Ересектерге арналған ертегілер (көшбасшылық жайында) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

Ересектерге арналған ертегілер (көшбасшылық жайында)
[ ] 06.03.2010, 12:21

Көшбасшылыққа байланысты аңыз-әңгімелер

 

Егінші мен егін ортасына ұя салған құстар

Өзің істей алатын іске өзгелерді мазалама. А.Н.Тостой.

Күз келіп, есік алдындағы егін піскен кезде, егінші әйеліне: ертең егінді орамыз, сондықтан қыздар мен күйеу балаларды шақыру керек,-дейді. Мұны егіннің шетінде жайылып жүрген құстың балапандары естіп, ұясына жүгіріп барып, ата-аналарына айтады. Сонда балапандардың анасы: ертең егін орылмайды, сондықтан қоныс аударып әуре болмай-ақ қояйық,-дейді. Шынында да ертесіне шақырылған көмекшілер келмей қалып, егін орылмай қалады.

Бір-екі күн өткен соң егінші әйеліне тағы да былай дейді: егінді ертерек ормасақ болмас, сондықтан балалар мен келіндерді шақыру керек. Мұны естіген балапандар тағы да ата-аналарына хабар береді. Сонда балапандардың анасы тағы да: ертең егін орылмайды, сондықтан қоныс аударып әуре болмай-ақ қояйық,-дейді. Шынында да ертесіне шақырылған көмекшілер келмей қалып, егін орылмай қалады.

Тағы бірнеше күнне соң, егінші егінге қарап тұрып әйеліне тағы да: егінді оруды енді кешіктіруге болмайды, сондықтан шалғы мен қайрақты тауып бер, мен ертеңге дайындап қояйын,-дейді. Мұны естіген балапандар тағы да ұяларына жүгіріп барады. Сонда балапандардың анасы: егін ертең орылады екен, сондықтан қоныс аударып қамына кірісейік,-дейді.

PS: Өзіңе қатысты жұмысты сенің өзің атқармайынша, дұрыстап жүзеге аспайды. Ендеше ел қатарлы өмір сүргің келсе, өзгеден көмек күтіп отыра бермей, өзің талаптануың керек.

Таршылық пен талпыныс

Бір жігіт данышпан қарияға келіп "қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай” жүргенін баяндапты. Ол айтыпты: сірә, менің маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар. Сонда данышпан: талпынып талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсіндеуде жатыр,-депті. Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт, болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан босанып шыға алмағасын, қатты бұлқынып, су бетіне басын зорға шығарып ауа жұтыпты. Сонда данышпан қария: міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана, таршылықтың тұсауынан босай аласың, - депті.

PS: Сен таршылықтан тұншығып жүрген болсаң, сенің "таза ауа” жұтқың келсе, онда талмай талаптану керек.

Екі түрлі арман: қыран мен бақалшақ

Екі жұмыртқа жарық дүниеге шыққасын кім болатыны жөнінде өзара әңгімелесіп отырыпты. Бірі: - мен бақалшақ боламын,-депті. Бақалшақ қайда барамын, не жеймін деп, әуре болмайды. Өйткені, ол теңіз түбінде тіршілік етеді, ағыс қайда айдаса, сонда барады, алдына нені әкелсе, соны жейді. Мәселеге шешім іздеп, басын қатырмайды, "бұйырғанын теріп жеп” өмір сүре береді. Екіншісі: - мен қыран боламын,-депті. Қыран қайда барғысы келсе, сонда барады, не жегісі келсе, соны жейді. Өйткені, ол құзар шыңға ұя салып, көк аспанда самғайды. Әрине, оған дегеніне жету үшін, "қалғанды жемей, қалағанын алу” үшін көп күш-жігер, қажыр-қайрат керек. Армандаумен шектеліп қалмай, тілегіңе жетудің жалғыз жолы – өзіңе деген сенім мен өз ісіңе жауапкершілік.

PS: Сенің кім болғың келеді: бақалшақ па, бүркіт пе? Таңдау сенің өзіңде!

Маржан мен бос бақалшақ

Теңіз тереңінде бақалшақ болады. Көп адам терең су түбіне сүңгіп, сол бақалшақты іздейді. Өйткені, оның ішінде маржан тас болады. Маржан іздеген адам су түбінен алып шыққан әр жүз бақалшақтың тоқсан бесінде маржан болмайтынын біледі. Дегенмен, кейде күніне бір, кейде аптасына бір бос бақалшақ тапса да, маржаны бар бақалшақ кездесетініне сенеді, үлкен олжадан үмітін үзбейді. Олай етпесе, одан маржан іздеуші шықпайды. Табыс биігіне шыққысы келген адамның таудай талабы болуы қажет.

PS: Сол сияқты сен жаңа іске тартқан әр жүз адамның тек бесеуі ғана осы іске шындап бет бұратын болады. Сенің маржаның – солар.
Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 2088 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.8/6 |
Всего комментариев: 2
2  
Ертегілеріңіз ұнады, тағы да болса оқыр едік.

1  
Оте тамаша ертегилер! Адамга акыл кенес беретин!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz