Жаңа жыл - көшпенділердің де байырғы мейрамы (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Жаңа жыл - көшпенділердің де байырғы мейрамы (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:51

Төрлет, Жаңа жыл!

Ол – көшпелілердің де байырғы мейрамы

Қазақтар үшін Жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың – көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

Мұрат Әджінің «Қыпшақ-тар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені – жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер – Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер – Судың жанында ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Мұрат Әд-жінің дәлелдеуінше, ежел-гі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсан-да, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап, түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті. Дұғаларымыз Тәңірінің құлағына шалынса деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы – шыршаны үйлеріне әкеліпті. Бұтақтарына неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Сонан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін», деп ән салған. Осылайша Мұрат Әджі бауырымыз Жаңа жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген шырша мерекесінің І Петр патшадан да әріде болғанын баяндап, ол түркілер дәуірінде сол халықта тойланған деп дәлелдейді.

Белгілі этнограф – тарихшы Ақселеу Сейдімбек Жаңа жылдың көшпелілер мейрамы екендігі туралы былай дейді: «Өмір – тіршілікте шарттылықтар өте көп. Сол шарттылықтардың ең ғажабы, адам баласының уақытты межелеуіне қатысты. Мәселен, осы күндері бү-кілхалықтық қуаныш ретінде тойланып жатқан Жаңа жыл мейрамын алайықшы. Қалыптасқан ұғым бойынша, Жаңа жыл, яғни1-қаңтар, Иса пайғамбардың туған күні. Бүкіл христиан әлемі осылай деп түсінеді, осындай деп тойлайды. Ол тойына «Рождество Христова» деп ат берген. Орыстар православ сенімінде болғандықтан, бұрынғы Юлиан күнтізбесінің межесі бойынша, желтоқсан-ның 25-і Исаның туған күні деп тойлайды. Мен, бір қызықты пікір айтайын. Осы Жаңа жыл тойы арысы Еуразияның ежелгі көшпелі скиф-сақтарының, бергісі бүгінгі түркі халықтарының, оның ішінде, қазақтардың да байырғы мейрамы деп есептеймін.

Тарихи дерек бойынша, 532 жылға дейін бүкіл Еуропа Диоклитан календарын тұтынған. Ол христиан дініне қарсы адам. Сол кезде христиан дінін басқарушы кординалдардың бір бас-қосуында жыл басын Исустың туған күнімен бастау жөнінде қарар қабыл-данады. Бір қызығы, сол басқосуға қатыс қандардың ішінде Исустың туған күнін ешкім білмейтін болып шығады. Сонда босаға жақта отырған скифтен шық-қан есепші-жұлдызшы кішкене Диониси деген кісі: «Жарықтық, Иса пайғам-бардың туған күнін мен білуші едім. Ол осыдан аттай 532 жыл бұрын дүниеге келген», - дейді. Оған ешкім де дау айта алмайды. Өйткені, Иса пайғамбардың туған жылын айғақтайтын ешқандай тарихи дерек болмайтын. Ал кішкене Дионисидің аузынан шыққан 532 деген сан көшпелілер үшін киелі сан болатын. Яғни, көшпелілер табынатын аспан денелері – Ай 19 жылда бір рет дөңгелегін жаңғыртып отырады. Осы Айдың дөңгелегінің саны 19 бен Күннің дөңгелегінің саны 28-дің көбейтіндісі – 532.

Демек, Жаңа жылды той-лағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Дегенмен, В.В.Цибульскийдің «Луно-солнечный календарь стран Восточный Азий», М.Ысқақовтың «Халық календары», Х. Әбішевтің «Аспан сыры» атты кітаптарында осы деректер қызықты баяндалады.

Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы еке-
нін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді.
Діни календарь бойынша, Исаның туған күні қаңтардың 1-і емес, одан 6 күн бұрын аталып өтеді».

Өкінішіке орай, Жаңа жылды елімізде Христостың туған күні, Рождество мейрамы ретінде тойлау, бүкіл ұран, құттықтаулардың соған арналуы байқалады. Бұл ащы да болса, айтар шындық. Негізінен, Жаңа жылға терең діни мән-мағына бермей, оны алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат, міндеттерімізді белгілейтін. Үміт, Сенім мерекесі ретінде тойлағанымыз, ескі жылды ризашылық сезіммен шығарып салып, Жаңа жылды тәтті тілек, ақ батамен қарсы алғанымыз абзал.

Он екі жылдың анықтамасы

Халықтық жыл санау есебінде 12 жыл аты бар болса, олар туралы деректер VIII ғасырдағы «Күлтегін» ескерткіштері мен ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқари-дың еңбектерінде кездеседі. Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылы. Жыл басы қазақтарда тышқаннан және Наурыз айының 22-сінен басталып, ол он екі жыл бір айналғанда мүшел жасты құрайды. Алайда, адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Біз енді әр жыл-дың қысқаша анықтамасына тоқталсақ.

Тышқан жылы. Қазақтар тышқан жылын береке, ырыстың, татулық пен тыныштықтың жылы деп санайды. Тышқан жылының мыңдаған жылдық тарихына назар аударсақ, оның көп жылы аштықсыз, жаугершіліксіз, қиындықсыз, молшылықта өткен. Қанжығалы Бөгенбай батыр тышқан жылы (1684) туса, Төле би тышқан жылы (1756) қайтыс болған, алғаш Қазақ ордасы 1456 тышқан жылы құрылған.

Сиыр жылы. Тышқан жылынан кейін кіреді. Сиыр жылында дау-жанжал, қиындықтар мен ау-ыртпалықтар көп болған. Қариялар соны жиі айтып, сиыр жылында сәтсіздіктер бола қалса, «Биыл ауыр жыл ғой. Мұның бәрі содан ғой», - деп өзін-өзі жұбатып жатады. Ырым-нанымға сәйкес, сиыр жылы туғандар бұл жылы сиырды бауыздамайды. Көп халық сиыр жылының дастарханына сиыр етін, одан жасалған тағамдарды қоймайды.

Барыс жылы. Сиыр жылынан кейін кіреді. Оның ауыртпалығы да, жақсылығы да аралас. Бұрындары барыс жылында есте қалатын елеулі оқиғалар болмағандықтан оны жайсыз жыл санамайды, жамандамайды. Біздің ұлық пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) барыс жылы туып (570), ұлу жылы қайтыс болған (632). 1937-38 жылғы саяси қуғын-сүргін де осы барыс жылында болып, 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқи-ғасы барыс жылына тұстас келді, Мұстафа Шоқай барыс жылы туып, жылан жылы қайтыс болды (1890-1941).

Қоян жылы. Барыс жылынан кейін кіреді. Бұл жыл жұт, аштық, ауыртпалық, бейнетпен қазақ халқының есінде қалған. 1867-68 жылы жалпақ қоян жұты, 1879—80 жылы үлкен қоян жұты, 1891-92 жылы кіші қоян жұты, 1915-16 жылы тақыр қоян жұты болды. Қазақ даласында көп мал қырылып, адамдар өлді. 1962-63 жылдары да малды аудандарда көп мал қырылды. Қазақ еліне Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заман 1723 қоян жылы келді. Қоян жылы Абылай хан өмірге келді (1711 ж.)

Ұлу жылы. Қоян жылынан кейін кіреді. Қазақтар ұлу суда өсетіндіктен, бұл жылы астық, шөп мол болады деп, оны жайлы, жұмсақ жыл санайды. Алайда, ұлу жылында да қиындықтар болған.

Жылан жылы. Ұлу жылынан кейін кіреді. Қазақ халқында: «Жылан жылы жылыс болды», - деген сөз бар. Шыңғыс хан шабуылы 1221 жылан жылы Отырарды алды, 1926-29 жылы Қазақстанда кәмпеске болды, 1941 жылы неміс-фашист басқыншылы-ғы жылан жылы басталды, Октябрь революциясы (1917-18) жылан жылымен тұстас келді, Абай жылан жылы туып, ұлу жылы өмірден өтті (1845-1904).

Жылқы жылы. Жылан жылынан кейін кіреді. Ел есінде жылқы жылы болған ауыртпалық, қайғылы оқиғалар жоқ. Жылқы жылы туғандар бұл жылы жылқыны бауыздамайды. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтер жылқы жылы (1844) туған. Қараке-рей Қабанбай батырдың да (1690), Жамбыл Жабаевтың да (1846) туған жылы – жылқы.
Қой жылы. Жылқы жылынан кейін кіреді. Қазақтар қой жылын – жақсы жыл санайды. Қой жылы халыққа жайлы болған, молшылыққа кенелген. 1966-67 қой жылы Қазақстанда миллиард пұттан астам астық алынды. Құнан-бай қажы қой жылы туып, Шоң би қой жылы қайтыс болған. Қазақстан 1991 қой жылы тәуелсіз ел атанды, Ахмет Байтұрсынов та қой жылы (1873) дүниеге келді.

Мешін жылы. Қой жылынан кейін кіреді. Қазақтардың пайымдауынша, ол – жайсыз жыл. Бұл жылы бүліншілік, сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалардың көп болуы мүмкін. Сол себепті қазақтар мешін жылынан қорқып отырады. 1920 жылы қазақ даласында көп мал қырылып, бұл жыл – «Тас мешін» деп аталды. 1931-32 жылғы алапат аштық та мешін жылы болып, Ақ орда хандығы 1428 мешін жылы құлады, мешін жылы (1680) Әз-Тәуке хан таққа отырып, ел биледі.

Тауық жылы. Мешін жылынан кейін кіреді. Халық бұл жылды да ауыр жылдардың бірі санайды. Өйткені, тауық жылы қауіп-қатер жиі бол-ған, халық көп ауыртпалық көтерген. 1920-21, 1932-33 тауық жылдары жұт, аштық, 1968-69 тауық жылы құрғақшылық болды. Әл-Фараби (870-950), Міржақып Дулатов (1885-1935), Мұхтар Әуезов (1897-1961) тауық жылы туған.
Ит жылы. Тауық жылынан кейін кіреді. Мешін, тауық жылындағы ауыртпалық ит жылы жеңілдейді. Мысалы, 1933 жылы аштық тиылған, 1945 жылы соғыс аяқталған. Қаныш Сәтбаев ит жылы туған (1899-1964 ж).

Доңыз жылы. Ит жылынан кейін кіреді. Жыл санаудың және жыл қайырудың соңғы жылын Қазақстанның кей жерінде, кейбір түркі елдерінде қара киік жылы деп атайды. Халық бұл жылы пәле-жала көп болады деп ойлайды. Алайда, доңыз жылы көп жағдайда қазақтарға жайлы болған. Қазақ – жоңғар соғысындағы үлкен жеңіс – 1729 доңыз жылы болды.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 2592 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/2 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz