Халық ауа-райын қалай болжаған? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3910
Главная » Файлы » Мои файлы

Халық ауа-райын қалай болжаған? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 10:08

Халық ауа-райын қалай болжаған?

(Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабынан)

Жылан мезгілінде ұйықтамаса – күз ұзақ әрі жылы болады. Ордалы жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен басқа жаққа көше бастаса көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады. Ит ұлыса ? жаманшылық немесе табиғат апатының белгісі. Аяқ-қолы сынған адамдардың сүйегі сырқыраса ауа райы өзгереді. Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады. Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол болып шығады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. Қыста күн құлақтанып шықса суық болады, құлақтанып батса суық сынады. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса күн жылынады деген сөз. Оңтүстіктен ұзақ соққан жел өзгеріп шығыстан соқса, ауа райы жақсарады да, батыстан соқса, ауа райы қатты бұзылады. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының анық белгісі. Қызара батқан күн ? желдің, ашық сары болып батқан күн ? жаңбырдың белгісі. Күн шыжып, тымырсық болса, артынша найзағайды күте бер. Ай қызыл түспен қораланып, әлгі шеңбер кеңейіп жоғалса, келесі күні ашық болады. Осындай екі шеңбер, немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді. Егер ай бұлыңғыр болса ? жаңбырға қарсы, ал ашық түсті ай ? ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Аққу солтүстіктен оңтүстікке қарай кеш қайтса күз әрі ұзақ, әрі жайлы болмақ.

– Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа-райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зәбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе, ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады. Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады. Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыр жауады. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады. Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Жаңбырлы күндері әтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз сынады. Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады. Қаз бен үйректер суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады. Қызылқаз (қоқиқаз) былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса, жаз жаңбырлы болады. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады. Далада көкектің «көк-ек» деген дауысын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады.
Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 8286 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 4.3/23 |
Всего комментариев: 2
2  
керемет

1  
ыстық жаз қыс қандай

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz