Доллардың шығу тарихы (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Доллардың шығу тарихы (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 07:12

Американдық доллардың пайда болу тарихы және $ белгісі.

"Доллар" сөзі американ ұлтынан бұрын пайда болған, бұл валютаның жасы 500-де екен. АҚШ-та доллары 207 жыл бұрын пайда болған, доллар бұрынырақта бухгалтерлік кітаптарда көп қолданылып келген. Дәл қазір біз осы валютаның қайдан пайда болғанын және аттары қалай аталғанын мысалы пиастры, талер, доллар болды ма соған тоқтала кетейік. Бірақ біз алдымен "доллар" сөзінің қайдан пайда болғанына назар аударып көрелік. XVI ғасырларда Богемияның солтүстік-батысындағы Қасиетті Иоахимсталь таулы алқабындағы шахтада күміс өндіру қолға алына бастады. Осы шахта жанынан Санкт-Иоахимсталь неміс қалашығы пайда болды.

1519 жылы Рим империясына арналып қасиетті Иоахимнің бейнесі бейнеленген бір унциялы монеталар соғыла бастады. Келе-келе оның атауы талер деп аталып кетті. Талер ақшасы Еуропада өте жоғары сұранысқа ие болды. Ал Швецияда "далеры" монеталарын 1534 жылы соға бастады, ал Данияда 1544 жылдары соғылды. Бұрынырақта Англияда бұл валютаны даллер деп атаған, қазір доллар деп атап кеткен.

1611 жылы Шекспирдің қойылым премьерасы болып өтті. Осы премьерада "Доллар" туралы көп айтылады. Содан бастап Ағылшын колониясындағы Солтүстік Американың барлық жерлерінде сөзге қосып айтатын болды. Испанияның дәуірлеп тұрған заманында әлем елдерінің құрлықтарында және теңіздерде ең тұрақты испан күміс реалы және алтын дублондары тұрақты валюта ретінде қолданылып келді. Георг  ағылшын королінің бұйрығымен Ағылшын банктерінде сақталып жатқан испан реалдары қарыз жабуға қолайлы деп, оны ақша ретінде айналымға жіберді. Сонымен қатар песо да солтүстік америка колонияларында басқа ақшалар сияқты доллар деп аталып кетті. Мұндағы S деген белгі( Spain- деген мемлекеттің атымен басталады.).

"Талер" сөзі американ әдебиетінде 1899 жылдан бастап күнделікті өмірде қолданысқа ие болды. Американдықтар тәуелсіздік алғанна кейін 1785 жылы 6 маусымда Құрама Штаттар Конгресінің шешімімен және Томас Джефферсонның ұсынысымен мемлекеттің ақша атауы доллар болып аталсын деген ұйғарымға келді. Осыдан келіп, бірінші рет АҚШ мемлекетінде "доллар" сөзі ұлттық валюта ретінде ресми түрде қабылданды. 1993 жылы Мексикада ақшасының деноминациясы өткізілді.

Жаңа песоның бағасының белгісі NP$ болып белгіленді. Украинада жақын арада ресми түрде ұлттық валюта ойлап тапты – ол гривна деп аталады. Бұл доллардың символы болып саналады. 1991 жылы қазанда қазіргі заманға сай Словенияда ұлттық валюта доллар болып саналады. Әлемде мынандай доллар түрлері бар олар: австралиялық, сингапурлық, канадалық, гонконгтық, жаңа зеландиялық, фиджилік, зимбабвиялық, каймандық және тағы басқалары.

1792 жылы Филадельфиялық монета шығару алаңы құрылды, бұл жерде американдық долларлар соғыла бастады. Ең бірінші бір долларлық банкнот 1767 жылы ағылшын колониясына қарайтын Солтүстік Америкадағы Мэриленд қаласында басылып шықты. Ал
1875 жылы маусым айынан бастап Конгрестің шешімімен қағаз долларлар басылып шыға бастады. Доллар барлық жерде бір белгімен жүрмейді. Зерттеушілердің есептеуі бойынша, бұрынырақта, испандықтар американ колонияларынан S белгісі соғылған монеталар тауып алған. Ең бірінші доллар ақшасын қолданған бай көпес ол 1773 жылы ирландық-эмигрант саудагер және плантатор Оливер Поллок, бірінші Пенсильвания қаласында тұрып, содан кейін Нью-Орлеан Луизианға көшіп келді. Ол кезде ол жерді американдықтар 1803 жылы сатып алған болатын. Бұл саудагер испандықтардан қару-жарақ алып, ағылшындарға сатқан болатын. Сонда ол P және S белгісі бар ақшаларды қолданған. 1797 жылдың көкек айынан бастап бірінші рет символ ретінде Ч.Лидің "Американский бухгалтер" кітаб
ында басыла бастады, содан бері сол күнді доллардың туған күні деп есептейді. Жалпы қабылданған заң бойынша доллар белгісі санның алдында тұру шарт.

Дерек көзі: megarelax порталы. Авторы: Аударған: Асқар Көкенайұлы. 2006-02-01

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 6096 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.2/15 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz