Қорқыныштан құтылуға бола ма? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Қорқыныштан құтылуға бола ма? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 09:30

Қорқыныштан құтылу. Әркімнің ерік күшіне байланысты

Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН

Қорқыныш, үрей барлық адамдардың өмірінде болатын құбылыс. Психолог дәрігерлер мен мамандар үрей туғызатын құбылыстық әсердің қай-қайсының да мезгілдерінің уақытылы, сатылы, қайталамалы, созылмалы, қысқа көріністі, сезімдік бейнелі болып келетінін, соған ұқсайтынын айтады. Яғни, үрей, қорқыныш сана-сезіміңнен шықпай, сонда орнығып алатын мәңгілік құбылыс емес. Ол біртіндеп жоғалып отырады. Адамның денесіндегі құбылыстардың механикалық және динамикалық беріктілігі бар. Осы екі бірлік дененің тұрақтылығы мен сымбаттылығын құрайды. Мұндай күшке жаны, тәні адал жандар, тақуа діндар адамдар ие болады. Оларды табиғаттың қорқыныш, үрей тәрізді тылсым күштері көбінесе жеңе алмайды.

Үрей, қорқыныш жүйкесі жұқа адамдарға үйір. Себебі, адамның ең сезімтал ағзаларының бірі – жүйке жүйесі. Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, түрлі жүйке ауруларына, психикалық сырқатқа көбінесе жоғары қызметте, кеңседе қағаздармен, есеппен көп жұмыс істейтіндер, өмір бойы көп қиыншылықтар, жоқшылықтар көріп келе жатқан адамдар ұшырайды. Солардың ішінде еркектер 35 пайыз болса, әйелдер 45, кейде 50 пайызға дейін жетеді. Дүние жүзіндегі бірқатар психологтардың айтуынша, адамдар мұндай жағдайда өзіне-өзі көмектесуі қажет.

Ең бірінші, қай адамға да рухани демалыс ауадай қажет. Әсіресе, әйелдер жалғыз отырғанында қағазға үңіле бермей, өзіне-өзі «мен кіммін?», - деп сұрақ қойып, оған іштей жауап іздегені дұрыс. Ұлы Абайдың өзі айтқан ғой, «Өзіңнен күніне, ең болмаса аптасына бір рет есеп алып отыр» деп. Иә, өз ісіне іштей есеп беріп отыруды дағдыға айналдырған адамның өмірі де, жүйке жүйесінің жұмысы да бір қалыпқа түседі. Және де канадалық дәрігерлердің айтуынша аурудың 60 пайызы бөлмедегі ауаның таза болмауынан екенін әрдәйім жадымызда сақтап, үйдің, кеңсенің ауасын жаңартып тұруды әдетке айналдырып, деніміздің саулығына көңіл бөлуге тиістіміз. Жағымсыз жағдайларды, оқиғаларды көп ойлап, жүйкеге салмақ түсіруге болмайды. Жүйкесі мықты адамдар уайым-қайғыға, үрей, қорқынышқа көп бой алдыра бермейді.

Өмірде атақ-даңқ, қызмет, байлық үшін адамдарың бірін-бірі аяқтан шалуы, жағаларына жармасуы, қоқан-лоқы жасап қорқытып, үркітуі көзіміз көріп, етіміз үйренген жағдайға айналды. Ал адамды жазықсыздан-жазықсыз жылату, қорқыту – шариғатта ауыр күнәлардың бірі, адамгершілік тұрғысында да ол қоғамымызға жат қылық.

Ислам қорқытып, үркіту туралы

Нақақ біреуді өлтіру ғана емес, біреуге қоқан-лоқы жасап, қорқытып-үркітудің өзі барша адамзатқа жасалынған қиянат болып саналады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Қастандық істемеген, жер бетінде бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды өлтірген адам – барлық адам баласын өлтіргенмен тең ( күнәһар) болады», - деп айтылған. Яғни, Ислам діні адамдарды түр-түсіне, нәсіліне, дініне бөлмей құрмет көрсетуге шақырады, ешкімді де қорқытып – үркіткенді, қинағанды қаламайды. Ал Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтқан: «Зиян көрсеткен адамға Аллаһ та зиян көрсетеді», - деп.

Ислам дінінде үлкен күнәлардың бірі – Аллаһ Тағаланың азабынан қорықпау. Адамның біліп, білмей істеген күнәлары, кінәлары үшін Аллаһ Тағала алдындағы есептен, қиямет қайым күнінен қорқуы, сол қорқыныштан күнә, кінә істемеуге тырысуы – имандылыққа бет бұруы. Бұл қорқыныш – құрметке лайықты, әрі ол иесін сауапқа бөлейді. Әрбір мұсылманның жүрегінде мұндай қорқыныш болуға тиісті. Одан қашпау қажет. Ал табиғи әртүрлі қорқыныштан, адамдардың бопсалап үркітуінен, аурудан үрейге берілуден арылу – парызың.

Әртүрлі қорқыныш, үрейден сақтайтын дұға Бисмиллаһи рахмани рахим! Уә ас – алука би – асма – ика иә кәфи иә уәфи иә шафи иә муғафи иә һәди иә рағи иә қази иә рази иә ғали иә бақи.

Сүбханака иә лә илаһа иллә апта халлисна минал ғамми уәлһамми уән-нари иә рабби! Иә ман халақа фасаууа, иә ман қаддара фаһада. Иә ман һууа жунжи ул һалкә Иә ман һууа мунқизул ғарқа Иә ман һууа иәшфилмарза иә ман һууа азхака уә абкә. Иә ман һууа азалла уә аһда Иә ман һууа амата уә ахйа Сүбханака иә лә илаһа иллә анта халлисна минал ғамми уәлһамми уән – нари иә рабби! (Шипалы дұғалар, «Қайнар», - Алматы, 1999).

Қорқынышпен күресу тәсілдері Психолог – дәрігерлердің, мамандардың айтуынша, қорқынышты мынандай амалдармен сейілтуге болады: Сүйіктімнің көңілі басқа біреуге ауып жүр деген күдік көңіліңізге ұяласа да, айрылып қаламын деп қорықпай, бай-салдылық танытыңыз.

Оны таяуда қызметінен алып тастайтын шығар деген жаман ойлар мазаласа да салқынқандылық көрсетуге тырысыңыз. Әркім өз басындағы барлық қиындықты жеңе алады. Сол себепті барлық әрекетіңізге баға беріп, өзіңізді-өзіңіз жөн-жосықсыз жазғыра бермеңіз.

Қай істе де шамаңызды байқап, қызбалыққа салынбаңыз, мүмкін емес нәрсені қолға алмаңыз. Сонда «уәде беріп қойып едім, енді ұятқа қаламын-ау» деп қысылмайсыз, «атақ-абыройым айрандай төгіледі», - деп қорықпайсыз. Кейде табиғи бір құбылыстардың әсерінен жан-дүниеңде алаңдаушылық бір сезімдер пайда болып, үрейге түсіреді, жаныңды қинайды. Мұндай жағдайда қорықпау қажет. «Мені мазалап жүрген түкке тұрғысыз жағдай емес пе екен?», - деп ойланыңыз, басыңыздағы жағдайдың сырын түсінуге талпыныңыз.

Күдікті ойлар, үрей, қорқыныш қай істе де адамның жолын бөгесе, ешкім де мақсат – мүддесіне жете алмайды. Қорқыныштан, үрейден құтыламын деп арақ-шарап ішу - әлсіздіктің белгісі. Оны жете түсінген жөн. Ауруын, түрлі уайым-қайғыны, түрлі қорқыныштарды айтып шағымданатын, сені қорқытқысы келетін адамдармен араласпаған абзал.

Біреумен бір мәселе жөнінде телефон арқылы сөйлескіңіз келсе, алдын-ала айтатын сөзіңізді, тосын сұрақтарға жауабыңызды дайындап алыңыз. Сонда қорықпай, абдырап саспай сөйлесетін боласыз.

Ешуақытта «мен жолы болмайтын адаммын» деп қамықпаңыз, өзіңізді-өзіңіз оған сендірмеңіз. Сонда қай іске де қорықпай, батыл кірісесіз.

Мінез-құлқы нәшар, өсекші, өтірікші адам екенін байқасаңыз, жұртты таң қалдыру үшін айтып жатқан тосын әңгі-мелеріне онша мән бермегеніңіз дұрыс.

Кез-келген қиындықты, сәтсіздікті жасымай қарсы алыңыз. Мұндай жағдайда көңіліңізді көтеру үшін жақсы ән тыңдаңыз, әзіл-сықақ оқыңыз, күлкілі кинофильмдер көріңіз. Не болса содан сақтанып, кез-келген нәрсеге үрейлене, сенімсіздікпен қара-маңыз.
Кешкілік, түнде кейбір адамдардың бойын үрей билейтін кездер көп. Сол сәтте көңілді тыныштандыратын дәрілерді өз бетімізше ішеміз. Бұл қалжыраған ой-өрісіміздің, сырқатқа ұшыраған жүйкеміздің сыр бергені болуы мүмкін. Мұндай жағдайда арнайы дәрігер – мамандармен ақылдасқан жөн.

Телеарналардан қорқынышты жаңалықтарды, кинофильмдерді көп көрсеңіз, ол да жүйкеңізге, жандүниеңізге әсер етіп, жаныңызды тектен-текке қорқыныш, үрейлердің билейтінін естен шығармаңыз.

Қорқыныш пен үрей кейде адамның назарын қалыптасып келе жатқан жағдайға аударып, бір ауыртпалықтың, қайғы-мұңның орын алуы мүмкін екендігін де ескертеді, қамқоршы міндетін атқарып бойыңыздағы күш-жігерді оны жеңуге бағыттайды, таным-дүниеңізді түрткілеп оятады. Осындай қорқыныш, үрей кезінде бойыңызды билеп, жағдайды саналы түрде ой таразысына салып, бағамдап байқасаңыз ол жаныңды сейілтеді, тығы-рықтан шығатын жол көрсетеді. Сенімсіздік жаныңды жаулап алса, онымен күреспесең, ол қорқыныш туғызады, теріс ойдан ада жан-дүниеңізді тас-талқан етеді, сезіміңді сергелдеңге түсіріп, жаныңды қинайды. Бернард Шоу: «Қорқыныштың құлы болу – құлдықтың ең сорақы түрі» деген. Осындай сәттерде соны естен шығармаңыз. Қателіктеріңнен сабақ алыңыз, оны екінші рет қайталамауға тырысыңыз. Ең бастысы, қай істе де, қандай жағдайда да өзіңе-өзің сенімді болыңыз. Мамандардың пайымдауынша, адам баласының бұл өмірдегі қатты қорқатыны - өлім, жоқшылық, ауру, уайым-қайғы.

Осы төрт қорқыныштан басқасын жеңуге кім-кімнің де ерік күші, төзімі, ақыл-парасаты жетеді. Тек кез-келген қорқыныш, үреймен батыл түрде күресе білу қажет.

Бойды билеген үрей мен қорқынышты ақылға жеңдіру, сөйтіп батыл қимыл жасау, ойды ашық айту да қорқыныш пен үрейді басудың бір тәсілі.

Бастығыңыз ұнатпай, әр нәрседен сылтау іздеп, соңыңызға шырақ алып, түссе де қорықпаңыз, жұмыстан шығып қалсам қайда барамын, деп жабырқап, жасқанбаңыз. Өзіңіздің бағаңызды біліп, оны бастығыңа мойындатуға тырысыңыз, қарсы психологиялық іс-әрекетке көшіп, берілмеңіз.

Қорқыныш адам санасының төрінен мықтап тұрып орын алатын болса, одан құтылу қиын. Бұл жасқаншақтықтан, жал-ғыз қаламын деп сескенгендіктен, шешім қабылдай алмаушылықтан да туындауы мүмкін. Қандай қорқыныш бойын билесе де әйелдер өздерінің жаны нәзік болғанымен, рухының мықты болатынын ұмытпағаны, соны еске алып күрескені дұрыс.

Кері әсер беретін биоқуаттар

Өтірік, өсек, қауесет әңгіме тарату арқылы да адамдардың жанында қорқыныш туғызуға болады. Зерттеу-шілердің, халық емшілерінің пайымдауынша мынандай жағдайлар адам жанына кері әсер беретін, қорқыныш, елеспен үрейді алатын биоқуаттарға толы:

Иесіз мекенде, қыстауда, жалғыз ағаш түбінде, бастаулар мен бұлақтардың, көлдердің басында, жаңғақ ағашы саясында, лас орындарда, қалдықтар мен күлдер төгілген жерде, жол бойында, ескі бұзылған үйде, қоралардың орнында, есік алдында ұйықтау. Бұл орындар адамдарға кері әсер беретін биоқуаттар бөліп, елестік үрейлі жағдайлар туғызатын көрінеді... Иә, табиғаттың тылсым жұмбақ сырлары көп.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 2982 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz