Саусағымен кітап оқитын әйел (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

Саусағымен кітап оқитын әйел (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 10:39

Саусағымен кітап оқитын әйел

Оқырман есінде болса, 1988 жылдың сәуір айында Орталық телеарна өз көрермендерін Нинель Сергеев­на Кулагинаның ерекше қасиетімен таныс­тырған еді. Сонда көрермендер «телекинез» дегеннің не екенін өз көздерімен көрген болатын.

Бұған дейін Кулагинаның айрықша дарынына көпшілік сене бермейтін. Оның үстіне ол түрлі басылымдар тарапынан сынға жиі ұшырайтын. Оны көзбояушы дегендер де табылған. Алайда нақ сол жол­ғы бағдарламада Кула­гина жылдар бойы ғалым­дарға маза бермей келе жатқан «фокусты» көрсеткен еді: сонда қолындағы алтын неке жүзігін шешіп, ал­дындағы журнал үстелінің бір шетіне қойды. Жүзіктің беті­нен алақанын жүргізе отырып, ол жүзікті орнынан қоз­ғалтты. Сөйтті де оны үстел­дің басқа шетіне жылжытып  апарып қойды. Одан кейін Нинель­ Сергеевна басқа да заттарды қолымен ұстамай-ақ басқа жерге қойып жатты. Кулагинаның бұл керемет қасиеті туралы деректі фильм де түсірілген екен. Алайда оны тек жапондық көрермендер ғана көрген. Ал одақтас ел оны кейін, кеш мойындады. Онда да әлгі теледидар хабарынан кейін ғана.

Кулагинаның ғаламат істе­ріне Ресей мен шетел ғалымдары қатты қызығу­шылық та­нытты. Мұндай тәжірибелер әсі­ресе физиктерді қатты тол­ғандырған. Мәселен, академик Юрий Борисович Кобзарев Нинель Кулагинаның ерекше қабілетке ие екеніне көз жет­кізгеннен кейін оның қолына өзі істейтін институттың мө­рімен бекітілген жазбаша құ­жат берген. Құжатта Нинель Сергеевна Кулагина жеңіл заттарға қол тигізбей-ақ оларды орнынан жылжыта алатын ерекше қабілетке ие екендігі және мұны ол өз ағзасына күш салу нәтижесінде жүзеге асыратынын растаған. Сондай-ақ осы құжатта мұндай ғаламат істің ешқандай электр толқындарына, магнитті өріс­терге қатысы жоқ екендігі де айтылған. Кулагинаның көр­сеткен таңқаларлық әрекет­тері ғылыми тұрғыда зерттеліп, оның сыры ашылатын болса, маңыздылығы жағынан кванттық механика мен са­лыс­тырмалық теориясынан да кем түспейтіні туралы айтылған.

1964 жылдан бастап Кулагинаның ерекше қабілетіне барлық сала ғалымдары назар аударды. Нәтижесінде оның дарынын жан-жақты зерттеу қолға алынады. Сөй­тіп құпия қасиетті әйел 25-тен астам ғылыми зертханаларда өз дарынын көрсетіпті. Ал ғалымдар оның әрбір қимылын, әрекет кездегі айналадағы толқындарды мұқият зерттеген. Зерттеулер ба­рысында кенет Нинель Сергеевнаның тағы бір қасиеті ашылды. Ол тіпті де таң қа­ларлық нәрсе еді. Нинель Кулагина алдындағы кітап не газеттегі мәтінді көзін жұмып тұрып, қолымен оқи алады екен! Бұл енді тек Ресейдің ғана емес, бүкіл әлем назарын аударған сенсациялық жаңалық еді. Кула­гинаның сондай-ақ алақанымен арақашықтықта тұрып өзге адамдардың денесін күйдіру, тіпті күйген жерлерінің ізін қал­дыру, түрлі сұйықтықтарды қышқылдандыру, лазер сәу­лелерінің таралуына әсер ету, ауаның электро­өткізгіштігін арттыру, түрлі аурулардың ауыруын бәсең­детіп, ыстығын түсіретін қабі­леттерге де ие екені анықталды.

Нинельдің жұбайы Виктор Кулагин оның ғаламат істері жайлы жазған мақалаларының бірінде: «Әйелім заттардың түсін көзін жұмып тұрып-ақ, саусақтарымен сипалау арқылы ажырата беретінін айтқанда сенбеген едім. Оны тексеру үшін қалың жүн орамалды бірнеше рет бүктеп, көзін байладық. Үстел үстінде түрлі-түсті суреттері бар кітап ашық жатқан болатын. Нинель сондағы барлық түсті оң қолының саусағымен сипалап отырып айтып бергенде таң қалдым», – депті.

Одан кейін Нинель көзін таңған күйі мәтінді оқуға жатты­ға бастаған. Ба­сында аздап қателескенмен, ол мұ­ны да жақсы меңгеріп алыпты. Мұндай тәжіри­белерді қа­раң­ғы бөлмелерде де жа­саған. Ол қара конвертке алдын-ала салынған сөздерді де кон­верттің сыртынан сипалап отырып оқып беретін болыпты.

1963-65 жылдары Н.Кулагина пси­хотерапевттің қа­рауында гипнозбен және ау­тотренинг әдісімен емделген. Алайда осы кезде ол лапылдаған ыстықты өз бойынан сезіне бастаған. Мұндайда көбіне аяғы мен қолдары қатты күйгендей болған. Және күйдіру сезімі ол ұйықтап жат­қанда болатын. Мұндай кездерде ол қатты қиналатын. Алайда оның дене қызуы өз қалпында қалады екеен. Ғалымдар қанша тырысқанмен бұл құ­пияның сырын аша алмады. Нинельдің өзі де мұның не үшін болатынын түсін­діріп беруге қиналыпты.

Уақыт өте келе Нинель күйдіріп бара жатқан ыстықты басқа біреуге өткізуді мең­гереді. Мұндайда оның де­несінің ауырсынғаны басылатын. Егер өз денесін өртеп бара жатқан ыстықты ол 2-3 айда өзге денеге өткізбесе, онда оның басы ауырып, жұ­лыны тартылып, мазасы қашады екен. Бірақ келе-келе Нинель Кулагина өз бойындағы ыстықты бағындыра алатын дәрежеге де жетеді.

Сонымен оның бойында­ғы қабілеті арқылы қан тамырлары ауруларын емдеуге, жараны жазуға болатыны анықталды. Сондай-ақ ол ерекше қабілетімен солған гүл­дерді де тірілте біледі екен.

Жүздеген зерттеулерден өткендігіне қарамастан, оның ерекше қабілетінің сыры бәрі­бір соңына дейін ашылған жоқ. Ширек ғасыр бойы ол өз қабілетін зерттеуге ниет білдірген барлық зерттеуші­лерге көрсетті. Алайда бұл зерттеулер оның құпиясын толық ашуға аздық етті. Өкі­нішке орай, билік басындағы көптеген шенеуніктер телекинез, телепатия, көріпкелдік се­кілді құбылыстарды мүлде жоққа шығарып, оны ғылымнан бөлек нәрсе деп, зерт­теулерге көп кедергі келтірді. Сондықтан қолынан келетін қызық та құпия, жұмбақ қа­білеттері туралы ашық айтуға Н.Кулагинаға толық мүмкіндік берілмеді. Ақыры құпиясы то­лық ашылмаған күйі көріп­кел әйел ауыр нау­қастан 1991 жылы қаза болды.

Дайындаған – Қ. ЖҰЛДЫЗ.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 940 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz