Адам неге ауырады? (интернеттен) - Мои файлы - Каталог файлов - Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Дуйсенбаев Еркин САЙТЫ

Меню сайта
Категории каталога
Мои файлы [124]
Наш опрос
Сайтымды калай багалайсыз?
Барлық жауап: 3907
Главная » Файлы » Мои файлы

Адам неге ауырады? (интернеттен)
[ ] 07.03.2010, 09:29

Адам неге ауырады?

Жалған дүниені байлықпен тосып тоқтатамын деу – надандық, оған еш тосқауыл жоқ. Жұрт түрлі қиындықтарды, ауыртпалықтарды бастан кешіру арқылы, азаптардан құтылудың жолын іздестіре бастайды, себебін білуге ұм­тылады. Жалған әлемнің ішінен өзіңді тауып, бақи әлемге дайындалу керек. Жалған әлемге жабыспай, өз-өзіңді жеңе білсең, өзіңді таба білсең, ертелі-кеш соңынан алаөкпе болып жүгірген материалдық өмір ендігі жерде адамның ізінен өзі жүгіреді.

Пайғамбар: «Менің ібілісім мұсылман болды», – дейді. Ібіліс дегені – нәпсі. Нәпсіні тыймайынша, оны мұсылман қылмайынша, жер бетінде жақсы дүние жасай алмайсың. Нәпсің мұсылман болған кезде ғана жер жүзінде жақсылық орнайды. Біздің жанымыз Алланың демінен жаралған. Міне, осы демнің көзі ашылады да, Құдіретпен түйсікке шығады. Ол түйсікке шыққан кезде адамның ішкі әлемі оянады. Әр адамның ішкі дүниесінде үш мил­лиард ақпарат бар. Ол ақпарат Жебірейіл періштемен байланысқан. Бүкіл ақпарат адамның кеңірдегі мен кіндігінің арасында орын тепкен. Сонда Құрандағы барлық ақпарат адамның денесінде бар. Бұл Құранның ішкі ақпараты. Ал оның сыртқы ақпараты отыз мың екен. Бұл Мұхаммед пайғамбар байланысқан. Құранның 114 сүресі, 6666 аяты бар, ол осы отыз парадан тұрады. Пара деген – екеу деген сөз, бұл біз ойлағандай орыс сөзі емес. Адам ата мен Хауа ана салып кеткен жұп мағынасы. Адамның бойында жоғарыда айтып өткен энергия мен ақпарлар таусылса, адам ауруға ұшырайды. Бүгінде жер бетіндегі адамдардың 80-90 пайызы ауру. Бірақ ол біз ойлағандай, медициналық тән ауруы емес, рухани аурулар. Егер кез-келген адам бұл кеселден құтылғысы келсе, адам миы­на Алланың жіберген ақпараттарын толтырып отырған абзал. Ғибадат – кеселден құтылудың бастамасы. Содан адамның санасына саңылау түсіп, ашылады, ішкі ағзалары оянады, нәпсінің көзі сыпырылады. Адам күн сайын: «Неге мен біреуді қорлап, зорлап, пара алып жатырмын?» – деп іштей қайталап жүрсе, өзін-өзі емдеп жатқаны. Бірақ бұл әдістеменің кең таралуына кедергілер көп. Өйткені мынау тәккапар әлем ол әдістемені жібергісі келмейді. Нәпсінің шоқтығы – тәккапарлық. «Ібіліснама» деген кітапта шайтан: «Мен мың ғалымды қас-қағым сәтте тәкаппарлық етіп жібере аламын, бір қойшыға әлім келмейді», – дейді. Қойшы – білімсіз болса да, тақуа жолындағы адам. Осындай адамдар әлемдегі тепе-тең­дікті сақтап тұр. Мұндай адамдар Құдай үшін жан қинайды. Таза адамдар бүкіл әлемнің ауыртпалығын өзіне тартады. Бүгінде ғалымдардың пайымдауынша, адамзатты апаттан сақтап отырған адамдардың саны 1 пайызды ғана құрайды екен.

Сәбидің денесінен неге хош иіс аңқып тұрады?

Кейбір адамдардың денесінен бұрын сезбеген бір хош иіс шығады. Бұл ненің исі екені белгісіз. Бұл иісті иіскеген сайын иіскегің келеді. Ал кейбір адамдардың денесінен жағымсыз иісті сезгенде, ол кісінің қасына тұрғың кел­мейді. Бұл не? Бір ғана нәрсені білеміз – қоршаған ортаны тазарту үшін күллі өсімдік атаулы оттегі бөліп шығарады емес пе, адамның демі мен денесінен де оттегі шығады. Бұл оттегі кәдімгі ауа емес, Алладан келіп тұратын энергия.

Кез келген адамда энергиялық сәуле (аура) өзімен бірге еріп жүреді, ол сәуле адамның мінез-құлқына, денсау­лығына оның әдет, қылықтарына байланысты. Бұл жөнінде әл-Фараби: «Ғылымдардың шығуы туралы» кіта­бында: «Субстанция энергиясы қалыптасады, түрленеді, нұрланады, өседі, көбейеді, күшейеді, ауырады, өледі», – дейді. Медицинада оны «имоностатус» дейді, ал қазақ оны «аруақ» дейді. Мұның барлығы Аллаға бағынышты нәрселер. Қазақта: «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген сөз бар. Төртеу деген – Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс. Солтүстік – ақыл, ал адам көп дүниені ақылмен шешемін деп ойлайды. Жоқ, ақыл адасады. Адам Аллаға тек иманмен ғана жақындай алады, иманмен ғана бақытты бола алады. Атам қазақ киіз үйдің есігінің үстіне ала арқанды жинап, іліп қояды екен. Кіріп келген кісінің көзі бірден ала арқанға түседі. Бақи әлем мен фани әлемді жалғастырушы байланысы қызметінде көрінген. Демек, үйге кірген ауру, пәле-жаланы, адамдардағы ауыртпалықты жаңағы «ширатылған арқан» белгісі үйге дарытпайды. Ата-анамыз: «Балам, біреудің ала жібін аттама» деген сөзінің төркіні осыдан да шықса керек. Ал Оңтүстік – қанағат, Шығыс – адалдық, егер ішке шындық кірсе, адамдағы без оянады да, әтірде де жоқ, керемет хош иіс шығарады. Батыстан бақ-дәулет келеді. Осы төрт құбыланың да иесі – Алла. Міне, төртеу түгел болса, төбедегі түседі деген сөздің мәні осы. Сонда не түседі? Таупық, хидаят, иман, береке түседі, Алланың аманаты түседі. Ата-бабаларымыздың: «Сүттен аппақ, балдан тәт­ті» деуі осы. Біз ата-бабалардан қал­ған құдіретті сөздердің ішіне кіре алмай жатырмыз. Қазақтың әр мақалының әр сөзінің Құранмен байланысы бар.

Ал енді осының бәрі біздің ағзамызбен байланыста, ал ағза дегеніңіз – энергетикалық нүктелер. Біздің жасаған әрбір қателік, күнәміз бен кінә­мізден жаңағы нүктелер жабылып қалады. Сөйтеміз де ауырамыз. Алла адамды қайта тірілту үшін жаратады, Өзін есіне алсын деп ауыртады, Өзінен қорықсын деп өлтіреді.

Дайындаған – Ержан БАЛАТАЙҰЛЫ.

Категория: Мои файлы | Добавил: erkin_64
Просмотров: 1656 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Приветствую Вас Гость

Поиск
Друзья сайта
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Copyright MyCorp © 2016
Сделать бесплатный сайт с uCoz