Барыс жылынан кім не күтеді? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Барыс жылынан кім не күтеді? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:42

Барыс жылынан кім не күтеді?

Келе жатқан жаңа жылды әр адамның жақсы үмітпен күтетіні белгілі. Сондай-ақ келер жылда өзін не күтіп тұрғанын білгісі келетіндер де жоқ емес. Әрине, адамның алдында не күтіп тұрғаны бір Аллаға ғана аян. Дегенмен осыған қарамастан, көпшілік көбінесе жұл­дыз-жорамалдарға да назар аударып тұрады. Яғни аты айтып тұрғандай, олар өз болашағын жұлдыздардың орналасуы арқылы жасалынған жорамалдардан да білгісі келеді. Ендеше, әр жыл иелерін 2010 жылы не күтіп тұрғаны жайында жасалынған Шығыс жұлдыз-жорамалын оқырмандар назарына ұсынамыз.

Тышқан жылы туылғандар 2010 жылы барлық жағынан сақ бол­ғандары жөн. Се­бе­бі бұл жылда олардың көп жағ­дайда жолдары онша бо­­­­ла бер­мей­­ді. Дегенмен, не істесе де ақылмен, ба­йыппен кіріссе ісі оң­ға басатын болады. Сондай-ақ Тышқандарға өзіне қатысы жоқ жұмыстарға кіріс­пей-ақ қойғанда­ры дұрыс.

Ал Сиыр жылғылар келер жылды тыныш, бір қалыпты өткізеді. Әрине, жыл бойына оларды қуантатын жағымды оқиғалар жиі болып тұрады. Сонымен қатар жүйкеңізге әсер ететін жағымсыз нәрселер де кездеседі. Бірақ оған бола ашуланудың қажеті жоқ. Не­ғұрлым көтеріңкі көңіл-күйде жүр­сеңіз, соғұрлым әлгіндей келеңсіз­дік­терге тө­теп бере аласыз.

Барыстар үшін 2010 жыл табысты болғалы тұр. Яғни өз жылында олар қандай жұмысты қолға алмасын, барлық жағынан жолы оңғарылады. Демек, Барыстар алдағы жылға сенімді жоспар құра берсе де болады.

Қоян жылғылардың өмірінде көп өзгеріс болуы мүмкін. Әрине, жақсы жағынан. Яғни басы бос Қояндар осы жылы өзінің өмірлік серігін тауып, бақытты күндерді бастан кешеді. Ал отбасылы Қояндардың шаңырағында жаңа отбасы мүшелері пайда болады.

Ұлулар да Барыс жылында бақыт­қа кенеле түседі. Олар өздерінің бо­йындағы таланты арқылы көпшілікке танымал болып, туыс-таныстарының ықыласына көбірек бөленеді.

Келер жылдан Жыландардың үй­ренері көп болады. Олар осы жылы алыс жолға саяхатқа шығып, таныс арт­тырады. Осы уақытқа дейін жіберген қателіктері мен білместіктерінің орнын толтыруға да Барыс жылы олар үшін қолайлы болмақ.

Жылқы жылы өмірге келгендер үшін жаңа жыл жемісті, табысты жыл болғалы тұр. Олар сонымен қатар көптен бері ойында жүрген игі істерді де Барыс жылында қолға алса, оңтайлы іске асыра алады.

Тумысынан жуас мінезді Қойларға айналасындағылар онша көңіл аудара қоймауы мүмкін. Бірақ оған бола ұнжырғаны түсірмей, өз әрекетін жасаса, Қойлардың айы да оңынан туады. 2010 жылдың аяғында Қой жыл­ғылар мол табысқа кенеледі.

Мешін жылғылар үшін де көп өзгеріс болатын түрі бар. Дегенмен олар өздерін осы жолы сабырлы ұстап, әліптің артын бағатын болса, жыл соңына қа­рай со­ның пайдасын көр­­гелі тұр. Қан­дай жағдай болмасын, Ме­шін­дер өзде­рін осы жы­лы бей­­та­рап ұс­тауы керек. Әйтпесе өз­де­рі­не тиесілі үлес­­тен айы­рылып қа­луы ғажап емес.

Тауық жылы туыл­ғандар үшін онша табысты бола қоймағанымен, егер олар қол қусырып отырмай көбі­рек әрекеттенсе, өздерін күтіп тұрған кез-келген қиындықты жеңіп шыға алады. Тек жалқаулықты қойып, ерінбей еңбектене беру керек.

Ал Ит жылғылар келер жылды жеңіл әрі қызықты өткізеді. Олар жыл бойына өздерін сергек сезініп, қандай жұ­мыс­ты қолға алмасын онысы дөңге­леніп жүре береді. Тек баста­ған ісін аяғына дейін жеткізетін болса, олардың Барыс жылынан ұтары көп.

Доңыз жылғылар жыл басынан-ақ өз өміріндегі қандай да бір өзгерістерге дайын тұруы керек. Себебі 2010 жылы олардың отбасында да, жеке өмірінде де жағымды жаңалықтар жиі болғалы тұр. Сондай-ақ махаббат мәселесіне қатысты келеңсіздіктер де болмай қалмайды. Бірақ оның бәрінің оңды ше­ші­­луі Доңыздардың өзіне байланысты.­

Бетті дайындаған – Д. ТАУМАН.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 908 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz