Күннің ысуы Жер шарына әсер ете ме? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Күннің ысуы Жер шарына әсер ете ме? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 09:50

Күннің ысуы Жер шарына әсер ете ме?

Кешегі аптада әлем ғалымдары Америкада бас қосып, климаттың жылынуы мен оның адамзатқа әсері жайлы келелі кеңес өткізді. Осы жиында бұл мәселені бірнеше жылдан бері үздіксіз, үзіліссіз зерт­теп келе жатқан ғалымдар тобы Жер шары климаттағы өзгерістердің салдарынан жарылып ке­тудің сәл-ақ алдында тұр деген пікір айтты.

Ғалымдардың айтуынша, ауа райының қарқын­ды жылына бастауы экологиялық жүйені бұза отырып, адамдар өміріне де үлкен қауіп тудырып отырған көрінеді. Олардың есептеулеріне қарағанда, тап қазіргі күндері ауа құрамында бір жарым миллиард тонна көмір қышқыл газы бар екен. Қауіп тудырып отырған да осы газдар болып шықты. Бұл құбылыс адамдар ағзасына да апатты әсер тигізуде. Климаттың түбегейлі өзгеріске ұшырауы адамдар арасында қауіпті індеттердің жайылуына әсер етеді. Олар жүрек-қан тамырлары аурула­рына жиі ұшырайды. Көбінесе қауіпті індеттер жәндіктер арқылы тарайды екен.

Әр аймақтың өзіне тән қалыптасқан ауа райы болады. Оның жүйесі бұзылған жағдайда ауа райы үлкен өзгеріске ұшырайды. Мәселен, кейінгі кездері Еуропа бойынша бұрын-соңды болмаған аптап ыстықтарды айтуға болады. 2003-ші жылы Еуропада ыс­тықтан 70 мың адам қаза тапқан. Сол кезде Францияда температура 40 градусқа дейін көтеріл­ген. Таулы аймақ болып есептелетін Швейцария елінде де осындай температура орын алған. Мұн­дай температура бұл елде кейінгі 250 жылда бір­де-бір еет тіркелмеген. Ал Венгрияда құрғақшылық болып, барлық егін күйіп кеткен. Жаппай жылынудың әсерінен Еуропа ғана зардап шегіп қойған жоқ, Үндістанда ауа райының ыстығы 40-50 градусқа жетіп, 1400 адам қаза болған.

Егер жағдай осы қалыпта болып, мұздың еруі жалғаса беретін болса, мұндай тізім де жалғаса бе­ретін болады дейді ғалымдар. Ал 2040-шы жылда­ры­ мұндай кездейсоқ жағдайлар тұрақты болып, адамдар өмірі қыл үстінде тұрғандай күй кешеді екен.

«Бұл апаттан да бұрын адамдар өздерін-өздері жоя бастайды» – дейді БҰҰ жанындағы көші-қон басқармасының комиссары Антонио Гутеррес. – Мәселен,­ әлемдік жылынудың салдарынан Жер шарының суы небәрі бір сантиметрге көтерілген жағдайда миллионға жуық адам бір жерден екінші жерге қоныс аударуға мәжбүр болады екен. Ал мұндай жағдайда жерге таласудан азаматтық қырғын басталуы мүмкін».

Алдағы тоқсан жылда мұхит сулары 1 метрден 2,7 метрге дейін көтеріледі деген болжам бар. «Индепендент» газетінің мәліметіне қарағанда, жағдай осы қалпында тұрғанның өзінде 2010-шы жылы көшіп-қонушылар мен қашқындар саны 600 миллионға жетуі мүмкін. Мұның өзі келер жылы шекара мәселесінде көптеген елдер арасында қырғи-қабақ, келіспеушілік орын алады деген сөз.

Қ. НҰРМАШҰЛЫ.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 978 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz