Биыл Наурыз ЮНЕСКО аясында тойланады (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Биыл Наурыз ЮНЕСКО аясында тойланады (интернеттен)
[ ] 21.03.2010, 05:23

БИЫЛ НАУРЫЗ ЮНЕСКО АЯСЫНДА ТОЙЛАНАДЫ

Наурыз мерекесі қай заманда да өте ерекше әрі маңызды мейрамдардың бірі. Әсіресе, еліміз тәуелсіздік алғалы бері жұртшылыққа зор қуаныш сыйлап отырғаны дау тудырмас ақиқат. Иә, талай ғасырлар бойы адамзатқа ол тек қуаныш сыйлады. Көктем айы жер бетіне өз шуағын төге бастаған шақта келетін наурыз мерекесі діни мереке емес, нағыз халықтық мейрам. Бұны айтып отырған себебіміз күні кешегі кеңестік кезеңде осы мерекені діни мәселелермен шатастырып, оны тұншықтыруға деген талпыныстар болды. Бірақ, наурыз мерекесі бәрібір өшкен жоқ, ел жадынан жоғалмады.

Оның мүлде жойылып кетпеуінің ең негізгі екі-үш елеулі себептері бар.

Ең алдымен, наурыз мерекесі – күн мен түннің жер бетінде теңелуін еске салады. Табиғатта тап осы күндері тепе-теңдік болады.

Сонымен бірге, наурыз мерекесі тойланып жатқанда табиғатқа жан біте бастайды, тіршілік оянады, өсімдік бүр жарады, ағаш гүлдейді.

Әсіресе, ерекше тоқталып айтарлығы – осы Наурыз тойы күндерінде әр ел өзінің ұлттық дәстүрін, мәдениетін, әдет-ғұрпын жалпақ әлемге паш етеді. "Бізде осындай қасиеттер бар” деп, мақтана-шаттана таныстырып жатады.

Осындай ерекшеліктерді ескере отырып, барша мұсылман әлемі Наурыз мерекесін жаңа жылдың басталуына балайды. Ол бір жағынан, заңды да. Тіршіліктің қыс бойғы ұзақ ұйқыдан соң қайта оянуы осы кезбен тұспа-тұс келіп тұр емес пе!

Бір айта кететін жайт, Наурызды ел тойы етіп тойлау туралы ХХ ғасырдың бас кезінде Алаш зиялылары мәселе етіп көтерді, өз мақалаларына тиек етті, сөйтіп оның маңызын аша сөз етті.

Солардың ішіндегі ең бір көзге түсерлігі – 1924-26 жылдары Қазақ өлкелік комитетінің екінші хатшысы болған ұлт қайраткері, қаламы жүрдек көсемсөзші Сұлтанбек Қожанов жазған мақала болды. Үлкен жүректі азамат 1925 жылы наурыз туралы толғана жазып, оны дереу аға газетіміздің бетінде жария­лат­ты. Мақала аты –"Наурыз туралы”, ал жарияланған ба­сылым –"Еңбекші қазақ” газетінің сол жылғы 24-нөмірі екен.

Осы мақалада С.Қожанов былай деп жазады: "… Наурыз мұсылмандықтан бұрын шыққан мейрам. Наурыз ел шаруасымен күн көріп, табиғат шарт­тарына тұрмысы көбірек байланысқан елдің тұрмысы тудырып отырған мейрам. Жұрт қысқы қысым­шы­лықтан құтылып, малы жұт қаупінен құтылып, оның қалған малы балалап, қарасы көбейіп жатқан, өздері егін шаруасына қам қылып, қасиетті жаз маусымында байлығын молайтудың, табиғаттың иіп тұрған кезінде қолынан келгенінше көп өндіріп қалудың шарасын істеп, абыр-сабыр болып жатқан ел шаруаларының талабы қозған ең көңілді уақыты – көктем. Сол көктемнің басы – Наурыз…” деп түйді. Міне, Алаштың біртутар ұлының наурыз туралы ойлары осындай. Тіпті, бүгінгі күні де осы ойларға ешнәрсе қосып-алудың қажеті де жоқ секілді.

Осы мақаладан байқалатынындай, қазақ зия­лы­лары Кеңес өкіметі тұсында да Наурыз мерекесіне өз дәрежесінде маңыз беруге күш салған. Оны халықтық мейрам ретінде қабылдауды ұсынып отырған. Соны талап ете білген.

Нұрлы Наурызды ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ақындары да жырға қосты. М. Жұмабаев, Б.Күлеев, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Торайғыров, т.б. ақын­дардың өлеңдерінде бұл ұлық мереке барынша әсем көрініс тауып, ұйқасып жатты.

Бірақ, өкінішке қарай, Кеңес өкіметінің қисық саясаты бәрібір бұл мерекені тұншықтырып тастап еді, біржола ұмыттыруға тырысып еді.

Соңғы жылдарда Наурыз тойы әрбір мұсылман елдерінде барынша жанданып, кең қанат жая түскен-ді. Иран, Түркия секілді елдерде Наурыз өз дәре­же­сінде тойланып жүргенінен хабардармыз.

Таяуда ғана ТҮрксой халықаралық ұйымының ха­ба­рын естіп, елеңдесіп қалдық. Жағымды жаңалық ел-елге тез-ақ тарады. Енді Наурыз мерекесі ЮНЕСКО аясында халықаралық мереке ретінде биыл бірінші рет аталып өтпекші. Ол мейрам наурыз айы­ның 29-ы күні Париж қаласында тойланбақ. Сөйтіп, әз-Наурыз әлемді шарлап кетпекші.

Біздің айтайын дегеніміз, Наурыз мерекесінің қайта тіріліп, қайта жанданып, тіпті зор мәртебеге ие болып, әлем жұртшылығы алдында тойланатыны. Мұны күні кешегі алаш ардақтылары да арман еткен жоқ па еді.

Бұл біз үшін аса қуанышты жағдай. Әз-Наурызды әлем мойындап, әлем жұртшылығы тойлай бастаса, өш­кеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей зор қошемет қой бұл!

Оның үстіне биыл біздің тәуелсіз қазақ то­пы­ра­ғында да осы Наурыз мерекесі үш күн бойы демалыс күні болып мерекеленбек. Мұны да әз-Наурызға деген ел ықыласы, жұрт ризашылығы һәм ұлт құрметі деп қабылдаған дұрыс болар еді.

Қош келдің, әз-Наурыз! Төрлет, адамзатқа нұр сыйлаған ұлық мейрам!

Жолтай ЖҰМАТ, жазушы.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 1092 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz