Сандардағы сиқырлы сырлар (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Сандардағы сиқырлы сырлар (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:08

Сандардағы сиқырлы сырлар

Ойлап қарап отырсаңыз, тарихи тұлғалардың көбісі өздерінің ұлылығы мен данышпандығын, таңғажайып батырлығын, дүниені дүр сілкіндірген жаңалығы мен жетістігін 17, 21, 25 жасында-ақ танытып үлгірген.

Сенбейсіз бе, онда тыңдаңыз: Француздың ұлы ғалымы Блез Паскаль «Паскаль теоремасы» атты атақты еңбегін он жеті жасында жазса, Венгр халқының атақты ақыны Шандар Петефи небәрі жиырма алты-ақ жыл өмір сүріп, өзінің барлық шығармаларын осы жасқа дейін өмірге әкелді, «Тынық Дон» роман-эпопеясының 1-2 кітабын жазғанда М.Шолохов небәрі 23 жаста болды. Француз математигі Эварист Галуа 21 жас, Шоқан Уәлиханов 30 жас, Саттар Ерубаев 23 жас қана өмір сүрді. Әрине, тарихта мұндай 17-30 жас аралығында-ақ атақ-даңққа бөленгендер аз емес. Сонда 17, 21, 23 , 30 жастың қандай құдірет күші бар, жалпы сандардың адам өміріне қатысы қаншалықты шындық?! Бұл жөнінде халықтың наным-сенім, ырымында болжам көп...

Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуынша, адамның ғұмыры үш кезеңнен тұрады. Осы үш кезеңнің әркімге қатысты өз саны бар. Сол сандар арқылы өзіңіз алдағы 10 жылды, 20-30 жылды қалай өткізесің, соны да біле аласың. Олардың пікірінше, алдағы ғұмырың туралы сандар сыр шерте алады. Жасыратыны жоқ, оған ырымшыл жандар, басқа да адамдардың бірқатары сенеді, кейбірі оған күдіктене де қарайды. Алайда мұндай болжам айтушылардың әңгімесіне назар аударған, оны өз өміріңмен салыстырып көрген, алдағыны сандардың айтатынын талдап, танысқан артық емес. Біз енді адамтану мәселесімен айналысушылардың әр пенденің маңдайына жазылған ғұмырдың 3 кезеңінің оған «тиесілі» 3 санын қалай анықтайтынына, ол жөнінде қандай пайымдаулар айтатынына тоқталайық.

Ғұмырдың 3 кезеңі

Бірінші кезең. Ол – 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, ол салиқалы шаққа аяқ басады. Сіз өмірдің бұл бөлігін қалай өткересіз, оны көрсететін сан қандай?

Ол жөнінде мынандай болжам бар:

«Өмірдің бұл бөлігін қалай өткеретініңізді көрсететін сан, қаңтардан қыркүйекке дейін туғандар үшін сол айлардың реттік саны (қаңтар – 1, ақпан – 2, наурыз – 3 ай дегендей есеппен 9 - айға – қыркүйекке дейін кете береді) болып табылады. Қазаннан желтоқсанға дейін туғандардың мұндай саны екі қатар санның бірін-біріне қосу арқылы шығады (қазан - 10-ай: 1+0=1, қараша - 11-ай; 1+1=2: желтоқсан - 12-ай: 1+2=3).

Екінші кезең. Ол – 28 жастан 56 жасқа дейінгі ғұмыр. Адамтану мәселесімен айналысушылардың айтуын- ша адам ғұмырының бұл бөлігіне тән сан – туған күннің саны болып есептеледі. Бұл кезеңде де 2 қатарлы санды бір-біріне қосу арқылы бір қатарлы сан алу тәсілі пайдаланылады (мысалы ай-дың 28-інде тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1 дегендей). Негізінен, әр айдың 9-жұлдызына дейін туғандардың саны сол туған күні болып табылады. Яғни, 9-қыркүйекте туғандардың саны – 9; 7 – ақпанда туғандардың саны – 7 деген тәрізді. Енді осы «тиесілі» сан бойынша болжам жасай беріңіз.

Үшінші кезең. Ол – 56 жастан кейінгі ғұмыр. Адам жасының осы кезеңінің саны туған жылының санын бір-біріне қосып, бір қатарлы сан шығару қажет. Мұны 2 амалмен жүзеге асырады. 1951 жылы тусаңыз, бірінші амал: 1+9+5+1=16. Екінші амал: 1+6=7. Сіздің саныңыз – 7.

Ғұмырдың үш кезеңіне байланысты болжамдар Адам ғұмырының үш кезеңіндегі «тиесілі» сандарды анықтап алғаннан кейін мына сандардағы болжамдарға арқа сүйеп, соған байланысты мінез-құлқыңызды, алдағы өміріңіздің қалай болатындығы туралы ой қоры-тыңыз. Әрине, оған сену, сенбеу өз еркіңізде. Бұлар – адамтану мәселесімен айналысушылардың болжамы ғана. Ал болжамның ақиқатқа айналатыны да, іске аспайтыны да бар. Бәрі Аллаһ Тағаланың бұйрығында. Алайда, өз ғұмырың туралы болжамдарды естуден қашпайтын шығарсың. Өйткені біздер, қазақтар ежелден құмалақ салғызып, жауырынмен болжам айтып, ырымға зейін қоятын халықпыз ғой. Біз енді сандар қалайша «сөйлейді», соған көңіл бөлсек.

1 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі 1 санына тұспа-тұс келетін болса, бойыңызда сенімділік, бастан сөз асырмайтын шам-шылдық сезімі бар. 1 санының иелері үнемі ізденіп, талпынып, өсу, жетілу үстінде өмір сүреді. Айдың бірінші күні ме, аптаның бірінші күні ме, өз өміріңнің бір кезеңіне бұл 1 саны жазылғандарға жақсылық сыйлайды.Осы күндері бір іске кіріссеңіз, сапарға шықсаңыз, соның бәрі сәтті аяқталады. Олай болса, мұндай сан иесі сондай саннан басталатын айдан, күннен, сағаттан қуаныш күте берсін.

2 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келген кезеңі иесінің жанына көңіл-күйінің, сезімінің үстемдік ететінін танытады. Не болса соған сезіктене, секемдене қарау, қорқып-үрку, дұрыс шешім қабылдай алмау, қай істі де мерзімінен кеш қолға алу осы кезеңге тән құбылыстар. Алайда адамдармен тіл табыса білу, қай нәрсенің де жақсылығы мен жамандығын қат-қабат көру өмірдің 2 санын еншілеген кезеңін табысты өткізуге көп көмектеседі. Сондықтан да бұл қасиеттердің керектігін әсте ұмытпаңыз.

3 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі осы 3 санына сәйкес келетін болса, ол дос-жолдастың, тілектес әріптестердің көбеюімен ерекшеленіп, мазмұндана түседі. 3 саны «тиесілер» сауық-сайранға, серілікке бейім. Сол себепті олардың сауық-сайран, серілік өмірден басқа да маңызды мәселелердің, ел мен жер алдында азаматтық жауапкершілігінің бар екенін ұмытпағаны жөн.

4 саны. Өмірінің 3 кезеңінің бірі бұл санға сәйкес келетін адамға тән ерекшелік – еңбекқорлық. Бұл сан иелері жоғары қызмет атқармаса да өзінің қабілеті, іскерлігі бар екенін танытып, өзін сол арқылы бақытты сезіне алады. Олардың есінде сақтауға тиісті жағдай: жаңаны жатсынып, ескіге бүйрегі бұратын кертартпалықтан (консерва- торлықтан) ешкім атақ-абыройға ие бола алмайды, сол себепті ондай сезім бар болса, одан арылуға тиісті.

5 саны. Адам ғұмырының бұл санға тұспа-тұс келетін кезеңі иесінің халыққа қалаулы болуымен ерекшеленеді. Бірақта Сіз «мен осындай санның иесімін. Яғни, жұлдызым жанып тұр», – деп дандайсымаңыз, ойланбай еш-нәрсені де жасамаңыз.

Бұл ақыл-кеңеске құлақ аспасаңыз, бармағыңызды тістеп, өкініп қалуыңыз мүмкін.

6 саны. Зерттеушілердің пайымдауынша, «бұл кезеңнің «билігіндегі» уақыт жұптасу-ға, топтасуға қолайлы». Егер- де сіз осы уақытқа дейін жал-ғыз жүрсеңіз, енді қасыңызда жанашыр жан пайда болады. Сіз жанашырыңызбен ақылдасып, пікірлесіңіз. Сонда бұл өмірдің мән-маңызы мен оның Жаратқан Иеміз сыйға тартқан таңғажайып тіршілік екенін терең түсіне бастайсыз.

7 саны. Өз өмірінің бір белесінде бұл санға «ие» болғандар өзін-өзі жетілдіруге, жан-дүниесін байытуға барлық күш-қайратын жұмсайды. Олар өткен өмір жолына үңіліп, өзіне-өзі есеп береді, келешекке жоспар құрып, осыған дейін жіберген қателігін енді қайталамауға бет бұрады. Ой-өрісі кеңейіп, тереңдейді, дүниеге көзқарасы жұмбақтанып, құпиялана түседі. Оның өмір бойы жинаған тәжірибесі шығармашылық жұмыспен айналысса, оң нәтижесін береді. Қай мәселені де талдап, талғамдай алатын қасиетінің қай істе де көмегі мол. 8 саны. Егерде Сіздің ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі бұл санға тұспа-тұс келсе, өзіңізді өзгелерге билік жасау, басқару ісі күтіп тұр деп ойлай беріңіз. Мүмкін ел басқармассыз. Алайда бұл кезең-де Сіздің үй-ішіне, туған-туыстарыңызға билігіңіз, сөзіңіз жүреді. Оған кәміл сеніңіз.

9 саны. Бұл санға «ие» болсаңыз, ауқымды ой-жоспарлардың, жанқияр батылдықтың кезеңі келді деп біліңіз. Бұл кезеңде бойыңыздағы күш-қайрат тас қопарып, тау бұзуға жетеді. Жалғыз-ақ, армандап, қиялдана білсеңіз болғаны. Осы кезеңде өзіңізді үлкен маңызды істердің күтіп тұрғанын ұмытпаңыз. Тағы да қайталап айтамыз, зерттеушілердің бұл болжамдарына сену, сенбеу өз еркіңізде. Алайда осынау қорытындылардың тектен-текке өмірге келмегені, онда халықтың мол іс-тәжірибесі жатқаны есіңізде болсын. Сандардың сұлу сипаты Ұлы ғалым Пифагор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие», – деген екен. Мүмкін, біреу білер, біреу білмес, өмірде нумерология дейтін, сандар туралы ежелгі ғылым бар. Көпшілік қай санның қандай мағына арқалап тұрғанын соның болжамдары бойынша анықтап жатады. Соған сәйкес тіпті, автокөліктің нөмірінің қандай мән беретінін талдап, түсіндіретіндер де аз емес. Ол үшін автокөлік нөмірінде көрсетіліп тұрған бар санды бір-біріне қосады. Ондық сан шықса, мысалы 45 деген, онда екеуін тағы да қосады: 4+5=9. Қосынды қандай сан, болжамға қарап, ой қорытады. Біз енді тағы да сандар сипатына назар аударайық.

9 саны – қашанда көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән.

8 саны – басшылыққа ұмтылатындар саны, өзінің бар мүмкіндігін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар;

7 саны – әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал;

6 саны – әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай білетін, мінезі салмақтыларға сәйкес;

5 саны – керісінше, тәуе-келге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны;

4 саны – жұмбақ сан.

3 саны – ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны;
2 саны – сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен, өз ісіне ұқыпты жандарға тән;

1 саны – батылдар саны, қашанда тыныш жүріп, асықпауға тырысады.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 2241 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz