Айдан да апат келеді (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Айдан да апат келеді (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 09:48

Айдан да апат келеді

Атам қазақ асапанда қияқтанып ай туғанда соған қарап алақан жайып тұрып «Ей Аллам! жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» - деп бата қылған екен. Иә, мұны мен бала күнімде атамнан да естіген болатынмын. Сол шақта мұның түбінде кереметтей философиялық құпия сырдың жатқандығын қайдан білейін.

Осынау керемет тылсым дүниенің бір ғана бөлшегі болып көрінетін Ай, жарты әлемге әмірін жүргізген атақты патша Александр Македонскийді де қатты састырған деген аңыз бар. Бұл қалай болды дейсіз ғой? Әңгімені әріден бастасақ, осыдан 336 жыл бұрын 20 жасында таққа отырған атақты патша алды-артындағының бәрін түгелдей өз әміріне ғана құл еткізіп күллі әлемге қол созған шақ болатын. Бірде патша Александр (Ескендір Зұлқарнайын) мықты кеме флотын жасақтап атақты Инд өзенінің бойымен Үндістанды жаулап алмақ ниетпен ашық теңізге бет алады. Арада ұзақ уақыт өтіп кемедегі тұшы су мен азық қоры азая бастаған соң кездескен бір аралға кідіруге тура келеді. Аралға жеткен көп кеме зәкірлерін тастап желкендерін жинап, бір тыныстайды. Ал, әскер біткен жағаға шығып азық пен тұшы су іздеуге кірісіп кетеді. Қанша уақыт өткенін кім білсін, әйтеуір кеш қараяр шақта әскерлері ұлы патшаға шығанақтағы теңіз суының қатты толқып аса ірі теңіз толқындарының көтеріліп кеткенін жеткізеді. Мән-жайды білмек болып тездетіп жағалауға жеткен Александр кемелердің бір-бірімен соқтығысып, тіпті, кейбірінің бүйірі де сынып, тақтайларының быт-шыты шығып жатқанын көреді. Ең қызығы мұндай асау толқындар тек дауыл тұрған кездерде ғана аспанға шапшып, дес бермей кетуші еді, бұл жолы жел де дауыл да болмаған. Ештеңеден қорқуды білмейтін қайсар патшаң үрейлене бастайды. Мән жәйдің бабына бармай жатып теңіз бетінде алабұртқан толқындар сап басылып қалады. Енді ғана есін жинап, у-шу басыла бастаған уақытта теңіз суының кері қарай шегіне жөнеледі. Бұл бір таңғажайып құбылысқа патша өз көзімен куә болады. Теңіз шегініп кеткендігі сонша, тіпті, әлгінде бір-бірімен соқтығысып аласұрып жүрген соғыс кемелері қайраңдап тұрып қалады. Тіпті, енді біреулері бір бүйірімен жығылып ішіндегі дүниелер шашылып кетеді. Сонда әлгі кемелер тұрған үлкен алаң шашылған сөмкелер мен қару жараққа толып қалады. Арада біраз уақыт өтіп кеш қарая бастаған шақта ғана теңіз суын қуалап кеткен атты әскерден су қайтып келе жатқандығы туралы хабарын алады. Мұны естіген Александр тәубәсіна келіп сол жерде дереу құрбандық шалып ас берген екен. Александр Македонскийдің басынан өткен бұл бір оқиғаны римдік тарихшы Руф жазып қалдырыпты.

Міне, мұндай тылсым оқиғаның құпиясы неде? Бұл сұраққа, бір түп алма ағашының мәуесінде жатқанда басына алма түсіп кеткен атақты физик Исак Ньютон дәлме дәл жауап берген. Яғни, бір ғана формуланың ішіне сыйып тұрған, "Бүкіл әлемдік тартылыс заңы”.

Аспан әлемінде орыналасқан барлық денелер бір-бірімен тартылыс күші арқылы қозғалып тұрғандығын біз мектеп бағдарламасынан білеміз. Ал, Ай мен Жердің бір-біріне әсерінің осыншама күшті екендігін кез келген адам біле бермеуі мүмкін. Мысалы, бір жыл ішінде Ай жерді 13,5 рет айналып шығады. Осылайша әр күн сайын Ай 52 минутқа кешігіп туып отырады. Сол себепті әр 12 сағат 26 минут сайын Айдың жерді тарту күшінің әсерінен теңіз суы қатты шалқып немесе кейін кетіп отырады екен. Бұл көрініс Шығанақтар мен теңіз қолтықтарында анық байқалады. Мұны кез келген адам өз көзімен бақылап тұруына болады. Айталық теңіз бетінде осындай сәттерде су 1 метрге дейін шалқып көтерілсе шығанақты және сұғымды өңірлерде судың көтерілуі 5-6 тіпті Франциядағы Ла-Маншта 14,7 метр кейде 18 метрге дейін биіктеп кетеді екен.

Мұндай құбылыстардың ең күшті болатын кейбір кездерінде жер бетіндегі топырақтары тіпті жер асты плиталарының өзі он немесе одан да көп сантиметірге көтеріліп кетеді. Міне, осындай құбылыстар кезінде жер асты плитасының осал тұстары морт опырылып қатты жер сілкінісі мен жанар таулар пайда болады. Қазіргі атақты жанартаулар да осынау құбылыстың әсерлі кездерінде де пайда болған деген болжамдар жиі айтылып жүр. Бұл заңдылық Жер планетесындағы ауа-райының да күрт өзгеруіне әкеліп соғады. Кей уақыттарда адамдардың да мінез құлқы мен денсаулығына ықпалы зор болса керек.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл кездерде биік таудың ұшар басында жатқан қар мен мұз қабаттары де қозғалып кетеді. Осыдан кейін таудан қатты екпінмен сырғанаған көшкіннің жылдамдығын да өлшеп қалу мүмкін болмайды. Болжам бойынша әсерлі көшкіннің төмен қарай құлдилау жылдамдығы реактивті ұшақтың жылдамдығымен бара бар келсе керек.

Міне, осы тектес ғалам ғажайыптарының кейбірінің сыры ашылса да адамзат ұғымына әлі де таңсық болып отыр. Ал ата бабамыз осы бір құпияны әлімсақтан-ақ сезгендей күні бұрын алақан жайып, дұға оқыған. Яғни, олар айдан келер апатты күні бұрын сезініп, сақтанудың амалдарын ерте ойластырған екен-ау!

Бердібек Хабайұлы

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 729 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz