Жаңа жылды қай елде қалай қарсы алады? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

Жаңа жылды қай елде қалай қарсы алады? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:47

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАЙ ЕЛДЕ ҚАЛАЙ ҚАРСЫ АЛАДЫ?

Жаңа жыл мерекесінен асқан көңілді мереке жоқ. Адам баласы жаңа жылды жақсы үміт, жақсы ниет – тілекпен қуана қарсы алады. Дегенмен, әр халықтың бұл мерекені күтетін өз дәстүрі бар. Осыған байланысты біз әр елдің рәсімдерінен кішкене мәлімет беруді жөн көрдік.

Жалпы, қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде басталған. Бұл күні күн мен түннің теңеліп, мал төлдеп, көктемнің гүлденген шағында жұрт та жасарып, қыз-жігіттер ерекше құлпырып, әсем жырмен айналаны әнге бөлеп, неше түрлі ұлттық ойындар ойнайды. Абыр-сабыр наурыз көже пісіріліп, үй-үйді аралап, қыдырып жүрген адамдарға көше толы болады. Сондай-ақ, бұл күндері сандықтағы ең тәтті тағамдар шығарылып, ой мен қырдағы сағынысқан жұрт табысып, дастарқандары неше күн жиылмай тойлайтын болған.

Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың бірінде I Петр енгізді. Дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталды. Осы I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрам таяға шейін созылған. Міне, осыдан бері Жаңа жыл шыршасының айналасында мейрамдау кәдуілгі салтқа айналды.

Бұл дәстүр - шырша ағашы қасиетті болып саналатын елдерде туған еді. Ертедегі еуропалық тайпалар, шыршада орман перісі өмір сүреді деген сенімде болған. Сондықтан мейрам күндері тайпа көсемі шыршаға сыйлықтар әкеліп, орманнан аң аулауға рұқсат сұрайтын болған.

Жер шарында Жаңа жылды ең алдымен қарсы алатын халық — Фиджи архипелагінің 160 аралының тұрғындары екен» ол архипелагта 320 арал бар, бірақ кейбіреудерін жұрт мекендемейді екен.

Ал Шотландия мен Уэлсте ескі жылдың соңғы секундында есікті кеңірек ашып, ескі жылмен қош айтысып, "шығарып" жібереді де, Жаңа жылды "кіргізеді".

Кения халқында Жаңа жылды керек десеңіз, суда қарсы алу салтқа айналыпты. Бұл күнді барша кениялықтар өзенге, көлге суға түсіп, қайыққа мініп, ән салып, сауық-сайран кұрып, ойын-күлкімен өткізеді.

Үндістанның әр ауданында Жаңа жылды әр уақытта (қыркүйектен наурызға дейін) қарсы алады. Үй иесі от Анасының міндеті — үйін өз қолымен істелген түрлі әдемі заттармен безендіру. Бұл елде Жаңа жыл мерекесінде ұшырылған батпырауықты садақпен атады екен. Батпырауықтың көлемі өте үлкен және түрлі түске боялады. Ең мерген біреуі оны садаққа жанып тұрған оқ салып атады. Батпырауық тұтанған кезде той басталады. Бұл тойда би биленіп, өлең айтылып, әр түрлі спорттық ойындар көрсетіледі. Кеш соңында әркім өз өнеріне сай сыйлықтармен марапатталады.

Жаңа жылды алғаш рет Панамада қарсы алған кісінің тосыннан қорқып қалуы ықтимал. Өйткені, мұнда Жаңа мереке өрт сөндіргіш

мұнарадағы зор қоңыраудың құлақ тұндырарлық ащы даусымен басталады.

Халық туыстарын, таныстарын, тіпті бейтаныстарын да осы қоңыраудың қуатты күмбірі астында құттықтайды. Осы күні мұнда керемет шу көтеріледі: автокөлік сигналдары шыңғырып, сирена даусы ұлып, адамдар улап-шулап, не болса соны даңғырата қағып, азан-қазан болады. Бұл кезде жас балалар түгіл үлкендердің де қуанышында шек болмайды.

Болгарияда Жаңа жыл дастарқанына басқа да тәтті тағамдармен қатар күміс теңге қосып, бірнеше қабат етіп пісірген самса қойылады. Оның жанында денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің белгісі ретінде кизил ағашының бір бұтағы жатуға тиіс. Күміс теңгені алған адам Жаңа жылда зор бақытқа кенеледі деп есептелінеді. Дастарқан басында әлдеқалай біреу түшкіріп қалса, жақсы ырым саналып, оған көктемде туған алғашқы қозыны, лақты, құлынды сыйға тартады.

Ал Чехославакияда да Жаңа жыл дастарканына арнап ішіне теңге, сақина, қызыл бұрыш салған самса пісіреді. Бұл самсаны өте сақтықпен жеу керек. Аузына қызыл бұрыш түскен адам күлкіге айналады да, сақина мен теңгені алған адам Жаңа жылдағы ең бақытты жан болып саналады.

Иранда Жаңа жылды наурызда қарсы алады. Ел халқы мерекелік дастарқанға тұқым, жеміс-жидек, қытай пиязы, сіркесу қояды екен. Дәл сағат 12.00-де үстел басындағылаіэ қолына күміс теңге ұстауға тиіс. Әйшесе, халық нанымында ол адам жыл бойы жат елде емір кешеді.

Бразилиялықтар Жаңа жылда көшелеріндегі бағандарды гүлдермен, қоңыраулармен безендіріп тастайды.

Эфиопиялықтар Жаңа жылды қыркүйектің он, он бірінде қарсы алады екен. Олар Жаңа жылда кілең ақ киім киіп, ерте тұрып, шіркеуге барады. Ондағы салтанат үш сағатқа созылады. Сонан кейін самырсын ағашының көлеңкесінде Жаңа жылға арнап мол дастарқан жасайды, оған бала-шағаларымен бірге түгел жиналады. Осы кезде балалар Жаңа жылға арнап салған суреттерін ата-аналарына сыйға тартып және үй ортасына жіп керіп, суреттерді іліп қояды. Содан кейін ғана жаңа жылдық дастарқан басына жайлана отырады. Барлық жиналған ағайын-туыс мол дастарқан басында шат-шадыман коңілмен ән шырқап, жақсы игі тілектерді бір-біріне тілейді.

"Түркістан" газеті. №52 29.12.2005 жыл

Авторы: Динара Мыңжасарқызы

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 4998 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.5/6 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz