

Қазіргі күнде, ғылым біздің төңірегіміздегі дүниеге назар салуды елеулі түрде күшейткен және қарапайым байқауларды жинастырудан дәлме-дәл тәжірибеге көшкен кезде, мұндай мүлде біржақты көзқарастың терістігі барған сайын айқынырақ аңғарылып отыр.

Алайда тап осы арада мынаны атап айтқан жөн: кейбір буржуазияшыл ғалымдардың жануарлар дүниесінің тіршілік ету және даму заңдарын адам қоғамына сол күйінде бұлжытпай қолдану немесе адам қоғамының заңдарын хайуанаттар дүниесіне тән деп білу жөніндегі әрекеттер де соншалықты ағаттық болып табылады.

"Әлемде талай қызық бар" Ғажайып құбылыстар энциклопедиясы.

В. МЕЗЕНЦЕВ. Алматы, 1986ж.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 1901 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz