Әз-Наурыз БҰҰ-ның төріне шықты (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Әз-Наурыз БҰҰ-ның төріне шықты (интернеттен)
[ ] 21.03.2010, 06:48

ӘЗ-НАУРЫЗ БҰҰ-ның төріне шықты

Апта басында Әзірбайжан, Қазақстан, Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Албания, Македония және Үндістан елдерінің өкілдері «Халықаралық Наурыз мерекесі» қарарын БҰҰ Бас ассамблеясының назарына ұсынған болатын. Арада апта өтпей жатып-ақ «Наурыз мерекесі БҰҰ аясындағы мереке деп танылды» деген ақжолтай хабар жетті.

Енді жыл басы Наурыз мейрамын Тұран даласын мекендеп жатқан түркі әлемі ғана емес, 200-ге тарта ел ұйысқан Біріккен Ұлттар ұйымы шеңберінде тойланатын болды. Аталмыш ұйым «халықаралық Наурыз мерекесі» қарарын бірауыздан қабылдап, 21-наурыз күнін әлемдік мереке ретінде белгілеп, оның бір ұлттың немесе мәдениеттің мерекесі ретінде ғана емес, бүкіл адамзат мұрасының құрамдас бір бөлігі екенін бүкіл әлем алдында айшықтап берді. Ақын Олжас Сүлейменов 2009 жылы қыркүйекте Наурыз мерекесі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес құндылықтар мұрасының тізіміне енгізілгенін, БҰҰ қарарына байланысты дайындық шараларының сол кезде басталғанын, қажетті құжаттардың қорытындысы БҰҰ-ның Бас ассамблеясына жолданғанын айтқан еді. БҰҰ Бас ассамблеясынан тарап жатқан ақпарат көздері Наурыз қарары Әзірбайжанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің бастамасымен қабылданғанын хабарлады. Резолюцияның жобасын БҰҰ-ға мүше мемлекеттер: Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Македония, Тәжікстан, Түрікменстан мен Түркия сынды елдер қарап шығып, өз ұсыныстарымен толықтырды. Әзірбайжанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Акшин Мехтиевтің айтуынша, «Наурыз мерекесі үш мың жылдан бері салтанатты түрде Балқаннан Орта Азияға дейінгі ауқымды өңірде аталып өтуде және өз бойына гуманизм, достық пен төзімділік сынды құныдылықтарды сіңірген, халықаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратын мейрам».

Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түркі халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағына береді. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурызға сәйкес келеді.

Гүлбаршын АЙТЖАНБАЙ

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 816 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz