Шай ішу зиян ба? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

Шай ішу зиян ба? (интернеттен)
[ ] 13.06.2011, 12:42

Шай ішу зиян ба?

Шай — сергіткіш, жанды жадыратып, шөлді басатын сусын. Шайдың отаны Қытай елі болып табылады. Ертеректе, 4 мың жылдай бұрын, Қытайда шайды дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен емдік сусын ретінде пайдаланады. Ол кездегі шай мен қазіргі шайдың айырмашылықтары баршылық. Мысалы, ол кезде шай жабайы өсімдік болатын, ал қазіргі шайлар мәдени өсімдікке жатады.

Шайдың құрамында 200-ге тарта биологиялық белсенді заттар бар. Олардың кейбірі шайға сүт қосылған кезде еш пайда бермейді немесе кері әсер етуі де мүмкін. Бұл мәселе төңірегінде үлкен, ауқымды зерттеулер жүргізілмеген. Сол себепті де мамандардың арасында әр түрлі тұжырымдар бар.

Шай адам ағзасының кейбір мүшелері үшін пайдалы. Мысалы, көзге жіне ойлау жүйелеріне. Шай ішкен кезде адамның ойлау жүйесі мен есте сақтауы азда болса артады, шығармашылық ой-өріс оянады. Сондай-ақ, шай адамға психикалық ауыртпалықтар (депрессия) түскен кездерде оны жеңілдетуге тырысады.

Егер шайды шамадан тыс қатты қою қылып ішсеңіз, онда ағзаға кері әсер етеді. Оны шайды көп ішкен адамның сөзуар мылжың немесе сандырақтаған бәдіктігінен білуге болады. Тек қана бұл емес, тағы денсаулыққа кері әсері бар.

Кімдерге шай ішуге болмайды?

Шайдың пайдасы болғанымен, үлкен сақтықты қажет ететіні бар. Мысалы, кей адамдар үшін шай ішпеген жақсы немесе күнделікті пайдаланатын сусындар тізімінен алып тастағаны абзал. Жүкті әйелдер үшін шайды өте аз мөлшерде, мүмкін болса, тіпті ішпегендері дұрыс. Шайдың құрамындағы кофеин іштегі ұрықтың дамуына кері әсер етеді. Жапон зерттеушілерінің дерегі бойынша, 5 шыны аяқ қою шайдың құрамындағы кофеиннің мөлшері іштегі баланың салмағының жетпей туылуына себеп бола алады екен.
Атеросклероз (артерияның созмалы ауруы) ауруымен ауыратындар мен қан қысымы бар (гипертония) адамдар үшін қара шайды ішпеудің пайдасы мол. Әсіресе, аурулары өршіп тұрған кездерде қара шай ішуге болмайды. Өйткені, шайдың құрамындағы кофеин мен теофиллин науқас адамның орталық жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді.

Ұйықысыздыққа тап болып, түнді ұйқысыз өткізетіндер үшін кешкі 18-ден кейін шайды ішуге болмайды. Шайдың құрамындағы кофеин мен хош иісті заттар ұйқыны қашырады.

Қою қара ыстық шай шөлді басадыдеген түсінік бар. Алайда, тек қана шөлді басып қана пайдалы жағымен көрінбейді, сонымен қатар құрамындағы теофиллин арқылы адамның дене температурасын арттырып жібереді.

Шайды қай кезде ішуге болмайды?

Аш қарынға шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.

Шайды өте ыстық кезінді ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ары қарайғы ас қорыту жолдарын күйдіреді.

Шайды суып қалған күйінде ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.

Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.

Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Ол дәрінің күшін жояды.

Шайды тамақтан алдын немесе тамақтан кейін ішуге болмайды. Тамақ пен шайдың арасы 20-30 минуттай болуы тиіс.

Шай тұрып қалса, оны ішуге болмайды. Негізінде, шайлар демдегеннен 20-30 минуттай кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.

Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керсінше, зияны бар. Алағашқы рет демдеген шайдағы пайдалызаттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал одан кейінгісін де 10% пайдалы заттарды ала аласыз.

Көп мөлшерде ішуге болмайды. Қара шайды көп пайдаланудың зияны бар. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ашы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болады.

Интернеттен.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 1543 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/1 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz