Өмір туралы қызықты афоризмдер немесе афонаризмдер - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Өмір туралы қызықты афоризмдер немесе афонаризмдер
[ ] 27.05.2012, 17:52

Өмір-тағдыр туралы афоризмдер

Сіздің өткеніңіз менің болашағымнан да бұлдыр екен.

Ұрылар тонап кеткенде, қалтам жеңілдеп сала берді.

Егер тек тәжірибеге сүйенсек, ешбір жоспар жүзеге аспайды.

Біздің тәжірибемен адаспау мүмкін емес.

Көңілдірек емес, жақсырақ өмір сүргенге не жетсін!

Жетіскеніміз сонша, түсімізде де жарнама көретін болдық.

Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.

Ештеңені жүрекке жақын қабылдама, жақын қабылдасаң, жадыңда ұстағың келеді, жадыңда ұстаған жаныңа ауыр тиеді.

Егде тартқанда, еске алатын нәрсе көп болғанымен, естелік етіп жазатын ештеңе болмауы да мүмкін.

Құрылған тұзақтарды айналып өткен сайын, құнды тәжірибеден қағыла бересің.

Өмір математикасы: бөлісетін нәрсе болмаса ұжым болып бірігу оңайырақ.

Уақытты өлтіру үшін көздеудің де қажеті жоқ.

Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Амал жоқ, оны сүресің.

Құйрығы болмаса да бұлғаңдата алатын адам қаншама?!

Ең дұрыс жол – өз жолың.

Жалғыздық – күштіліктің белгісі.

Тағдыр – өз сәтсіздіктеріңнің ең жақсы сылтауы.

Қатынас ыдыстар: Өмір сүрсең – ішкің келеді, ішсең – өмір сүргің келеді.

Жаңбыр жауған жексенбіде не істерін білмей отырып, көп адам мәңгі өмір сүргісі келеді.

Саған керексіз қанша заттың бар екенін туған күніңде анық білесің.

Өмір баллоннан шығатын газ сияқты, жанбаған кездегі иісі тіпті жаман.

Өзіңе өзің қызығатындай етіп өмір сүру керек.

Жаратқан да жақсыларды жанына алады. Сіздің тірі жүргеніңіз сондықтан.

Өмірдің ойын екендігін бәрі біледі, тек ережесін көбісі толық білмейді.

Бүгінгі қиындықтарға өкінбе, ертең одан да басқасы болады.

Аяу мен көмектесудің айырмасы – емдеу мен жерлеудің айырмасы сияқты.

Күлкінің өмірді ұзартып, қысқартуы кімнің күлгені мен кімнің күлкі болғанына да байланысты.

Өмірден тек жақсылық күту үшін мазохист болу керек.

Адамның жақсы өмір сүруіне оның жұрт мақтаған қасиетері көп кедергі келтіреді.

Өзімізге өзіміз көбірек ұнай бастаған кезден бастап, өмір сүруіміз қиындай бастайды.

Ажалдың біздің өмірімізге түк қатысы жоқ: біз тірі жүргенде ажал жоқ, ал ажал келгенде біз жоқпыз.

Өзгелерге пайдалы адам мәндірек, өзіне пайдалы адам ұзағырақ өмір сүреді.

Сау адамды өмірдің өзі, ауру адамды оның мәні қызықтырады.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 18850 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.5/21 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz