Кітап оқудың да сыры бар (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Кітап оқудың да сыры бар (интернеттен)
[ ] 09.03.2010, 20:10

Кітап оқудың да сыры бар

Оқушы оқу бағдарламасын игеруі үшін көптеген әртүрлі мәтінді оқуы керек. Ол үшін адамның тез оқитын қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Ересек адам орташа есеппен минутына 180-250 сөз оқуы керек. Зерттеушілер бұл көрсеткішті 400-600 сөзге жеткізуге әбден болатынын анықтаған. Дегенмен, мәселе - сөздің санында емес, бастысы - адамның нені, қалай, не үшін оқуы керектігін білуінде.

Американдық іскер Дейл Карнеги: «Адамның кім екенін ісіне, келбетіне, не айтатынына және қалай айтатынына қарап анықтайды» деген. Көптеген адамдар кейде айтар сөзін жеткізе алмай, ойы жан - жаққа шашырап, әлекке түседі. Әсіресе, жас балалар айтарын айта алмай, абдырап, білгенін ұмытып, «неге мынаны айтпадым?, былай деуім керек еді...» деп артынан өкініп жатады.

Ғалымдардың анықтауынша, адамдар неғұрлым көп оқыған сайын сөздік қорының молаюы есебінен ойын дәл және нақты жеткізуге қол жеткізеді екен. Шешендігімен атағы шыққан грек философы Демосфен әйгілі тарихшы Фукидиданың шығармасын жете түсіну үшін 8 рет оқыса, Лев Толстой Евангелиені жаттап алғанша қайталап оқыған.

АҚШ - тың президенті А. Линкольн «Табысқа жетудің бір ғана жолы - кітап оқу» дегенді үнемі айтатын болған. Сонда қандай кітапты оқу керек?...

Мәселен, сэр Генри Ирвинг өзі сүйіп оқитын 100 кітаптан ең бірінші орынға Библия мен Шекспирдің шығармасын қойған. Неміс классигі Гете адамдарды оқыған кітаптарына қарай бағалаған. Ал Марк Твен үнемі өзімен бірге сөздік алып жүретін болған. Адамның шешен сөйлеуін қалыптастыруда сөздіктің пайдасы көп деп есептеген.Қорытындылай келе айтарымыз:

Мектепте өздерінің қабілеттерін көрсете алмаған көптеген әйгілі адамдар 1% талант пен 99% еңбектің арқасында өмірде үлкен табыстарға қол жеткізген. Мәселен, Александр Македонский өзінің 30 мың жауынгерінің аты - жөнін жатқа білсе, Генрих Шлиман кез - келген шетел тілін 6-8 аптаның ішінде үйреніп алатын болған. Венгер шахматшысы Янош Флеш 1960 жылы 52 тақтада жатқа шахмат ойнап, 31 партияны жеңген, 18 партияда тең түскен, 3 партияда ғана ұтылған. Суқараңғы Лина По 100-ден аса скульптуралық мүсін жасаған.

20 жасында әзер мектепті бітірген Карл Линнейді мектепте мұғалімдері білімсіз ақымақ деп санаған. Шведтің табиғаттанушы ғалымы ретінде кейін атағы әлемге жайылған К. Линнейдің жаратылыстану ғылымдарына бейімдігі барын анықтаған доктор Ротман оған латын тілінде жазылған Плинияның кітабын сыйға тартады. Осы кітапты оқу үшін латын тілін үйренуге тура келген К. Линнейді кім білмейді? Орыстың ұлы жазушыларының бірі - Н. Гоголь мектепте шығарманы 2-3 деген бағаға жазған. Ал Чарльз Дарвиннің әкесі: «Сенің қолыңнан тышқан, ит аулаудан басқа ештеңе келмейді. Сен біздің жанұяның маңдайына біткен масқарасың» деп ұрысады екен. Кейін Ч. Дарвиннің «Түрлердің шығуы» атты еңбегі атын әлемге жайғаны белгілі.

Альберт Эйнштейнді туыс ағасы Якоб: «Ештеңе етпес, Альберт, жұрттың бәрі профессор бола бермес, сен де жерде қалмассың» деп жұбатады екен. Қазір Эйнштейннің заңын оқымаған адамды табу қиын.

Ғылымға ноосфера терминін алғаш енгізген Владимир Иванович Вернадский өмір сүрген 82 жылдың 60 жылын ғылымға арнап, алты түрлі ғылымның білгірі болған. Соның ішінде - геохимия, биогеохимия және радиогеология  ғылымдарын өзі ашқан.

Л.Толстой секілді 21 жасында В. Вернадский де болашағының бағдарламасын жасаған. ««Өмірде ешкімнен жәнеештеңедентәуелсіз болу үшін - ақыл, білім және талап керек. Білім - ақылды шыңдайды» Ал білімге ұмтылу үшін мінез - құлықты шыңдау керек, яғни өзіңнің ойыңның дұрыстығын дәлелдеу үшін қорқыныш, ұялу, жасқанудан арылып, бастаған істі аяғына дейін жеткізу. Тілді дамыту, ақылды шыңдау үшін - философияны меңгеру, математиканы, музыканы, өнерді, қоршаған ортаны оқып - үйрену.

 

Р.S. Қоғамды осынша ақыл - білімімен өзгертіп, адамзат дамуының шарықтау шегіне шыққан ХХІ ғасыр адамының алдына қояр мақсат - мүддесіне сәйкес, жоғарыда келтірілген мәліметтерге тек толықтыру ретінде - ақпараттық технологияны таңдай білу, меңгере білу, өмірде пайдалана білу құзыреттілігін қалыптастыруды қоссақ, адам баласының ұмтылған идеяларының өміршеңдігіне тағы да көз жеткіземіз.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 2256 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz