Әлем жаңа жылды қалай қарсы алады? - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Әлем жаңа жылды қалай қарсы алады?
[ ] 07.03.2010, 08:45

Әлем Жаңа жылды қалай қарсы алады?

 Жаңа жылды қарсы алу - ең көне мерекенiң бiрi. Бұл мерекенi еттi жақсы көретiн қазақтар да, ұстамды ағылшындар да, қызуқанды финдер де, махаббатты өте-өте жоғары бағалайтын француздар да... қорыта айтқанда, әлемнiң барлық халқы асыға күтедi. Және де өздерiне тән дәстүр, ғұрыппен қарсы алады.

Батыс елдерiнде адамдар шыршаларды безендiрiп, түрлi сыйлықтарды сатып алып, желтоқсанның 25 күнгi мерекенi тойлауға дайындалып жатыр. Иса пайғамбардың туған күнi кейбiр адамдар үшiн коммерция, яғни сауда дәстүрiне айналып барады.

Ал басқалар үшiн бұл күн ең жақсы көретiн мереке болып қалуда. Айталық, Болгарияда Жаңа жылды дәстүр бойынша әр адам өз үйiнде күтедi. Мерекелiк кеш отбасы мүшелерiнiң кенжесi қонақтарға тақпақ немесе ән айтуымен басталады.

Ең қызығы, мұнан соң әлем бойынша тек, болгарларға ғана тән дәстүр: жаңажылдық сүйiс басталады. Сағат он екiнi соққанда барлық жарықтар бiр минутқа өшiрiлiп, жаңа жылдық сүйiс өткерiледi. Мұнан соң үй иесi iшiне тосын сыйлықтар жасырылған арнаулы тортты жей бастайды. Себебi, бұл торттың iшiне түрлi сыйлықтар салынып пiсiрiлген.

Егер торт бөлiгiнiң iшiнде тиын болса ол адам жыл бойы ақшалы жүредi деп ырымдалады. Егер жауқазын сабағы түсе қалса Жаңа жылда шын махаббатымды кезiктiремiн деп ойлай бер! Тап осындай дәстүр Румыния мен Австралияда кең тараған үрдiс болса, Австралияда рождество қарсаңында арнаулы түрде корольдiк торт пiсiрiледi. Мұның iшiнде де сыйлықтар болады.

Дат халқының сәбилерi жаңажылдық мерекеге шашу ретiнде қолдан жасалынған жасыл шыршалар алса, аналары шыршаның бұтақтары арасына ойыншық тролдердi орнатады. Себебi, трол дат елiнiң ұғымында ағаштың жаны мен жарылқаушысы болып табылады.

Трол ойыншықпен ойнаған бала жасыл ағаш секiлдi биiк болып өседi деген ырым нәтижесi осылай iске асады. Осылайша, сыйлық тарқатылып бiткен соң барлығы дастарқан басына жиналады да, ортаға үлкен табақтағы суытылған күрiш ботқасы келедi. Оның ең төменгi тұсында жаңғақ жасырылады.

Тәттi ботқаны ыдысқа салғанда жаңғақ бойжеткен қызға түсе қалса ол үшiн үлкен қуаныш болғалы тұр. Себебi, жаңғақ оның күйеуге тиюуiне тiлектес деген сенiм бар. Ұлыбританияда сыйлықтарды Фаза Хрисмас алып келедi. Бiздiңше айтқанда, Аяз Ата және рождестволық әке саналатын оны барлығы да асыға күтедi. Сондықтан да әр отбасы өзiне қажеттi затты сұрап ол келерден бiр апта бұрын хатқа жазады да, пешке салып өртеп жiбередi.

Хаттың өртенiп түтiнге айналуы арқылы мұржадан шыққан түтiн Фаза Хрисмасқа онда не жазылғандығын жеткiзедi деген ұғым бар. Мұнан соң үй иесi 31 желтоқсан күнi дүкенге барып хатта жазылған заттарды өзi сатып әкеп, от жағылмайтын пештiң iшiне тығып қояды да, балаларына Аяз Ата тастап кеттi деп тарататын болған.

Ағылшындар бiр-бiрiне рождество қарсаңында қымбат бағалы сыйлықты әсте ұсынбайды. Себебi, олар қашаннан артық тиын жұмсамауға дағдыланған халық. Кiмге не сыйлау керектiгiн Жаңа жыл қарсаңында отбасылық жиналыс арқылы шешедi. Сонда да рождестволық суретi бар открытка таратудан әрiге аспайды.

Сiз Жаңа жыл қарсаңында, атап айтсақ, 31 желтоқсан күнi Италияға бара қалсаңыз, тұрғын үйлердiң терезесiне жақын жүруден аулақ болғаныңыз жөн. Себебi, бұл ел Жаңа жыл күнi өз үйiнiң терезесiнен керек емес заттарын лақтырумен айналысады. Атап айтсақ, ескi шұлығы мен iш киiмiнен, тiс тазалағышынан бастап, тоңазытқыш пен теледидарға дейiн тысқа атуы мүмкiн.

Ал, қала тазалығына жауап беретiн жұмысшылар артық заттарды жинап әкетуге қабақ шытпай кiрiседi. Өйткенi, бұл мемлекеттiк тапсырма болып саналады. Сонымен қатар, тағы бiр қызықты дәстүр бұл елде ерлер мен әйелдер бiр-бiрiне қызыл түстi iш киiм сыйлайды. Себебi, бұл осы елдiң жаңажылдық символы.

Ал, балалар болса сыйлықты Аяз Атадан емес, Ақшақардан күтедi. Оның итальяндық атауы Ла Бефан. Германияда Рождество тек отбасылық мереке ғана саналады. Бұл күнi алыста жүрген, жақында жүрген барлық отбасы мүшелерi үйге жиналуы керек. Сонымен қатар, әр үйдiң анасы мерекеге арнап «кiлемше торт» пiсiредi.

Аты айтып тұрғандай, өте үлкен көлемдегi тортты ұн, қант және жүзiм қосып даярлайды. Тiптi ХVI ғасырларда екi метрге дейiнгi «кiлемше торт» пiсiрiлгенi жайлы деректер бар. Оңтүстiк Германия мен Австралияда бiр-бiрiне шыны немесе фосфордан жасалған торай мүсiнiн сыйлайды.

Солтүстiк Үндiстан тұрғындары алқызыл, қызыл, күлгiн, және ақ түспен үйiн безендiредi. Жапонияда салт бойынша Жаңа жыл қарсаңында келер жылдың жануары бейнеленген открыткалар сыйлайды. Бұл мереке «Надоматсу» деп аталады. Сонымен қатар, шырша ретiнде есiк алдындағы қарағайды күрiш сабақтарын орау арқылы жылтыр ойыншықтармен безендiредi.

Ал, Рождество қарсаңында Қытайға бара қалсаңыз, жарық ағашын көрер едiңiз. Бұл шырша тәрiздес дүние. Кез келген ағашты жарық беретiн ойыншықтармен, ашық түстi гүлдермен безендiрiп, шырша есебiнде пайдаланады. Бiрақ бұл мерекенi Қытайда тек христиан дiнiн ұстанатындар ғана тойлайды.

Қызығы сол, бұл күнi қытай балалары қабырғаға өзiнiң шұлықтарын iлумен болады. Себебi, осы түнi Аяз Ата (Дун Чен Лае Рен) сыйлық салып кетедi деген наным бар. Финдер Жаңа жылды қара өрiктен жасалған тосап және күрiш ботқасымен күтедi. Финдiк мерекенiң ең басты кейiпкерi - Лопикки.

Ол сыйлыққа тәттiлермен қоса қамшы алып келедi. Қамшы кiшкене балаларды тәрбиелеу құралы саналған. АҚШ-та басты назар сыйлыққа емес, оның қорабына аударылады. Сыйлық бiреу болғанымен оның ондаған қорап iшiне салынуы мүмкiн. Францияда жұрт бiр бiрiне кез келген сыйлықты ұсынғанымен бiреудiң әйелiне әтiр сыйламайды.

Себебi, бұл елде заңды әйелiне тек қана күйеуi сыйлық жасайды. Чехияның орталық алаңдарында пәуескеге мiнген қонақтар қаланы аралап жүредi. Ал жақын арада резеңке алжапқыш тағып алған сатушы тiрi балық сатып отыр. Өйткенi, Чехияда Рождество мерекесiнде балық пiсiрiп жеу көптеген адам үшiн дәстүр болып қалған.

Эстония, Австралия, Шотландияда бақытты көшеде кезiктiрген мұржа тазалаушы әкеледi деп есептейдi. Эскимостар болса бiр-бiрiне мұздан жасалған ақ аю мен морждың мүсiнiн сыйлайды. Себебi, Греландияда жаздың күнiнде бiздегi Жаңа жыл күнiндей суық болады.

Сондықтан, мұздан жасалған сыйлықтар ұзақ сақталады. Шотландықтар бұл күнi қонаққа торттың бiр бөлiгiн, бiр стакан шарап және бiр түйiр көмiр ала барады. Бұл осы арқылы жыл бойы өздерiн тамақпен, сумен, жылумен қамтамасыз етемiн деген тiлектi бiлдiредi. Шведтер бiр-бiрiне май шам сыйлайды.

Сыйлықтың мәнi сол - қыстың дәл ортасында бұл елде полярлық шеңбер қысқы түн басталады. Сондай кезде жарық болса мейiрiмдiлiк, достық қуаныш әкелсiн деген мағына бар. Испанияда мереке алдында қандай да бiр үйге барар бұрын сыйлық қорапшасына мiндеттi түрде шампан салынып барады.

Осы күнi алаңда жүзiм таратылады. Сағат он екiнi соққанша жиналғандардың барлығы он екi тал жүзiм жеуге тырысады. Әр жүзiм он екi айдың символы. Гректер ұлттық корзинкаларына салынған шампандар мен шараптарды сыйлаумен қатар бiр-бiрiне ойын картасын ұсыну дәстүрге айналған.

Исландияда желтоқсан айында ай бойы баласын тәрбиелеп әлек болмайды. Себебi, балалардың ойынша Аяз Ата тәртiпсiз болса сыйлықсыз қалдыруы мүмкiн.

Авторы: Лира БӨКЕЙХАНҚЫЗЫ, «ДАЛА мен ҚАЛА»

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 3744 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.5/4 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz