Білімге байланысты аңыз-әңгімелер - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Білімге байланысты аңыз-әңгімелер
[ ] 28.02.2010, 23:33

Білімге байланысты аңыз-әңгімелер

1000 алтын тұратын білім

Мен ұстазыма әкемнен кем емес қарыздармын.

Әкемнен өмірге келсем, ұстазымнан жақсы өмір сүруді үйрендім.

А.Македонский.

Сократтың шәкірті болған философ Аристиппостың қасына бір кісі баласын ертіп келіпті. Философтың бала тәрбиесімен айналысып, оған білгендерін үйретуді сұрайды.

"Әрине" дейді философ, "бірақ баланы шәкірттікке алғаным үшін 1000 алтын сұраймын!". Баланың әкесі шошып "Немене?! Мың алтын ба?! Мың алтынға бір құл сатып алар едім!".

Аристиппос оған "Иә, мың алтынға бір құл сатып алсаң болады. Бірақ, ол кезде үйіңде бір емес, екі құлың болмайды ма" деп жауап берген екен.

Қалам туралы

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай

Сиқыршы шебер қорапқа салар алдында қаламды қолына алып, оған былай депті: — адамзатқа қызмет етуге аттанар алдында сен білуге тиісті бес нәрсе бар. Егер жақсы қалам болғың келсе, олар жайында әрдайым ойлауға және ешқашан ұмытпауға тиістісің.  Біріншісі – сен көп нәрсе жасай аласың, бірақ біреудің көмегіне сүйене отырып қана. Екіншісі – жақсы болу үшін саған жиі-жиі жаның ауырып, ұшталып отыруға тура келеді. Үшіншісі – өзің жіберген қателерді өзің түзетуге мүмкіндігің болады. Төртіншісі – сенің ең маңызды бөлігің сыртыңда емес, ішіңда болады. Бесіншісі – қандай жағдайда, нендей жазықтықта қолданылсаң да артыңда із қалдыруың керек. Бастысы – жағдайына, мүмкіндігіңе қарамастан, қашан жарамсыз болып қалғанша, үнемі жұмыс жасауға тиіссің.

Итке арналған балық майы

Оқудан жирендірудің сенімді жолы – баланы зорлап оқыту.

Бір адам өзінің итіне балық майын бергісі келеді: оған жұрт оны итке пайдалы деп айтқан екен. Ол күн сайын итінің басын қысып тұрып, аузын зорлап ашып, иттің аузына балық майын зорлап құяды екен.

Бір күні ит иесінің қолынан жұлқынып шығып, майды еденге төгіп жібереді. Сосын, иесін таң қалдырып, төгілген майды жалай бастайды. Сөйтсе, ит майжы жалауға емес, зорлап бергеніне қарсы болып жүр екен.

Тауық пен бүркіттің балапаны

Тіл алғыш балалардан  табысты азаматтар сирек шығады.

Абрахам Брилл.

Кездейсоқ себептермен, бүркіттің жұмыртқасы тауықтың жұмыртқаларының арасына түсіп, оны тауық балапан етіп басып шығарады. Дүниеге келген бүркіттің баласы басқа балапандар секілді жерде жүгіре бермей, аспанға ұшқысы келеді де тұрады.

Бір күні ол анасынан: -Мен қашан ұшуды үйренем,-деп сұрайды.

Басқа құстардың балапанын қалай ұшуға үйрететінінен хабары жоқ тауық өзінің ұша алмайтынын білдіргі келмей оған: -саған әлі ертерек,-деп жауап береді.

Уақыт өте келе анасының ұша алмайтынын және ұшуға үйрете алмайтынын білген бүркіт көк аспанда самғауға қанша құмартып тұрса да, өзін өсірген анасының сөзінен аса алмай, ұшуға талап қылмай, тауық болып қала берген екен.

Оқи алмасаң ойланасың ғой

Білімсіздік – ақылсыздықтың белгісі емес,

ал білімділік – даналықтың белгісі емес. Вовенарг.

Бір адам үйіне асхана құрылғысын сатып әкеліп, нұсқаулығы бойынша құрастырмақ болады. Біраз уақыт айналдырып, ештеңе шығара алмаған ол, бәрін стол үстіне қалдырып, сыртқа шығып кетеді. Шамалыдан соң қайтып келіп, агрегаттың құрастырулы тұрғанын көріп қайран қалады.

Мына агрегатты құрастырған сен бе,- деп сұрайды ол хат танымайтын үй күтуші әйелден.

– Білесіз бе, оқи алмасаң, ойлануға тура келеді екен,-депті үй күтуші.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin
Просмотров: 3602 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.0/7 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz