Барыс жылы туылғандар қандай адамдар? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Барыс жылы туылғандар қандай адамдар? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 08:41

Барыс жылы туылғандар қандай адамдар?

Биылғы жыл Барысқа тиесілі. Ал бұл аңның қандай жыртқыш еке­­­нін білмейтін адам жоқ шығар, сірә. Демек, Барыс жылы ту­­­ылғандардың мінезінде, жалпы жүріс-тұрысы мен қимыл-қозға­лы­­­сында сол аңмен ұқсастықтар болмай қалмасы белгілі. Ен­деше,­ Барыс жылы туылған­дар қандай адамдар? Осы жағын талдап көрейік.

Ежелден жұлдыз-жорамалдың неше түрін жасап келе жат­­қан Қытай халқы Барыс­тарды бүкіл әлемді төрт жа­ғынан қорғап тұратын қорғаушы­ күш деп санайды. Ал Азия­­да ол құрмет пен қорқыныш се­зімін ту­дыратын аң. Яғни Барыстан қатты қорқу­мен бірге он­ың аса күш­ті­лі­гін, тәкаппарлығын­ қатты құр­мет­­тейді. Тіпті Барыс­қа құр­бан­дық шалып та тұрған. Өйт­ке­ні сол замандағы халық оны қаласа адам­ға айналып, бір мезетте қайтадан Барыс кей­­піне ене алады деп сенген. Себебі сиқыршылар мен бақсы-тәуіптері Барыстың тері­сін­­ жамылып алып, адамдар ара­сында қорқыныш сезімін ұя­­лататын еді. Сондай-ақ еж­ел­­гі түркі батырлары мен ел билеушілері өзде­рі­нің өрлік мінез­де­рі мен ерлік іс­те­­рін паш ету үш­­ін Барыс те­рі­­сін жамылып жүрген.

Жалпы, Барыс біз ойлағандай тым қатыгез ем­­ес. Тек ол тумысынан үнемі өзіне қорек іздеп жүретін күш­ті әрі қауіпті жыртқыш аң. Барыс жылында туылған­ адам­дардың да мінезі осындай. Яғни Барыстарда шабуыл­ды­ алдымен бастайтын, сонымен қатар қай жерден, не бол­­масын, әйтеуір, бірнәр­сені жұлып алғысы келіп тұратын қа­­сиеттер бар. Сондықтан оларды бекерге ашуландыра бе­­руге болмайды.

Барыс-адаммен ашық әрі шындықты бетіне айтып сөйлесу керек. Ол өзін алдағандарды кешірмейді. Ал олай етпеген­ жағ­дайда сіз олардың «жемтігіне» айналып шыға келесіз.

Қытай және Шығыс күнтізбелерінде Барыс жылы туылған­ адамдарға арналған жұлдыз-жорамалдар бірдей беріледі. Яғ­ни ол жорамалда әр жылы туылған Барыстарға әр түрлі атау­лар мен мінездемелер берілген. Мәселен, 1902 және 1962-ші Барыс­ жылдары туылғандар «Су Барысы» деп ата­лады екен. Олардан­ жан-жақты білімді зерттеуші әрі тә­жірибе жасаушы адамдар, шешендер мен мықты саясаткерлер, қаламы қарымды жазушы­лар көп шығады. Сондай­-ақ олардың мінезінде бастаған ісін жар­­ты жолда тастап, бас­қа нәрсемен айналысып кететін қасиет те бар. Ал өмі­рін­дегі қиын-қыстау кезеңдерде немесе қауіп-қа­­тер төнген кез­де бұл Барыстар өз-өзін тез қолға алып, сабыр­лы қалпын­ сақтап қалады.

«Ағаш Барысы» (1914, 1974 жылы туылғандар):

Ол – көп білуге құштар адам. Яғни өзін қоршаған ортаны­ терең біле түсуге ертеден-ақ ұмтылады. Соның арқасында ақ­ыл-ойға жетік болып өседі. Жалпы айтқанда, бұл жылғы Ба­­рыстар жастайынан адамдардың арасынан көп шықпайды. Сол себепті олар өзге Барыстарға қарағанда жуастау әрі бір нәр­сеге тәуелді болып келеді. Осындай мінездерінің ар­­қасында «Ағаш Барыстар» өмірінде кездесетін қиындықтарды мойымай көтере білетін қасиетке ие.

«Отты Барыс» (1926, 1986):

Аты айтып тұрғандай, бұл Барыстар­ расында да қызуқан­ды,­ нағыз «аң пат­ша­сына» лайық мінезді адамдар. Се­бе­бі ол­­ардың кейбір мінездері жұл­дыз­на­мадағы Арыс­тан белгі­сін­­де­гілердің мі­нездеріне қатты ұқсас. Олар өз ісінің шебері, үне­мі қозғалыста жүретін адамдар. Сондай-ақ «отты Барыс­тар»­ әрқашан топты жарып жүретін, қанша күшті болса да өз­­гелерге бағынбай, олар орнатқан ережеге көнбейді. Осы жылдары қолбасшылар, ірі мекеме басшы­лары болатын­ адам­дар туылған. Ал олар өз өмірінде ең жоғарғы саты­ға­ неғұрлым жылдам көтерілсе, төменге құлдилауы да соғұр­лым тез болады.

«Жер Барысы» (1938, 1998):

Олар басқа Барыстарға қарағанда анағұрлым салмақ­ты, сабырлы адамдар. Айналасындағыларға да өз­де­рі­нің жайлы мінездерімен жағатын «Жер Бары­сы»­ бей-берекет сөз бен істерден аулақ жүреді. Өзі­нің алдына­ қойған мақсатына жет­кенше тыным таппайтын «Жер Барысы» ондай кезде айналасындағылардың ақ­ыл-ке­ңе­­­сі­не құ­лақ ас­ып жат­пай­ды. Ол­ар­дан жо­лы бол­ғыш­ кә­сіпкер­лер, тәп-тә­уір са­­­­рапшылар, да­рынды әр­­тіс­тер көп­­­теп шы­ға­­ды.

«Темір Барыс» (1950, 2010 жылғы­лар):

Олар да аты айтып тұрғандай, мінездері қатал, ерік-жі­­­гері мықты нағыз қорғаушы Барыстар. Сондай-ақ «Темір Ба­­рыстар» өздеріне сеніп тапсырылған жұмысты адал атқа­рып,­­­ қасындағы адамды әрдайым қорғаштап жүреді. Олар бір­тоғалықты, тыныш жүргенді қалай бермейді. Сондықтан да ол Барыстар ешкім айтпаса да дау-дамай мен ұрыс-тө­­­белестің арасында жиі жүреді. Сөйтіп көбінесе негізгі іс­­­терден шеттеп қалады. Бірақ бәрібір қол қусырып отырған­ды олар жек көреді.

Ал енді, Барыс жылы туылған ер азаматтар мен әй­ел­дер­­дің мінез-құлықтары, жалпы болмысы қандай екен? Осы жағына назар аударып көрейік.

Еркек-Барыс – ойына алған ісі мен көздеген мақсатына жет­пей тынбайтын, тәуекелшіл адам. Өзінің шешендік сөз­де­­­рі­мен өзге адамның делебесін қоздыра алатын, әсіресе әй­ел за­тын өзіне ынтықтыра алатын қасиеттері бар. Ол со­­нымен қатар сырт келбетіне көп мән беріп, әдемі киіне де­ біледі. Өзінің майда тілімен адамды баурап та алады, өк­тем сөздерімен бағын­ды­ра да біледі. Еркек-Барыс өтірік айт­қанды жек көреді, әрі он­ың қызғаншақ мінезі бар. Кей кез­дері тек қара басын ғана ойлайтын адам болып кө­­рін­генімен, олар ортақ іс үшін жа­нын пида етуге де даяр тұ­­рады.

Барыс Жылы туылған әйелдер көпшілік алдында көп жүр­­генді ұнатады. Олардың арасында сахнаға жиі шығып, ки­­нофильмдерге көп түсетіндері жиі кездеседі. Адамдарға қам­қорлық көрсеткенді ұнататын әйел-Барыстардың кей кез­де­­рі ашуға лезде мініп, бар ашуын жанындағы серігінен ала­­тыны бар. Олар сондай-ақ кез-келген уақытта қиындық­тан­­ жол тауып шығатын шешім қабылдай алады. Барыс жыл­­ғы әйелдерде өзімшілдік қасиет те баршылық. Өзін тым­ жоғары қоятын олар сонымен қатар сыртқы сұлулығына­ да сеніп, көп жағдайда айналасындағыларға өзін жағымсыз­ қы­рынан көрсетіп алғанын білмей де қалады. Дегенмен осылайша ыңғайсыз жағдайға қалған әйел-Барыстар онысын сырт көзге білдірмеуді де жақсы меңгеріп алған.

Дайындаған – Т.ДУМАН.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 5063 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.9/9 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz