Сана - күрделі құбылыс (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3911
Главная » Файлы » Мои файлы

Сана - күрделі құбылыс (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 07:49

САНА — АСА КҮРДЕЛІ ҚҰБЫЛЫС

Сана — ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл — өз жағдайыңды түсіну, өз қимылыңды басқара білу, сондай-ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау.

Сонан соң, сана жайын сөз еткенімізде біз В. И. Лениннің: материяның өзінде санамен принцип жағынан тектес және өз дамуында сананы туғызатын қасиет бар деген сөздерін еске алмай қоймаймыз. Бұл — белгілі бір заттың бейнеленуі, шағылуы, яғни, сыртқы әсерді сезінуі, сол арқылы заттың ішкі жағдайын өзгертуі.

Сана дегеніміз де — шағылу, бейнелену. Айналадағы дүниенің мида шағылып көрінуі. Бірақ кез-келген шағылуды, бейнеленуді біз сана дей алмаймыз. Егер шағылудың табиғаттағы барлық түрлерін күрделі мән алуына қарай бірінен соң бірін тізбектеп қоятын болсақ, онда біз өзінше бір саты жасаймыз оның төменгі баспалдағы өлі табиғатпен ұштасады да, ал ең жоғары баспалдағы дүниенің адам санасында бейнеленуін көрсетеді.

Шындықты бейнелеудің айрықша сипаты бар ерекше түрі ретінде сана қандайда бір аралық сатыларда пайда болады. Бұл сатыны іздегенде ғалымдар болмыстың психикалық шағылу, бейнелену түріне айрықша назар аударады, ал психика тек жоғары сатыдағы тіршілік иелеріне ғана тән.

Ол адамға да тән нәрсе. Олай болса, психика бізді түйсікті жануарлармен біріктіреді ғой. Алайда біз олардың психикасын сана дей аламыз ба? Істің басты түйіні осы мәселеде, оның дұрыс шешімін айту үшін біз санаға не жататынын анықтап алуымыз керек.

Алдымен мынаны дәл ұғынғанымыз жөн: «психика» ұғымының ауқымы «сана» ұғымынан кеңірек. Психикаға енетіннің бәрі бірдей санаға ене бермейді. Кейбір психикалық құбылыстардың санадан тысқары қалатыны мәлім.

Сонымен, біздің санамызға не енеді? Айталық, бұған алдымен ой (ойлау) кіретіні өзінен-өзі түсінікті. Одан кейін санаға ырық — мақсат көздеу, талап-тілек, сол сияқты сезім — әсер алу, ренжу, қайғыру енеді. Ақырында, өзіңнің дүниедегі орныңды түсіну, өзіңнің және өзгенің іс-әрекетін бағалай білу, яғни, кысқасын айтқанда, сезім сананың міндетті элементтері болып табылады.

Сананың құрамды бөліктері осылар. Бізден көп саты төмен хайуанаттарда бұлар бар ма? Енді соны іздеп көрелік.

«Ғажайып құбылыстар энциклопедиясы» кітабы, АЛМАТЫ, 1986 ж.

Авторы: В.МЕЗЕНЦЕВ

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 6062 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.1/7 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz