Перзетті болу сыры. Ұл ананың ақылын, қыз ажарын ала ма? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Перзетті болу сыры. Ұл ананың ақылын, қыз ажарын ала ма? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:29

Перзентті болудың сыры. Ұл ананың ақылын, қыз ажарын ала ма?

Күзде үйленетін жастардың саны көбейеді. Ал үй­­ленгеннен кейін әлбетте, ерлі-зайыптылар перзент сүй­­гісі келеді. Ерлі-за­йыптылардың көпшілігі тұң­ғыш­та­­­рының ұл болуын арман­дайды. Бірақ, басым көп­ші­­лі­гі­нің алғашқы перзенттері қыз бала болып туыла­ды. Ға­лымдар бұлай болуының себебі ерлі-зайып­ты­­лар­дың өздеріне тікелей байланысты екенін айта­ды.

Қазақ «қыздың артынан ұл ер­сін» деген ниетпен қыздарға «Ұл­болсын», «Ұлжан» сынды есімдер беріп жатады. Ал әже­леріміз қыз­ды болғысы келетін жас жұбай­лардың жататын төсегіне бантик, тарақ, ал ұлды болғысы келетін­дер­ге ойыншық машина, пышақ қою­ға кеңес береді.

Неміс халқының ырымдары бойынша, жаңбырлы күні қыз көп туылады. Ежелгі грек дәрігері Эм­пе­доклдің есептеуінше, әйел ыс­тықта – қыз, суықта ұл көтереді. Жаңазеландиялық зерт­теуші В. Грант: «Ұл бала мықты, ержүрек әйелден туы­лады», – депті. Өйтке­ні, ғалым белсенді әйелдің орга­низ­мінде еркектік гармон, яғни «тес­тостеронның» көп болуы «өзі­не тән» сперматозоидтарды қа­был­­дап отыратынын алға тартады.

Егер бойға бала біткен уақытта жұбайлардың некесі әлі қиылып үлгермеген болса, онда дүниеге ұл келеді. Мамандар сәби жоспар­ламай тұрып-ақ төсек қатынасына жиі барған жұбайлар болса, онда қыз баланың, ал 3-4 күнде бір жыныстық қаты­насқа түсетіндерде ұлдың өмірге келуі мүмкін екенін алға тар­тады. Сонымен бірге қай­сысының махаббат сезімі күштірек болса, болашақ дүниеге келетін балаға соның жынысы беріледі деседі.

Апа-әжелеріміздің айтып жү­ре­тін кеңестеріне құлақ аспаса бол­майды. Әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі ша­рана ұл болғаны, ал егер бола­шақ­ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, тағы басқа) түссе, қыз бала жарық дүние есігін ашады екен. Атам қазақ: «Ұл ана­ның ақылын, қыз ананың ажа­рын алады» деп бекерге айтпаса керек.

Берлиндегі бір мұражайда сақ­талған ежелгі мысыр­лықтардың папирусында былай деп жызы­лып­ты: «Жүкті әйелдің зәрімен ар­па мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жар­ған болса, өмірге ұл, ал бірінші би­­дай өсіп шықса, дүниеге қыз ба­ла келеді».

Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайыз дәл келетіндігін көз жет­кізді.

Астрологтар болса, жұлдыз­на­маға сену керектігін айтады. Егер әйелдің жүктілігі Бикеш белгісінде басталса, қыз баланың өмірге келеді деп ойлай беру керек. Ал Суқұйғыш, Сарышаян белгісінде басталған жүктілік кезде ұл бала пайда болады. Егер әйелдің жасы жұп күнге келіп тұрса, онда қыз көтереді, ал жасы тақ санға дөп келсе, ұл дүниеге келеді екен.

Ғалымдар ерлі-зайыпты­лар­дың төсек қатынасындағы қабі­лет­тері бала жынысына да әсер ететінін айтады. Төсек мәсе­ле­сінде еркек белсенді болса әйелі ұл туады екен. Еркектің жыныстық қабілеті жоғары болса жас отба­сы­ларда ұл туылатынын статис­тиканың өзі көрсетіп отыр. Ал отыздан асқан ерлі-зайып­тылар­да қыз баланың дүниеге келу мүмкіндігі жоғары. Сондықтан да болар жас үйленгендердің тұң­ғыш­­тары (көпшілігінде) ұл да, екін­шісі қыз болады.

Жоғарыда айтылғандар қан­шалықты көңілге қонымды, оны тәжірибе барысы көрсетеді. Ата-әжелеріміз перзентті алдымен Алладан сұра деп жатады ғой.

Тимур КЕМЕЛ.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 13376 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.7/20 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz