Имансыз әйел - ұлттың соры (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

Имансыз әйел - ұлттың соры (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 10:37

Имансыз әйел - ұлттың соры

Әйел дегенде – менің көз алдыма жүзінен мейірім нұры төгіліп: «Құлыным, ботақаным, шырағым, айналайын!»– деп мың толғанып емірене иіскеп жататын ақ жаулықты аналар көз алдыма елестейді. Мұндайлар бар, бірақ жылдан жылға азайып барады. Бастан орамал, жүректен ұят кеткелі қашан. Ұлтты тәрбиелейтін аналардан тәрбие кетсе, сонда болашақ қазақ ұрпағын кім тәрбиелейді?

Орамал тағу – нағыз мәдениеттіліктің белгісі. Кешегі кеңестіктер: «Орамал тарту – ескіліктің қалдығы, құлдықтың белгісі, әйелдерді қорлау»,– деп орамал тартқандарды мазақтап, арына тиіп, бездіріп жіберді.

Ислам діні әйелдерге тәндері көрінетіндей жұқа киім киюге, омырауы ашық көйлекпен еркектердің көзіне қылмыңдап түсуді қолдамайды. Жас қыздар түгілі 50-60-тан асқан көбісінің немерелері бар әйелдер де осылай жүргенде не деп ойлауға басың жетпейді екен.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадисінде: «Өз күйеуінен басқаға зейнеттеніп сәнденіп, сыртқа шыққан бір әйел қиямет күні нұрсыз бір қараңғылыққа ұқсайды. Әйел бейсауат көрінуге болмайтын ұяттың ұясы, сондықтан ол сыртқа шықса, шайтан оның соңына түседі, азғыруға тырысады»,– деген. Өкінішке орай, осылай болып отыр.
Мектеп болған соң, семинар, конференцияларға жиі барып тұрамын. Бірде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімінің «Әйел теңсіздігі» тақырыбындағы ашық сабағына қатыстым. Ойымда ештеңе жоқ. Алғашқыда көңілсіздеу болып, бір кезде оқушы қыздар белсене сөйлеп сабақ қыза түсті. Бәрін қадағалап, бақылап отырдым. Қыза-қыза келе қыздарымыз:
– Байлар, хан-сұлтандар, молдалар – көп әйел алған оңбағандар. Олар жап-жас қыздардың көз жасынан қорықпай, шырылдатып малға сатқан. Әйелдерді еркектерден төмен санады. Жастар сүйгендеріне қосыла алмады, бақытсыз болды...

Қарап отырсам, ата-бабамызды іреп-сойып сөйлеген қыздарымыздың парталас ұлдарға бұрылып қарағандағы көздеріндегі жеккөрушілік ұшқыны жүрегімді мұздатты.
Қайран бабаларым, ақымақ ұрпақтарыңды кешіре гөр. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, күндіз – күлкі, түнде – ұйқы көрмей, басын өлімге тігіп, асты-үсті тола байлық, дархан даланы ұрпағыңа қалдырғаның үшін айтар алғысымыз осы ма еді?! Жүрегім қан жылады.

Біткен соң, сабақ өткізуші апайға ойымды жұқалап жеткіздім.

Ол: «Өтірік пе? Әйелдерді қорлап, көп қатын алғаны, оқушылар шындықты білсін»,– деп сол байлар өзін тоқал етіп, қатындыққа алғандай зірк ете қалды.

Бұған бір нәрсені түсіндіру мүмкін емес. Осындай шаласауатты қаншама мұғалімнің миллиондаған балаларды ата-бабасынан бездіріп, тілін, дінін құрметтемейтін дүмше етіп тәрбиелеп жатқаны бір Құдайға ғана аян. «Жақсы мен жаманды айыра алмайтын қоғам, өзін-өзі құртып тынады»,– деген екен бабаларымыз Ер Түріктер.

Ауылға келгесін жоғарғы сыныптардың қазақ әдебиетін қарап шығып, оқушылармен пікірлестім.
Анаргүл: «Оқулықтардағы барлық шығармаларды ой елегінен өткізіп, түбіне үңілсеңіз, барлығы біржақты ата-баба салт-дәстүрінен, дінінен, байлардан қорлық көріп бір-біріне қосыла алмаған ылғи бақытсыз жандар туралы жазылған. Кеңес Одағы орнағанша, біздің аналарымыз, қыздарымыз, әжелеріміз мыңдаған жылдар бойы, тек қорлық-зорлықпен мал сияқты өмір сүргендей».

Ақберен: «Кез-келген шығарманы ашыңыз бай, хан-сұлтан, қожа-молдалар тек жаман жағынан жазылған. Олар туралы мақтап, құрметтеп жазған бірде-бір роман түгілі сөйлем таппайсыз».
Жасөспірім қолына қазақ әдебиеті оқулығын алып: «Қазақ әйелінің қас жауы, қазақ әйелдерін теңсіздікте қорлық-зорлықта ұстап, малға теңеген феодалдық салтқа қарсы күрес... Роман арқылы феодалдық шірік салтты әшкерелеу, қалың халық бұқараны одан бездіру, әйелдерді азаттық күреске қарсы шақыру еді...»– деп шұбыртып оқи жөнелді. Ойлаймын, сонда өткен ғасырлардағы ата-бабамыз біздің және қазақ халқының ата жауы екен, солардан азаттық алған екенбіз. Не деген ақымақтық? Бұдан өткен сауатсыздық бола қоймас.
Дәл осындай сауатсыздықты 1924 жылдан бері ата-бабаларына, олардың салт-дәстүріне, ислам дініне қарсы күресіп келе жатқан түркиялық түріктер жандарын сала атқарып отыр... Сенбесеңіз «Қыналы қар», «Бериван», «Зерда» телесериалын көріңіз. Түркияның «Раушан коммунистері» Бериван да, Зерда да келін боп түскен отбасының, бір әулеттің шаңырағын ортаға түсіріп, тек қайғы қасірет әкелді. Түріктердің түрікше сөйлегені болмаса, ұлтсызданып бітуге даяр. Өткен жылы Түркияда «азғындардың» (гомик, лезбиянкалар) «құқықтарын» сұраған шеруі болды. Енді дінсіздену үшін, дінге қарсы батыстың айтағымен миллиондап көшеге шығып күресіп жатыр.

Айдос: – «Көкшетау» поэмасын оқығанда менің көз алдыма «Әли-Баба және қырық қарақшы» киносы келеді. Мұнда Әли-Баба – ата жауымыз жоңғардың қызыдағы, қырық қарақшы – Абылайхан бастаған батырлар десе де болады...

Өзім қайта оқып шықтым. Жоңғардың қызы ақылды, дана. Абылай хан бастаған батырлар ақымақ, надандар сияқты. Жоқ, осылай жазып, оқытып отырған біз наданбыз.

Хан-сұлтан, батырларды құзғын-қарғаға теңеп қорлау, ақ пен қараны ажырата алатын адам үшін өте ауыр.

«Ақтабан шұбырынды» да жоңғарлар қолға түскен қазақ еркек кіндіктілердің бірде біреуін тірі қалдырмаған. Жаңа туған нәрестеден бес жасқа дейінгі ер балаларды аспанға лақтырып, найзамен шаншып, садақпен мергендікке атып жарысса, бес жастан он жасқа дейінгі ер балаларды көкпар қылып тартысқан, он жастан он беске жасқа дейінгі ұлдарды алаңқайға қақшитып тұрғызып қойып, атпен шапқылап, қиқулап келіп, жалаң қылышпен бастарын допша қағып түсіруді күнделікті, жаттығуға айналдырған. Қазақтың еркектерін жойса, қазақ ұлтын жоятынын жоңғарлар жақсы білді. 6-7 жыл бойы жоңғарлар қатын еткен қазақтың қыз-келіншектері, қазақтың емес жоңғардың балаларын мыңдап көбейтті. Бүкіл қыз-келіншектерді топырлатып, тоқалдыққа үстін-үстіне алып, ойларына келгенді істеген. Өзге ұлтқа тиген қазақтың қыз-келіншектері ешқашан қазақтың ұл-қыздарын дүниеге әкелмейді, сол ұлттың санын көбейтеді. Олар көбейген сайын қазақ ұлтына қауіп тудыруы мүмкін. Қазақ деген аты бола тұра, қазақ халқын менсінбейтін, тіл, дін, салт-дәстүрінен жиіркенетіндер, осылардың тұқымдары.

«Гүлденген коммунизм» кезінде ата-бабамызды осылай қорласақ, дініміз не күйде болды. Аз-кем шегініс жасайық, Социалистік жүйе жойылғанша дінімізбен күресіп кетті. «Құдайды жоямыз» деп жүргенде өздері жойылып тынды. Артына бір уыс топырақ. Олар дінмен бірге қазақтың салт-дәстүрі мен асыл қасиеттерін жою үшін қарсы күресті. Кейде оларға жаның ашиды. Оларды, көздерін тырнап ашқаннан социалистік жүйенің идеологиясы октябрят, пионер, комсомол, коммунист етіп, шақшадай басын шарадай еткен жоқ па? Ненің – ақ, ненің – қара екеніне бастары жетпей өмірден өтіп кеткені қаншама. Павлик Морозовтың «ерлігін» қайталаймыз – деп ата-анасын, бүкіл туысын, итжеккенге айдатып, атқызып жібергендерінде сан жоқ. Осындайлар билікте жоғарылағанда, өз тамырын өзі кесіп отырғанын, дінсіздікке үгіттегенін, ұлтының болашағына қарсы күрескенін, туысын атқызғанын қаншама жазықсыз жандардың обалына қалдым демей, билігі мен шеніне малданып, «жарқын болашақ үшін» күресіп жүрміз» деп масаттанды. Мысалы, М.Үсенова «Семья и религия», Мектеп, 1986 ж.; Ж.Дүйсенбин «Киелі ме әлде...», «Қазақстан», 1980 ж.; Ө.Шәріпов «Идеялық сенім және діни фанатизм», «Қазақстан» 1991 ж. т.б. мыңдаған кітап, газет-журналдар осы жолға түсті.
Қазіргі жауларымыз неше түрлі қоғамдық ұйымдар ашып, оны өздері қаржыландырып, әртүрлі «әйел теңдігі», «әйел мен баланы қорғау», «гендерлік саясат» т.б. сұрқия «коммунизмімен» емексітіп, қазақ еркектеріне қарсы қазақ әйелдерін салып қойды. Қазақ әйелдері осы беттерінен қайтпаса, онда қазақ халқына қарсы құрылған қоғамдық ұйымдар мақсатына жетіп, мыңдаған жылдар бойы жауларымыз жоя алмаған қазақты, әйелдері елу жылда тұқымынан тоздырып, тумысынан аздырып қазан етуі мүмкін.

Бірнәрсеге басым жетпейді. Осы неге қазақ әйелдері оқыған сайын, білімді болып билігі, мансабы жоғарылаған сайын ұлтынан, оның салт-дәстүрінен жерініп, тіл, дінінен безіп кететініне түсінбеймін. Керісінше, адам білімі жоғарылаған сайын тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне, дініне жақындап ұлттың болашағын ойлауға тиіс емес пе? «Әйел теңдік» алу керек дейді, сонда кімнен? Байға тимегендер, ажырасқандар, байлары қайтыс болғандар кімнен теңдік алады сонда? Ал, күйеуі, бала-шағасы барлар кіммен тең болуы керек? Бүкіл еркектерден бе? Сонда атасы, әкесі, баласы, жиені, нағашысы, құда-жекжаттары, ағасы, інісінен теңдік алады ма? Осыны ойлап тапқан адам – нағыз надан.
Қазіргі заманның ірі ойшыл, философы Бенедикт Спинозаның: «Билік басындағы әйел – бүкіл әлемге қатер» дегені қаны тамып тұрған шындық. Әлемдік «өркениет әйелдері» ең соңғы еркекті жойғанша күреседі. Қазір олар бүкіл билікті қолға алған. Бізге мақтап жүрген елдерде, әйелдер өздеріне орынбасарлыққа, жандайшаптыққа әйелдердің айтқанынан шықпайтын, «әйелдерден ақылды адамдар жоқ» деген түсініктегі ақымақ еркектерді алады. Әйелдер оларды: «Мәдениетті, ақылды, білімді»,– деп өтірік мақтап, басқа еркектерге қарсы үргізіп қояды. Еркектері еркек емес телпек, ез, боркемік, ақылсыз, сүмелек болып тынған.

Бізде де кешегі «Раушан коммунистің» сіңлілері осы күнге дейін өздері су ішкен құдықтарына түкіріп, өздерін қанынан жаратқан әке, аталарын қорлаумен келеді. Аллаһтың қақ жолын ұстағандарға көрсетпеген қорлықтары жоқ. Әсіресе, мұғалім әйелдер атеистік көзқарасты санаға күшпен сіңіріп, оқушыларды жазалау арқылы зорлықпен рухсыздандырды. Осындайлар мемлекеттен орден, медаль, батыр атағына дейін алды.

Билік басындағы немесе депутат болып жүрген ең болмағанда бір әйел рухани, ибалы, болашақ ана болар қыздар тәрбиелеу жөнінде үні шығып көрді ме? «Жалаңаш қыздардың етегін жабайық, жезөкшелікті тоқтатайық» деудің орнына, керісінше, қазақтың қыз-келіншектерін бұзу үшін парламент төрінен ішімдікті жарнамалап көкиді. Жетті арманына қала мектептерінің ұл-қыздары (студент, жұмысшы, қызметкерлерді айтпай-ақ қояйын) сабақтан соң бір-бір бөтелке сыраны алып, ұрттап ішіп көшеде кетіп бара жатады.
Өткенде қазақтың бір «көсем» әйелі теледидардан: «Мұсылман елдерінде Арабия, Иордания т.б. елдерінде парламенттерінде 19 пайызға дейін әйелдер отыр. Бізде олардан аз»,– деп байбаламдады.

Иә, бұл – шындық. Бірақ, олардың асыл аналарымен біздің «ажырасқан», күйеуге тимеген, алпысқа келсе де бет-аузы көкала бояу, балтырларының тамырлары адырайып, қысқа көйлек киіп, шаштары жалбырап, байсыз бала тапқан, ішкілік пен жеңіл жүрісті «өркениетті өмір сүріп жатырмын» дейтін ақымақ әйелдерден арабтың депутат, министр аналары мың есе артық. Олардың әйелдерін президент етіп сайласа да бір еркек қарсы болмайды. Өйткені, олар біздің әйелдерге ұқсап: «Бала карьерама бәле болады»,– деп баласын жасанды түсік жасатып, тұла бойына жаратылған шарананы айуандықпен өлтірмейді. Бір байдан ажырасып, екіншісіне тиіп, одан үшінші... жезөкшелік жолға түспейді. Теледидардан, газеттен жамандамайды. Күйеуінен ажыраспайды. Олар біздегідей «әйел болғаны үшін ғана» сайланып отырған жоқ. Бүкіл араб ұлтының салт-дәстүрін сақтап, оны халыққа үйретіп, адалдыққа, инабаттылыққа, бала сүюге оны тәрбиелеуге үйретіп, өнегелі, үлгілі тәрбиесімен ұлттың анасына айналып отырғандықтан, төбелеріне көтеріп депутат, министр етіп отыр.

Біздің «көсемсымақ» әйелдердің гендерлік саясатының ақыры қазақ үшін өлім әкеледі. Қазірдің өзінде білім саласында 85 пайыз әйелдер басқарады. Бірде біреуі дінімізді ұстанып, салт-дәстүрімізді насихаттамайды. Не білім, не ғылым, не тәрбие жоқ. Мемлекет билігіне 50 пайыз әйелдер келсе, онда өлдің қазақ, көріңді қаза бер...

Немістің жазушы әрі ғалымы Лихтенбергтің (XVIII ғасыр): «Біздің ата-бабаларымыз түрлі себептерге байланысты белгілі бір тәртіп, дәстүрлер енгізіп отырған. Ал, біз өз тарапымыздан түрлі себеп-сылтаулар тауып, сол тәртіп, салт-дәстүрлерді жойып отырмыз...» дегені бізге айтылған.

Балалардың бойына патриоттық сезім 17-18 жасқа дейін қалыптасады. Балаларды балабақшадан «Алдар көсе», «Асан мен Үсен» т.б. толып жатқан шығармалармен бір қазақты бай мен кедейге бөліп, «бай ақымақ, кедей ақылды» деп саналарын улап, оларды бай-қуатты болуға емес, бейшаралыққа тәрбиелейді. Кедейлер ақылды болса, неге байып кетпейді? Бірақ, өмір бойы есі кетіп «бай болуды» аңсаумен өтеді. Жоғалған дінімізді, салт-дәстүрімізді мынадай тәрбиемен қалай қайтарамыз.

Ал, шет елдер «дамыған» деп бізге тықпалай беретін «өркениеттілердің» осы күнге дейін қыздарын сатып отырғанын біле ме екен. Қай граф, барон, лорд, король, сенатор, олигарх, буржуаз, помещиктер қызын кедей сүйген жігітіне, ұлын кедейдің қызына үйлендіріп жатыр? Ертектерінде ғана кездеседі. Барлығы осы күнге дейін қыздарын жерге, байлыққа, атақ-абыройға айырбастап отыр. Соның бәрінде ата-анасы жүреді. Махаббатсыз байлығына бола күйеуге тие салады. Сонда да бірде біреуі «қыздарды байлыққа сатты» деп ата-бабасын жамандап, сала-құлаш романдар жазып, мектептерінде оқытып жатқан жоқ. Керісінше азғын, «гомик», «жезөкше» т.б. король, ханша, сенаторларын мақтап, бізге өнеге етіп жазып, насихаттап жатады.

Қашанға дейін әйелдер «теңсіздігі» үшін күресіп, ұлтымызды тұқырта береміз?!

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ, 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасының иегері.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 2206 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/3 |
Всего комментариев: 1
1  
Өте дұрыс жазылған, қазіргі жас отбасы демей-ақ қояйын, өзіміздінң ата-аналарымызбен жасты адамдардың отбасында руқани әңгіме айтып, адамды тәртіпке, отан сүйгіштікке қарай итермелейтін әңгімелер айтылмайды, ондай әңгімелерді, баяғыдағы ата-бабаларымыздан мұра болып қалған "Қыз Жібеке пе Төлеген", "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырларын, батырлар жырларын, қисса-дастандарды оқитын ешкім жоқ, біздің болашағымыз әр кез өткенімізбен сабақтасып отыруы керек. Қашан көрмесек те, әйтеуір өзімізді жамандап, бір-бірімізді көре алмай қырқысып жатқанымыз. Осындай мақалаларды жұрттың қолына көбірек жететін газет, журнал беттерінде де жариялап тұрса, құрып бара жатқан, намысты білмейтін, ешкіні тәте, текені көке дейтін қазақ қыздары мен ұлдары есін жиып, істеп жүрген қылықтарына бәлкім жауап берер. Бұл әрине бос қиял ғой, осы мақалаға ұқсас мақалалар көптеп жазылып жатыр, оны оқып мағынасына қараудын орнына, ескі аңсау, теңдікті жоюшылық деген сияқты сылтаулар айтып, жазған авторды біраз жерге апарып тастайды. Ертеңім үшін алаңдаймын, осыдай мақалаларды оқып, өзім қатарлас жастарды көріп "жаным ауырады"

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz